lapse [læps] A.n 1.мүдіріс, мүдіру, жаңылу, жаңылыс (байқамай не ұмытып қателесу); шалыс басу, жаза басу; байқамай қалушылық, ойдың бөлініп кетуі, назардың ауып кетуі; ағаттық, жаңсақтық; мәңгіру, мәңгіріс, мең-зеңдік ¨a lapse of concentration/memory – ойының (назарының) бөлініп кетуі/жаңылып қалу ¨A momentary lapse in the final stage cost her the match. – Соңғы кезеңде сәл шалыс басқаны/мүдіргені/сәл байқамағаны жеңіліске ұшаратты/Соңғы кезеңде қателесіп қалып/жаза басып жеңіліске ұшырады. ¨Despite the occasional lapse, this was a fine performance by the young saxophonist. – Анда-санда сәл мүдіргені болмаса, бұл жас саксофонистің тамаша өнер көрсетуі болды. ¨a defensive lapse – қорғаныста қателесіп қалу/жаза басу/шалыс басу ¨lapses in security – қауіпсіздік жүйесіндегі жаңсақтықтар ¨a lapse of judgement – пайым мүдірісі/ойлағанда қате жіберу ¨After taking the drug, several patients suffered memory lapses. – Бұл дәріні ішкеннен кейін бірнеше науқас/пациент мәңгіріп/мең-зең болып қалды. 2. (екі кезең арасындағы) аралық, үзіліс, кідіріс (syn: interval) ¨After a lapse of six months we met up again. – Алты ай үзілістен соң қайтадан кездестік. ¨He wrote to us after a considerable lapse of time. – Ол біршама уақыт өткеннен соң бізге хат жазды. 3. ағаттық, жаңсақтық ¨ethical lapses – этикалық ағаттықтар/мүдірістер B.v 1. (контракттың, келісімнің) мерзімі өту, аяқталу, күні өту ¨She had allowed her membership to lapse. – Ол өзінің мүшелігінің мерзімін өткізіп жіберді/Оның мүшелігінің мерзімі аяқталды. ¨The treaty lapsed in 1995. – (Бұл) шарттің мерзімі 1995 жылы аяқталған. ¨Your booking will automatically lapse unless you confirm it. – Заказыңызды растамасаңыз өздігінен мерзімі бітеді. 2.біту, аяқталу, күні өту (syn: expire) ¨His concentration lapsed after a few minutes. – Бірнеше минуттан соң оның назары шашырай бастады. ¨This custom had lapsed over the years. – Бұл дәстүр жылдар өте ұмытылды. 3. ~ (from sth) өз дініне сенімін жоғалту; өз дінін ұстамау ¨those people who have lapsed from the practice of their religion – өз діндерін ұстанбайтындар 4. (phr v) *lapse into sth a) баяу нашарлау, жаман күйге өту ¨to lapse into unconsciousness/a coma – ессіздікке/комаға түсу ¨She lapsed into silence again. – Ол қайтадан үнсіз қалды. b) теріс әдетке, қылыққа ойысу, көшу ¨He soon lapsed back into his old ways. – Біраздан соң ол өзінің теріс әдетіне қайта басты.