last 1 [ lɑːst] A.det 1.соңғы, шеткі, аяққы, артқы, ең кейінгі ¨We caught the last bus home. – Үйге қайтатын соңғы автобусқа міндік. ¨It's the last house on the left. – Ол сол жақтағы соңғы/аяққы/артқы үй. ¨She was last to arrive. – Ол ең соңынан/артынан келді. 2.өткен(дегі), соңғы, кейінгі, жуырдағы, жуықтағы, ана кездегі ¨last night/Tuesday/month/summer/year – өткен түні/сейсенбі/жаз/жылы ¨her last book – оның кейінгі/соңғы шыққан кітабы ¨This last point is crucial. – Соңғы пікір – маңызды. ¨The last time I saw him was in May. – Оны соңғы рет мамырда көргенмін. 3.ақырғы, ақтық, (ең) соңғы (syn: final) ¨This is our last bottle of water. – Бұл біздің ең соңғы шөлмек/бөтелке суымыз. ¨He knew this was his last hope of winning. – Бұл өзінің жеңіске жететін ақырғы/ең соңғы үміті екенін білді. ¨I wouldn't marry you if you were the last person on earth! – Бұл дүниедегі ең ақырғы адам болсаң да саған үйленбеспін! 4.мүлде керек/лайықты емес кісі/нәрсе ¨The last thing she needed was more work. – Қосымша жұмыс оған мүлде керек емес еді. ¨He's the last person I'd trust with a secret. – Оған ешқашан ешнәрсе тіс жарып айтпас едім. ¨Money was the last thing I cared about right now. – Қазір маған керегі тіпті де ақша емес. 5. (idm) *be on your/its last legs өлуге жақын болу; ісі тоқтайын деу; өте әлсіз не жаман халде болу *the day, week, month, etc. before last бұрнағы, алдыңғы күні, аптада, айда ¨I haven't seen him since the summer before last. – Алдыңғы/Бұрнағы жаздан бері оны көрмедім/көрген жоқпын. ¨I haven’t slept much since the night before last. – Алдыңғы түннен бері көп ұйықтамадым. ¨I sent the letter off the week before last. – Хатты алдыңғы аптада жіберге(н)мін. *every last… әр кісі не әр зат, бәрі, барлығы ¨We spent every last penny we had on the house. – Осы үй үшін соңғы тиынымызға дейін жұмсадық. *have the last laugh «соңынан күлу», айласын асыру, сан соқтырып кету *in the last resort cоңғы амал, ақтық шара (syn: at a pinch) ¨In the last resort we can always walk home. – Тіпті болмаса, үйге кетеміз де қаламыз. *your/the last gasp ақтық, соңғы «демі», шарасы *the last minute/moment соңғы сәт ¨They changed the plans at the last minute. – Олар жоспарын соңғы сәтте өзгертті. ¨Don't leave your decision to the last moment. – Не шешетініңді/Ұйғарымыңды соңғы сәтке дейін қалдырма. *a/your last resort соңғы амал, ақтық шара ¨I've tried everyone else and now you're my last resort. – Бәрімен де сөйлесіп көрдім, енді ақтық үмітім/амалым өзіңсің. *the last word (in sth) ең соңғы сәнді, жетілген нәрсе ¨These apartments are the last word in luxury. – Бұл апартаменттер/пәтерлер - рахат тұрмыстың соңғы үлгісі. B.adv 1.соңынан, соңында, ақыры, артынан, артында, ең кейін ¨He came last in the race. – Жарыста ол ең соңы болып келді. ¨They arrived last of all. – Олар бәрінің соңынан келді. 2.ең таяудағы, соңғы рет/кез ¨When did you see him last? – Ең соңғы рет оны қашан көрдің? ¨I saw him last/I last saw him in New York two years ago. – Оны соңғы рет екі жыл бұрын Нью-Йоркте көргенмін. ¨They last won the cup in 2006. – Олар соңғы рет кубокты 2006 жылы ұтқан болатын. 3. (idm) *last but not least «соңғысы, бірақ шеткісі емес», соңынан айтылғанмен/айтылса да маңызды, сондай-ақ, сонымен қатар ¨Last but not least, I'd like to thank all the catering staff. – Сондай-ақ, осы дастарханды әзірлеген қызметкерлерге рахметімді айтқым келеді. ¨I would like to thank my publisher, my editor, and, last but not least, my husband. – Баспагеріме, редакторыма, сонымен қатар, күйеуіме рахметімді айтқым келеді. ¨Last but not least, let me introduce Jane, our new secretary. – Ал енді жаңа секретарымыз/хатшымыз Джейнмен таныстырайын. *last in, first out жұмыста қысқартулар болғанда жұмысқа соңғы алынғандар алғашқылардың бірі болып қысқартылатын принцип C.n 1.the ~ (pl the ~) a) ең соңғы ¨Sorry I'm late - am I the last? – Кешіккеніме ғафу өтінемін – ең соңы мен бе? ¨They were the last to arrive. – Ең соңынан келген солар болды. b) ~ of sth ең соңғы, ең ақырғы ¨These are the last of our apples. – Қалған соңғы алмаларымыз осы. 2. (idm) *at (long) last aқыры, ақырында, ақыр аяғында/соңында, әйтеуір (syn: finally) ¨At last we're home! – Ақыры/Әйтеуір үйге жеттік-ау! ¨At long last the cheque arrived. – Ақыры(нда) чек келді. ¨At last it was time to leave. – Ақыры кететін уақыт болды. *hear/see the last of sb/sth біреуді/бірн-ні соңғы рет есту/көру ¨That was the last I ever saw of her. – Оны соңғы рет көрген кезім сол болды. ¨Unfortunately, I don't think we've heard the last of this affair. – Өкінішке орай, біз бұл істің соңын естідік деп ойламаймын/бұл мәселе бітті деп ойламаймын. *the last I heard соңғы рет/кезде естігенде ¨The last I heard he was still working at the garage. – Соңғы рет естігенде ол әлі гаражда жұмыс істеп жүрген болатын. *next/second to last (BrE also last but one) ең соңғысының алдындағы, ең соңғысынан бұрынғы ¨She finished second to last. – Ол ең соңғысынан бұрын келді. *to/till the last ең соңына/ақырына дейін, ең соңғы сәтке дейін ¨He died protesting his innocence to the last. – Ол өлгенше кінәсізбін деп өтті. D.v 1.созылу, жалғасу ¨The meeting only lasted (for) a few minutes. – Кездесу бірнеше минут қана жалғасты. ¨Each game lasts about an hour. – Әр ойын шамамен бір сағат жалғасады. ¨How long does the play last? – Ойын қанша уақыт жалғасады. 2.жалғасу, созылу; шыдау, төзу ¨This weather won't last. – Мына ауа райы көпке созылмайды. ¨He's making a big effort now, and I hope it lasts. – Ол қазір аянбауда, сондықтан бұл сәтті болар деп үміттенемін. ¨~ sb These shoes should last you till next year. – Мына аяқ киім келесі жылға дейін шыдауы керек. 3.шыдау, төзу, төтеп беру, тұрақтау ¨She won't last long in that job. – Ол ана жұмыста ұзақ тұрақтамайды. ¨~ (out) Can you last (out) until I can get help? – Мен жәрдем әкелгенше шыдай аласың ба? ¨~ (out) sth Doctors say that she probably won't last out the night. – Дәрігерлер ол таң атқанша шыдамас (өліп кетер) дейді. ¨He was injured early on and didn't last the match. – Ол ерте жарақаттанып, матчта көп шыдамады. 4. (белгілі бір уақытқа дейін) жеткілікті болу, жету ¨~ (out) Will the coffee last out till next week? – Кофе келесі аптаға дейін жете(ді) ме? ¨~ sb (out) We've got enough food to last us (for) three days. – Үш күнге жетерлік азығымыз бар.
last 2 [lɑːst] n етік қалыбы (аяқтың табаны пішінді, аяқ киім жасағанда не жөндегенде пайдаланылатын темір не ағаш зат)