landing [ˈlændɪŋ] n 1. (басқыш марштарының/тізбектерінің арасындағы) басқыш/баспалдақ алаңқайы (лестничная площадка) ¨Go up to the first-floor landing and it's the door on the right. – Екінші қабат/этаждағы басқыш алаңына көтерілсеңіз, оң жақтағы бірінші есік. 2. (ұшақты, ғарыш аппаратын) қондыру, қонғызу (opp: take-off) ¨a perfect/smooth/safe landing – шебер/жұмсақ/аман қонғызу ¨the first Apollo moon landing – Аполлонның алғашқы рет Айға қонуы ¨The pilot was forced to make an emergency landing. – Ұшқыш төтенше жағдайда/тосын қонуға мәжбүр болды. ¨a landing site – қондыру/қону алаңы, қон(дыр)атын тұс 3. (жаудың қарамағындағы аймаққа) әскер алып кіру, жеткізу 4. (BrE also ~ stage) (су жағасындағы жолаушылар мінетін, жүк түсіретін) платформа, айлақ (syn: jetty)