least [liːst] A.det, pron 1. (usually the ~) ең аз, ең кем ¨He's the best teacher, even though he has the least experience. – Тәжірибесі ең аз болса да, ол үздік/ең жақсы мұғалім. ¨She never had the least idea what to do about it. – Бұнымен не істеу керектігін ол мүлде білген емес. ¨He gave (the) least of all towards the wedding present. – Үйлену тойына сыйлыққа ең аз берген сол болды. ¨How others see me is the least of my worries. – Басқалардың мен жайлы ойы – мені ең аз толғандыратын мәселе. ¨It's the least I can do to help. – Көмегімнің ең азы - осы. 2. (idm) *at the (very) least ең аз, ең кем ¨It'll take a year, at the very least. – Ең кем дегенде, бұған бір жыл кетеді. *not in the least мүлде, тіпті (де) ¨Really, I'm not in the least tired. – Шынымен де, мен мүлде шаршамадым. ¨‘Do you mind if I put the television on?’ ‘No, not in the least.’ – «Телевизор қоссам қарсы емессіз бе?» «Жоқ, тіпті де». B.adv 1.ең аз, ең кем ¨He always turns up just when you least expect him. – Оның мүлде күтпеген кезде келетін әдеті бар. ¨She chose the least expensive of the hotels. – Ол қонақ үй(лер)дің ең арзанын таңдапты. ¨I never hid the truth, least of all from you. – Шындықты еш жасырған емеспін, ең алдымен сенен. 2. (idm) *at least a) ең азы/кемі, ең аз/кем дегенде, әйтеуір ¨It'll cost at least 500 dollars. – Бұл ең азы/ең аз дегенде 500 доллар тұрады. ¨She must be at least 40. – Ол кем дегенде қырықта шығар. ¨Cut the grass at least once a week in summer. – Жазда шөпті ең кемі аптасына бір рет күзе. ¨I've known her at least as long as you have. – Сен оны қанша білсең, ең азы/әйтеуір мен де сонша білемін. b) не де болса, қайткенде де, сөйтсе де, солай болса да ¨She may be slow but at least she's reliable. – Ол баяу шығар, алайда тыңғылықты. c) не де болса, ең болмаса, қайткенде де, әйтеуір ¨You could at least listen to what he says. – Ең болмаса, оның айтқанына құлақ түрсеңші/айтқанын естісеңші. ¨Well, at least they weren't bored. – Олар, әйтеуір, зерікпеді. d) дегенмен (де), қайткенде де, әйтеуір, сонда да (syn: anyway) ¨They seldom complained - officially at least. – Олар сирек шағымданатын – әйтеуір/не де болса, ресми түрде. ¨It works, at least I think it does. – Бұл істеп тұр, мен сөйтіп ойлаймын, әйтеуір. *not least әсіресе ¨The documentary caused a lot of bad feeling, not least among the workers whose lives it described. – Деректі фильм көптеген дау тудырды, әсіресе тіршіліктері суреттелген жұмысшылар арасында. ¨We had many things to consider, not least the safety of our children. – Көптеген мәселені қарастыруымыз керек, әсіресе балаларымыздың амандығын.