lap [læp] A.n 1. (отырғандағы) тізенің үсті ¨There's only one seat so you'll have to sit on my lap. – Бұнда бір ғана орын бар, сондықтан тіземе отыруың керек. ¨She sat with her hands in her lap. – Ол қолдарын тізесіне қоя отырды. 2. (стадиондағы жүгіретін шеңберді бір айнала жүгіріп өткендегі) айналым ¨the fastest lap on record – ресми тіркелген ең жылдам айналым/рекордтық айналым ¨She has completed six laps. – Ол алты айналымды бітірді/аяқтады. ¨He was overtaken on the final lap. – Одан соңғы айналымда озды. ¨to do a lap of honour – «құрмет айналымын жасау» (жеңген атлеттің стадион ішін айнала қуана жүгіруі) ¨(NAmE) to do a victory lap – «жеңіс айналымын жасау» (жеңген атлеттің стадион ішін айнала қуана жүгіруі) 3.кезең, бөлік ¨They're off on the first lap of their round-the-world tour. – Олар өздерінің дүниежүзілік саяхатының бірінші кезеңінде. ¨We've nearly finished. We're on the last lap. – Бітірейік деп қалдық. Соңғы бөлігіндеміз. 4. (idm) *drop/dump sth in sb's lap (informal) жауапкершілікті басқа біреуге ысыру/итеру ¨They dropped the problem firmly back in my lap. – Проблеманы олар мүлде маған ысырды/ысыра салды. *sth drops/falls into sb's lap «біреудің алақанына түсу», қалаған нәрсесіне қиындықсыз жету ¨My dream job just fell into my lap. – Армандаған жұмысым алақаныма өзінен-өзі келіп түсті. *in the lap of the gods «құдайдың қолында, құдай біледі», не болатынын уақыт, жағдай көрсетеді *in the lap of luxury рахатшылықта, үлде мен бүлдеге бөленген ¨We spent two weeks in the hotel living in the lap of luxury. – Біз екі апта қонақ үйде, рахатшылықта тұрдық. B.v (-pp-) 1. (су ж) шалпылдау, шалпылдай соғылу ¨The waves lapped around our feet. – Толқындар табанымызға шалпылдай жанасып жатты. ¨the sound of water lapping against the boat – қайыққа шалпылдай соғылған су дыбысы 2. ~ sth (аңдар ж) жалап ішу, жалағыштау 3. ~ sb (жүгіруде) бір не бірнеше айналымға озу ¨She had already lapped most of the other runners. – Ол көптеген жүгірушілерді шаңына ілестірмей кеткен еді. 4. (phr v) *lap sth up a) (informal) (не болса да) қуана қабыл алу, қызығын көру ¨It's a terrible movie but audiences everywhere are lapping it up. – Бұл – сұмдық фильм, алайда көрермендер барлық жерде қызыға көруде. ¨The humour was lapped up by an appreciative crowd. – Риза жұртқа әзіл майдай жақты. ¨She simply lapped up all the compliments. – Ол мақтау сөздерге тегіс риза болды. b) іше салу, жұта салу ¨The calf lapped up the bucket of milk. – Бұзау шелектегі сүтті ішіп алды.