lead 1 [liːd] A.v (led, led [led]) 1. (жол) бастау, жол көрсету, алдында жүру; жетектеу ¨If you lead, I'll follow. – Бастасаң(ыз), еремін. ¨~ sb/sth He led us out into the grounds. – Ол бізді төңірекке ертіп шықты. ¨The receptionist led the way to the boardroom. – Ресепшнист/Кезекші бойжеткен бізді мәжіліс залына бастады. ¨She led the horse back into the stable. – Ол атты қайтадан қораға жетектеді. ¨(figurative) I tried to lead the discussion back to the main issue. – Әңгіме желісін басты тақырыпқа қайта бұрғым келді. 2. ~ from/to sth (to/from sth) жалғау, жалғастыру, тарт(ыл)у ¨the pipe leading from the top of the water tank – су контейнерінің/ыдысының үстінен тартылған құбыр ¨The wire led to a speaker. – Сым дыбыс колонкасына/дауыс күшейткішке жалғанған. 3.жетелеу, апару, тарт(ыл)у, созылу ¨A path led up the hill. – Соқпақ төбеге қарай созылып жатты. ¨Which door leads to the yard? – Аулаға қай есікпен/есіктен шығады? ¨~ sb The track led us through a wood. – Ізбен(ен) тоғай арқылы жүрдік. 4. ~ to sth жетелеу, бастау, себепкер, түрткі болу; ұшырату, алып келу, жолықтыру, кезіктіру, душар ету, ұрындыру, соқтықтыру (syn: result in) ¨Eating too much sugar can lead to health problems. – Қантты көп жеген/жеу денсаулық мәселелеріне душар етуі мүмкін. ¨A reward was offered for information leading to an arrest. – Тұтқындауға себепкер болатын дерек/мәлімет үшін сыйақы ұсынылды. ¨~ sb (to sth) What led you to this conclusion? – Бүйтіп ойлауыңа/ой түюіңе не сепкер болды? ¨He's too easily led. – Ол – көнгіш/Ол көне салады. ¨~ sb to do sth This has led scientists to speculate on the existence of other galaxies. – Бұл ғалымдарды басқа да галактикалар болуы керек деген ойға жетеледі. ¨The situation is far worse than we had been led to believe. – Жағдай бізге айтқандай/біз естігендей емес, әлдеқайда асқынған. 5. ~ sth белгілі бір өмір салтын ұстану, белгілі бір күйде өмір сүру, күн көру ¨to lead a quiet life/a life of luxury/a miserable existence – тыныш күн көру/мол тұрмыс кешу/қалт-құлт етіп күнелту 6.ең үздігі, озаты болу ¨~ (sb/sth) (in sth) The department led the world in cancer research. – Бұл бөлім рак ауруын зерттеуден әлемде ең озаты болатын. ¨We lead the way in space technology. – Ғарыш технологиясында ең алдамыз. ¨~ (sb/sth) by sth The champion is leading (her nearest rival) by 18 seconds. – Чемпион 18 секунд алда келеді/келе жатыр. 7. ~ (sth) тізгін қолында болу, бас-көз болу, бақылауында ұстау, жүргізу; бастау, жетелеу, жетекші болу ¨to lead an expedition – экспедицияны бастау ¨to lead a discussion – талқылауға бас-көз болу/талқылауды жүргізу ¨Who will lead the party in the next election? – Келесі сайлауға партияны кім бастап шығады? 8. (карта ойынында) бастау, бірінші болып жүру ¨It's your turn to lead. – Бастайтын кезек өзіңдікі. 9. (idm) *lead smb by the nose «біреуді мұрнынан жетелеу», біреуге дегенін істету *lead sb a (merry) dance (BrE) біреуді әбігерге салу, тыным таптырмау, мазасын алу *lead from the front өзі аянбай істеп басқаларға үлгі болу *lead (sb) nowhere құры тыраштану, бос іспен айналысу ¨This discussion is leading us nowhere. – Талқылаудан еш нәтиже шықпады. *lead sb up/down the garden path біреуге өтірік айту, әдейі алдау, басын қатыру (syn: mislead) 10. (phr v) *lead off (from) sth жетелеу, созылып жату ¨narrow streets leading off from the main square – басты алаңнан тарқайтын/тарайтын тар көшелер *lead off | lead sth off бастау, кірісу ¨Who would like to lead off the debate? – Дебатты/Талқылауды кім(нің) бастағысы келеді? *lead sb on (informal) (жақсы көремін, әдемісің, тсс деп) алдау, басын қатыру ¨He thought she loved him, but in fact she was just leading him on. – Ол (жігіт) оны (қызды) өзін сүйеді деп ойлаған, алайда әлгі қыз жігітті алдап жүрді. *lead up to sth ұластыру, жетелу, бастау ¨the weeks leading up to the exam – емтихан алдындағы апталар ¨the events leading up to the strike – ереуілге ұшыратқан/ұластырған оқиғалар *lead with sth a) (газеттегі, телерадиодағы жаңалықтар ж) басты тақырып болу ¨The ‘Washington Post’ leads with the latest news from Israel. – «Вашингтон пост» газетінің басты тақырыбы – Израильдегі соңғы жаңалықтар. b) (бокста)  оң не сол қолымен шабуыл бастау ¨to  lead with your right/left – оң/сол қолымен шабуылдау B.n 1. the ~ ең алды, ең басы ¨She  took the lead in the second lap. – Екінші айналымда ол алға шықты. ¨He has gone into the lead. – Ол бәрінен озып алға шықты. ¨The Democrats now appear to be in the lead. – Демократтар енді алда келе жатқан сияқты. ¨to hold/lose the lead – ешкімді оздырмау/тізгінді беріп қою (қала бастау) ¨The lead car is now three minutes ahead of the rest of the field. – Алдағы машина енді басқаларынан үш минут алда. 2. ~ (over sb/sth) озған/ұтқан уақыт, қашықтық (syn: advantage) ¨He managed to hold a lead of two seconds over his closest rival. – Ол ізін өкшелеген бәсекелесінен екі секундтық басымдығын сақтай алды. ¨The polls have given Labour a five-point lead. – Сауалнамалар лейбористерге беспункттік басымдық береді. ¨a commanding/comfortable lead – еркін басымдық ¨to increase/widen your lead – оза түсу ¨Manchester lost their early two-goal lead. – Манчестер әуел бастағы екі гол басымдығын жоғалтты. 3.мысал, үлгі ¨If one bank raises interest rates, all the others will follow their lead. – Егер бір банк проценттік ставкасын көтерсе, қалғандары да осыны қайталайды. ¨If we take the lead in this, others may follow. – Бастасақ, басқалары қостайтын шығар. ¨You go first, I'll take my lead from you. – Баста(ңыз), қостаймын. 4. (қылмысты ашуға жәрдемдесетін кез-келген) айғақ, дерек, белгі (syn: clue) ¨The police will follow up all possible  leads. – Полиция кез-келген ықтимал айғаққа көңіл бөлетін болады. 5.басты көрініс, бөлім (пьесаның, фильмнің); басты роль/рөл ¨Who is  playing the lead? – Басты рөлде кім ойнайды? ¨the male/female lead – басты еркек/әйел рөлі ¨a lead role – басты роль ¨the lead singer in a band – топтағы солист/басты әнші 6. (BrE) (also leash) бау (иттің) ¨Dogs must be kept on a lead in the park. – Паркте иттерге бау тағылуы тиіс. 7. (BrE) электр сымы, кабелі, бауы, шнуры

lead 2 [led] n 1. (symb Pb) қорғасын (атомдық номері 82, ауыр, жұмсақ, сұр металл) 2.қарындаштың (жазатын қара) графит өзегі 3. (idm) *go down like a lead balloon (informal) «қорғасын шар сияқты құлау», мүлде жақтырмау ¨My suggestion went down like a lead balloon. – Ұсынысымды ешкім жақтырмады.