law [lɔː] n 1. (also the ~) заң, заңнама, хұқық, құқық ¨If they entered the building they would be breaking the law. – Әлгі ғимаратқа енсе, онда олардың заңды бұзғаны. ¨In Sweden it is against the law to hit a child. – Швецияда баланы ұрған/ұру заңға қайшы. ¨Defence attorneys can use any means within the law to get their client off. – Қорғаушы адвокаттар өздерінің клиентерін/өздері қорғаған адамды арашалау үшін заң жүзіндегі кез-келген амалды пайдалана алады. ¨British schools are now required by law to publish their exam results. – Британ мектептерінен емтихан нәтижелерін жариялауды заң жүзінде/бойынша талап етеді. ¨The reforms have recently become law. – Осы реформалар жақында заңға айналды. ¨Do not think you are above the law. – Заңнан жоғарымын деп ойлама. ¨the need for better law enforcement – хұқық қорғауды жақсарту қажеттігі ¨(humorous) Kate's word was law in the Brown household. – Браундардың үйінде Кейттің сөзі заң болатын. ¨company/international/tax law – компаниялар туралы заң/халықаралық құқық/салық заңы 2.заң, ереже ¨~ (against sth) the 1996 law against the hiring of illegal immigrants – заңсыз иммигранттарды жұмысқа алмау туралы 1996 жылғы заң ¨~ (on sth) The government has introduced some tough new laws on food hygiene. – Үкімет тамақ гигиенасы жөнінде(гі) қатаң заңдар енгізді. ¨strict gun laws – қару туралы қатаң заңдар ¨a federal/state law – федеральдық заң/штат заңы не мемлекет заңы ¨to pass a law – заң қабылдау/шығару ¨(informal) There ought to be a law against it! – Бұны тыятын заң болуы керек! 3.құқықтану, юриспруденция (заң ғылымы; заңгерлік/юристік кәсіп) ¨Jane is studying law. – Джейн юриспруденцияны оқуда/оқып жүр. ¨(NAmE) He's in law school. – Ол құқықтану мектебінде (университет колледжінде). ¨(BrE) He's at law school. – Ол құқықтану мектебінде (университет колледжінде). ¨What made you go into law? – Заңгерлік қызметке неліктен бардыңыз? ¨a law firm – заңгерлік фирма 4.құқық қорғау жүйесі, полиция ¨Jim is always getting into trouble with the law. – Джим заңды бұзып қиындыққа ұрынып жүреді. ¨She was well known for her brushes with the law. – Ол полицияға ұрынуымен аты шыққан. 5.қағида; ереже ¨the laws of the Church – шіркеу/дін қағидалары ¨The first law of kung fu is to defend yourself. – Куң-фудағы бірінші ереже – өзін қорғау. ¨the laws of cricket – крикет ережелері ¨the laws of war – соғыс ережелері 6.қағида, принцип; ереже ¨moral laws – моральдық қағидалар ¨the unspoken laws of the street – көшенің жазылмаған ережелері 7. (бизнес, табиғат, ғылымдағы) қағида, принцип, заң, ереже (syn: principle) ¨the laws of supply and demand – ұсыныс пен сұраныс заңы ¨the law of gravity – тартылыс заңы ¨the first law of thermodynamics – термодинамиканың бірінші заңы 8. (idm) *be a law unto yourself өзім білемге салу, не істесем де өзім білем деу, еліру ¨Boys of that age are a law unto themselves. – Осы жастағы балалар даңғой келеді. *go to law (BrE) сотқа шағымдану ¨They went to law to get back their property. – Үйлерін/Жылжымайтын мүлкін қайтару үшін олар сотқа арызданды. *law and order құқықтық тәртіп ¨The government struggled to maintain law and order. – Үкімет құқықтық тәртіпті сақтау үшін арпалысты. ¨After the riots, the military was brought in to restore law and order. – Бұзақылықтардан кейін тәртіпті қалпына келтіру үшін әскер әкелінді. ¨They claim to be the party of law and order. – Олар елдегі құқықтық тәртіпті жақтайтын партиямыз дейді. *the law of averages «орташа көрсеткіш принципі/қағидасы» (талпына берсең бірнәрсе шығады дег мағ) ¨Keep applying and by the law of averages you'll get a job sooner or later. – Арыздана/Өтініш жаза бергін; орташа көрсеткіш принципіне сай, ерте ме жоқ кеш пе, әйтеуір (бір) жұмыс табасың. *the law of the jungle «джунгли/ну орман заңы» (ұрдажық орта) ¨These criminal gangs only recognize the law of the jungle. – Бұл қылмыскер топтар тек білек күшін ғана мойындайды. *lay down the law не істеп, не қою керектігін біреуге қатты/қатаң ескерту ¨My dad started laying down the law about what time I should come home. – Әкем маған сағат қаншада үйге оралуым керектігін қатаң ескертті. *take the law into your own hands «заңды өз қолына алу» (полициямен хабарласпай, қылмысты реттеуді өз қолына алу) ¨After a series of burglaries in the area, the police are worried that residents might take the law into their own hands. – Бірнеше мәрте ұрлықтан кейін полиция тұрғындар мәселені өз қолдарына ала ма деп уайымдайды. *there's no law against sth (informal) «бұл заңға қайшы/қарсы емес», заң бұзарлық ешнәрсе істемедім дег мағ ¨I'll sing if I want to - there's no law against it. – Ән салғым келсе саламын – қылмыс емес қой.