lack [læk] A.n 1. ~ (of sth) тапшы, жетіспейтін, жарымаған, кем (syn: dearth, shortage) ¨a lack of food/money/skills – тамақтың/ақшаның/шеберліктің жетіспеушілігі/кемдігі ¨The trip was cancelled through lack of interest. – Ешкім онша қызықпағандықтан/қызықпағаннан саяхатты болдырмады/болғызбады. ¨There was no lack of volunteers. – Ерікті/Волонтер болуға құлшынғандар аз болмады. ¨She showed a distinct lack of enthusiasm for the idea of becoming a mother. – Ана болу туралы ойға құлқының жоқтығы анық көрінді. 2. (idm) *not for want/lack of trying сәтсіз болса да/ табысқа жете алмаса да, аянбады/ барын салды ¨They haven't won a game yet, but it isn't for want of trying. – Олар әлі бір де ойын ұтпағанымен, аянбай ойнап жүр. ¨They lost the game, but not for lack of trying. – Олар ұтылғанымен, аянбады/ барын салып айқасты. B.v ~ sth 1.жетіспеу, тапшы, кем болу, жарымау ¨Some houses still lack basic amenities such as bathrooms. – Кейбір үйлерде әлі күнге дейін жуынатын бөлме сияқты ең бастапқы қажеттер жоқ. ¨He lacks confidence. – Оған өзіне деген сенім жетіспейді/Ол жүрексініп тұрады. ¨She has the determination that her brother lacks. – Онда (ол қызда) бауырына жетпей жүрген өжеттік бар. 2. (idm) *lack (for) nothing (formal) қажет нәрсенің бәрі болу, бәрі жеткілікті болу ¨As the only child of wealthy parents, he lacked for nothing. – Дәулетті ата-ананың жалғыз баласы болғандықтан онда бәрі болды/ол ешнәрседен қыжалат болмады.