land [lænd] A.n 1.жер, құрғақ жер, құрлық ¨It was good to be back on land. – Жерге қайта оралған жақсы екен/болды. ¨We made the journey by land, though flying would have been cheaper. – Ұшқан арзан болса да жолмен жүріп жеттік. ¨In the distance the crew sighted land. – Алыстан экипаж жерді/құрлықты көзі шалды. ¨The elephant is the largest living land animal. – Піл – жерде/құрлықта тіршілік ететін ең ірі аң/жануар. 2.жер, алап, тұс, алқап, аңғар (also ~s) (syn: terrain) ¨fertile/arid/stony land – құнарлы/қуаң/тастақ жер/алап ¨flat/undulating/ hilly land – жазық/қырқа-қырқа/шоқылы жер ¨agricultural/arable/industrial land – ауыл шаруашылығы/суармалы алқап /өндіріс аймағы ¨The land was very dry and hard after the long, hot summer. – Ұзақ, ыстық жаздан соң жер өте құрғақ әрі қатты еді. ¨The land rose to the east. – Шығысқа қарай жер/аңғар биіктей түсті. ¨a piece of waste/derelict land – азып-тозған жер ¨Some of the country's richest grazing lands are in these valleys. – Елдің ең шұрайлы жайылымдарының кейбіреуі осы алқаптарда. 3. (also formal ~s) (біреудің иелігіндегі) жер ¨The price of land is rising rapidly. – Жер(дің) бағасы тез/қауырт өсуде. ¨During the war their lands were occupied by the enemy. – Соғыс кезінде олардың жерлерін жау басып алды. 4.ауылды аймақ, ауыл ¨At the beginning of the 20th century almost a third of the population lived off the land. – ХХ ғасырдың басында тұрғындардың үштен бірі дерлік өз азығын өзі өсірген. ¨Many people leave the land to find work in towns and cities. – Көптеген кісілер күнкөріс үшін ауылдан кенттер мен қалаларға кетеді. 5. (literary) жер, ел, мемлекет, өлке ¨She longed to return to her native land. – Ол оралғысы келіп туған жерін/елін аңсады. ¨They dreamed of travelling to foreign lands. – Ол шет жерлерге/елдерге/өлкелерге саяхаттауды армандады. ¨America is the land of freedom and opportunity. – Америка – бостандық пен мүмкіндіктер жері/елі. 6. (idm) *in the land of the living (often humorous) ояу, сергек; аман-сау ¨I'm glad to see you're back in the land of the living. We were worried about you. – Сені/Сізді аман-есен көруге қуаныштымын. Сені/Сізді ойлап уайымдағанбыз. ¨By lunchtime I'd returned to the land of the living. – Түске қарай өз-өзіме келдім. *the land of milk and honey «сүт пен бал жері», молшылық жері ¨He dreamed of emigrating to Canada - the land of milk and honey. – Ол Канадаға – рахат тұрмыс жеріне – қоныс аударсам деп армандады. *in the land of Nod (old-fashioned, humorous) ұйықтаған, ұйқыдағы ¨Pete and Jo were still in the land of Nod, so I went out for a walk in the morning sunshine. – Пит пен Джо әлі ұйқыға батып жатқан еді, сондықтан таңертеңгісін күн шыға жаяу жүріп қайттым. *see, etc how the land lies (BrE) әліптің артын бағу, жағдайға көз жеткізу ¨Let's wait and see how the land lies before we do anything. – Ешнәрсе істемес бұрын алдымен бәрін бақылап алайық. B.v 1. (ұшып келіп) қону, қондыру (opp: take off) ¨The plane landed safely. – Ұшақ аман-есен қонды. ¨A fly landed on his nose. – Шыбын оның мұрнына қонды. ¨The pilot landed the plane safely. – Ұшқыш ұшақты аман-есен қондырды. ¨We shall be landing shortly. Please fasten your seatbelts. – Біраздан кейін қонамыз. Белдіктеріңізді тағыңыздар. ¨They were the first men to land on the moon. – Олар Айға қонған алғашқы адамдар болды. ¨The troops were landed by helicopter. – Әскерлер вертолетпен келіп түсті/қонды. 2. (қайықпен, тсс) жағаға жету/келу, келіп тоқтау ¨The troops landed at dawn. – Әскерлер таң ата келіп түсті/жетті. ¨The ferry is due to land at 3 o'clock. – Паром/Сал сағат үште келуі тиіс. 3. (биіктен) құлап түсу, құлау ¨I fell and landed heavily at the bottom of the stairs. – Жығылып, басқыштың түбіне құладым. ¨A large stone landed right beside him. – Дәл қасына дәу/үлкен тас құлап түсті. 4.келіп түсу, жету ¨Why do complaints always land on my desk? – Шағымдар неге ылғи менің столыма келіп түсіп/қонып жатады? 5. (informal) қолға түсіру/қондыру, қолы жету ¨~ sth He's just landed a starring role in Spielberg's next movie. – Ол енді/осы ғана Спилбергтің келесі фильміндегі «жұлдызды» рөлді қолға түсірді. ¨~ sb/yourself sth She's just landed herself a company directorship. – Ол осы ғана компания директоры болып орналасты. 6. ~ sth балық ұстау 7. (idm) *land a blow, punch, etc. (ұрып) қонжиту, соғу ¨She landed a punch on his chin. – Ол оны иегінен қонжитты/перді. 8. (phr v) *land in sth | land sb/yourself in sth (informal) қиын жағдайға тап болу, ұшырау, душар болу ¨She was arrested and landed in court. – Ол ұсталып, соттан бір-ақ шықты. ¨His hot temper has landed him in trouble before. – Оның қызу қандылығы бұрын өзін пәлеге ұрындырған. ¨Now you've really landed me in it! – Енді мені шынымен де ұрындырдың/қиын жағдайға душар еттің! *land up in, at… (informal) жету, тап болу, ұшырау (syn: end up) ¨We travelled around for a while and landed up in Seattle. – Біршама уақыт кезгеннен кейін барып Сиэтлден шықтық. ¨He landed up in a ditch after he lost control of his car. – Машинасына ие бола алмағаннан кейін барып ол жол жиегіндегі жырадан бір-ақ шықты. ¨Careful - you don't want to land up in hospital. – Байқа – ауруханадан бір-ақ шыққың келмейді ғой. ¨We landed up in a bar at 3 am. – Таңғы 3-те бардан бір-ақ шықтық. ¨Be careful that you don’t land up in serious debt. – Қарызға белшеңнен батып жүрме. ¨I landed up with five broken ribs. – Қабырғамның бесеуі сынып тындым. *land sb/yourself with sth/sb (informal) тап болу, кезігу, ұшырасу ¨As usual, I got landed with all the boring jobs. – Әдеттегідей, зеріктіретін жұмыстың бәрі маған тап келді.