learn [lɜːn] v (learnt, learnt [lɜ:nt]) or (learned, learned) 1.үйрену, оқу ¨~ sth to learn a language/a musical instrument/a skill – тіл/муз-қ аспап/шеберлікке үйрену ¨~ sth from sb/sth I learned a lot from my father. – Әкемнен көп үйрендім. ¨~ sth from doing sth You can learn a great deal just from watching other players. – Басқа ойыншыларға қарап отырып-ақ көп нәрсе үйренсе болады. ¨~ (about sth) She's very keen to learn about Japanese culture. – Ол жапон мәдениеті жайлы үйренуге құштар. ¨The book is about how children learn. – Кітап балалардың қайтіп оқып-үйренетіні жайлы. ¨~ to do sth He's learning to dance. – Ол биге/биді/билеп үйреніп жүр. ¨~ how, what, etc… He's still learning how to dance. – Ол әлі биге үйреніп жүр. ¨Today we learnt how to use the new software. – Бүгін жаңа программаны қалай қолдану керектігін үйрендік. 2.білу, аңғару, хабардар болу, көзі жету; белгілі болу, мәлім болу (syn: discover) ¨~ of/about sth I learnt of her arrival from a close friend. – Оның келгенін бір жақын достан білдім. ¨~ (that)… We were very surprised to learn (that) she had got married again. – Оның тағы үйленгенін білгенде/естігенде аң-таң болдық. ¨~ who, what, etc… We only learned who the new teacher was a few days ago. – Жаңа мұғалімнің кім екенін бірнеше күн бұрын ғана білдік. ¨~ sth How did they react when they learned the news? – Олар жаңалықты білгенде қайтті/не істеді? ¨it is ~ed that… It has been learned that 500 jobs are to be lost at the factory. – Заводтағы 500 жұмыс орнының қысқаратыны мәлім болды. 3. ~ sth жаттау (syn: memorize) ¨We have to learn one of Hamlet's speeches for school tomorrow. – Гамлеттің сөз(дер)інің бірін ертеңгі сабаққа жаттаумыз керек. 4.тәжірибе жинау, үйрену, білу, ұғу, тәлім алу, ысылу ¨~ (from sth) I'm sure she'll learn from her mistakes. – Оның өз қателерінен үйренетініне сенімдімін. ¨~ (that)… He'll just have to learn (that) he can't always have his own way. – Ол ылғи да өз дегенімен жүре алмайтынын ұғуы керек. ¨~ to do sth I soon learned not to ask too many questions. – Көп ұзамай көп сұрақ қоймауға үйрендім/қоймау керектігін ұқтым. 4. (idm) *learn (sth) the hard way өз қателерінен не басынан өткере үйрену *learn your lesson «сабақ алу», басынан қиын оқиға кешіріп үйрену, тәлім алу