leap [liːp] A.v (leapt, leapt [lept]) or (leaped, leaped) 1.қарғу, секіру, ырғу, орғу, ыршу, ытқу ¨A dolphin leapt out of the water. – Дельфин су бетіне ытқи көтерілді. ¨We leapt over the stream. – Жылғадан секіріп өттік. ¨~ sth The horse leapt a five-foot wall. – Ат бір жарым метрлік дуалдан қарғыды. 2.атқи/ытқи/шалт қимылдау, атып тұру, жетіп келу/бару, тсс ¨She leapt out of bed. – Ол төсектен атып тұрды. ¨He leapt across the room to answer the door. – Ол жауап беру үшін есікке атқып/жетіп барды. ¨I leapt to my feet. – Атып/Атқып тұрдым. ¨They leapt into action immediately. – Олар бірден қойып/кірісіп кетті. ¨(figurative) She was quick to leap to my defence. – Ол мені бірден жақтай сөйледі. ¨The photo seemed to leap off the page. – Парақтағы фото көзге атқып/ұрып тұрды. ¨His name leapt out at me. – Оның аты көзіме атқыды/шалынды. 3. ~ (in sth) (from…) (to…) қауырт өсу, шарықтау, ытқу, атқу (syn: shoot up) ¨The shares leapt in value from 476p to close at 536p. – Акция құны 476 пенстен 536-ға бірден атқыды/ытқыды/шарықтады. 4. (idm) *look before you leap (saying) «қарғыр алдында байқа», асықпай жүріп, анық бас 5. (phr v) *leap at sth (мүмкіндікке) жармасу, шап беру (syn: jump at) ¨I leapt at the chance to go to France. – Францияға баратын мүмкіндікке (бірден) жармастым/-ті шап бердім. B.n 1. қарғу(шылық), қарғыс, секіру, секіріс, ырғу, орғу, ыршу, ытқу ¨a leap of six metres – алты метрге қарғу/секіру ¨She took a flying leap and landed on the other side of the stream. – Ол әуелей қарғып барып, жылғаның әр жағына түсті. ¨(figurative) His heart gave a sudden leap when he saw her. – Оның көргенде жүрегі кенет бұлқына бастады. 2. ~ (in sth) күрт ұлғаю, шарықтау, атқу, ытқу ¨a leap in profits – табыстың/кірістің атқуы/күрт өсуі 3. (idm) *by/in leaps and bounds қауырт, тез арада; үйдек-түйдек ¨Her health has improved in leaps and bounds. – Денсаулығы тез арада жақсара бастады. *a leap in the dark «қараңғыдағы секіріс», тәуекелге бару, қауіпке бас тігу ¨I didn't know what the new job would be like - I just took a leap in the dark. – Жаңа жұмыстың қандай болатынын білмедім – әйтеуір қойып/сүңгіп кеттім.