lash [læʃ] A.v 1.ұру, соғу, сабалау, салу (syn: pound) ¨The rain lashed at the windows. – Жаңбыр терезелерді ұрғылады/сабалады. ¨Branches lashed at my face. – Бұтақтар бетіме сақ ете тиді/бетімді салып қалды. ¨~ sth Huge waves lashed the shore. – Аса ірі толқындар жағаға соқтықты/жағаны сабалады. 2. ~ sb/sth (қамшымен, таяқпен, тсс) ұру, соғу, салу, шықпырту (syn: beat) 3. ~ sb/sth ащы сынау, сөгу (syn: attack) 4. ~ sth арқанмен шанду, біріктіре байлау, шанди байлау ¨Several logs had been lashed together to make a raft. – Бірнеше бөренені сал жасау үшін матастырып байлады. ¨During the storm everything on deck had to be lashed down. – Дауыл кезінде палубадағы әр нәрсені байлап тастауға тура келді. 5. ~ (sth) (жануардың құйрығы ж) сабалау, салғылау, бұлғаңда(т)у ¨The crocodile's tail was lashing furiously from side to side. – Крокодил құйрығын бір шеттен бір шетке сабалады. 6. (phr v) *lash out (at sb/sth) a) (біреуді) салып жібермек/қалмақ болу, қол сермеу ¨She suddenly lashed out at the boy. – Ол кенет балаға қолын сермеп қалды. b) ащы сынау, сөгу, шүйлігу ¨In a bitter article he lashed out at his critics. – Ащы жазылған мақалада ол өзінің сыншыларына шүйлігеді. *lash out on sth (BrE, informal) көп ақша жұмсау B.n 1. = eyelash ¨her long dark lashes – оның ұзын қара кірпіктері 2. (қамшымен) сабау, салу, шықпырту ¨They each received 20 lashes for stealing. – Ұрлағаны үшін оларға 20 дүре соғылды. ¨(figurative) to feel the lash of sb's tongue – біреудің ащы тілінің өткенін сезу 3.қамшының өрімі ¨The lash struck him across the back. – Қамшының өрімі арқасын осып өтті.