late [leɪt] A.adj 1.кеш, кешкі, кейінгі (opp: early) ¨in the late afternoon – құлама бесінде/түс ауған кезде ¨in late summer – жаздың соңына таман ¨She married in her late twenties. – Ол жиырмасының аяғында/отызға таяу үйленді. ¨In later life he started playing golf. – Ол гольфты кеш/біраз жасқа келгенде бастады. ¨The school was built in the late 1970s. – Мектеп 1970 жылдардың аяғында салынған. ¨a late Victorian house – Виктория заманының/дәуірінің соңғы кездерінде салынған үй ¨his late plays – оның кешкі пьесалары ¨a late goal – матч бітетін кездегі гол ¨The concert was cancelled at a very late stage. – Концертті жақындаған кезде болғызбай тастады. 2.кешіккен, кешеуілдеген, кеш қалған/болған (opp: early) ¨I'm sorry I'm late. – Кешіккеніме ғафу етіңіз. ¨She's late for work every day. – Ол жұмысқа күнде кешігіп келеді. ¨My flight was an hour late. – Рейсім бір сағатқа кешікті. ¨We apologize for the late arrival of this train. – Бұл пойыздың кеш келгені үшін кешірім өтінеміз. ¨Because of the cold weather the crops are later this year. – Суық болғандықтан астық/дәнді дақылдар кешірек піседі. ¨Interest will be charged for late payment. – Кеш төлегені үшін айып салынады. ¨Here is a late news flash. – Міне соңғы жаңалықтарр/хабарлар. ¨Some children are very late developers. – Кейбір балалар өте кеш жетіледі. 3.кеш, кешке жақын (opp: early) ¨Let's go home - it's getting late. – Үйге қайтайық – кеш болып бара жатыр. ¨Look at the time - it's much later than I thought. – Уақытқа қара – мүлде кеш болыпты ғой. ¨What are you doing up at this late hour? – Мына кештің бір уағында/уақтысында не істеп жүрсің? ¨What is the latest time I can have an appointment? – Ең кешкі қай уақытқа (кездесуге) жазыла аламын? ¨I've had too many late nights recently. – Соңғы кездері тым кеш жатып жүрдім. 4. (formal) марқұм ¨her late husband – оның марқұм күйеуі ¨the late Paul Newman – марқұм Пол Нюмән 5. (idm) *be too late өте кеш болу, уақтын өткізіп алу ¨It's too late to save her now. – Оны құтқаруға енді тым кеш. ¨Buy now before it's too late. – Тым кеш болмай тұрып бұны сатып ал(ғын). ¨I'm afraid you're too late to apply for the job. – Жұмыс іздеп тым кеш келдіңіз-ау. ¨The doctors did all they could, but it was too late. – Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді, алайда тым кеш еді. B.adv 1.кеш, кешкісін, кешке ¨I got up late. – Кеш тұрдым. ¨Can I stay up late tonight? – Бүгін кеш жатсам бола(ды) ма? ¨She has to work late tomorrow. – Оның ертең кешкісін жұмысы бар. ¨The big stores are open later on Thursdays. – Ірі супермаркеттер бейсенбі күндері кешірек ашылады. ¨She married late. – Ол кеш тұрмыс құрды. ¨The birthday card arrived three days late. – Туған күнмен құттықтау открыткасы/карды үш күн кешігіп келді. 2.кеш, соңына таман ¨late in March/the afternoon – наурыздың соңына таман/түс ауа ¨It happened late last year. – Бұл осы жылдың аяғына қарай болды. ¨As late as the 1950s, tuberculosis was still a fatal illness. - 1950 жылдардың өзінде туберкулез қатерлі ауру болатын. ¨He became an author late in life. – Ол өмірінің соңына қарай кітап шығарды. 3.күннің соңына таман, кешкісін (opp: early) ¨There's a good film on late. – Бүгін кешкісін жақсы фильм болады. ¨Late that evening, there was a knock at the door. – Сол күні кешкісін біреу есік қақты. ¨Share prices fell early on but rose again late in the day. – Акция бағалары ертеңгісін түскенімен, кешке қарай қайта өсті. ¨They worked late into the night to finish the report. – Олар баянатты/баяндаманы тәмамдау үшін түннің бір уағына дейін істеді. 4. (idm) *better late than never (мәтел) ештен де кеш жақсы *late in the day (disapproving) тым кеш ¨He started working hard much too late in the day - he couldn't possibly catch up. – Ол тым бел шеше кірісті – үлгере алмас-ау. *late of… (formal) осы уақытқа дейін пәлен жерде істеген, болған ¨Professor Jones, late of Oxford University – осыған дейін Оксфорд университетінде істеген профессор Джоунс ¨The company's new president is Mark Hughes, late of Chicago. – Компанияның жаңа президенті Чикагодан келген Марк Хьюз. *of late (formal) соңғы кездері, жуықта, жуырда ¨I haven't seen him of late. – Жақында оны көрмедім. ¨The situation has become more confusing of late. – Соңғы кездері жағдай бытысып кетті. *too late тым кеш ¨She's left it too late to apply for the job. – Ол жұмысқа тым кеш өтініш берді. ¨I realized the truth too late. – Шындықты тым кеш ұқтым.