leave [liːv] A.v (left, left [left]) 1. кету ¨Come on, it's time we left. – Жә енді, кететін уақтымыз болды. ¨~ for… The plane leaves for Dallas at 12.35. – Ұшақ Далласқа 12.35-те кетеді/ұшады. ¨~ sth I hate leaving home. – Үйден кеткім келмейді/ кеткенді ұнатпаймын. ¨The plane leaves Heathrow at 12.35. – Ұшақ Хитроудан 12.35-те кетеді. 2. (жұмыстан, орнынан, қызметінен) кету, тастау ¨My secretary has threatened to leave. – Хатшым кетемін/жұмысты тастаймын деп қорқытты. ¨~ sth (BrE) Some children leave school at 16. – Кейбір балалар мектептен 16 жасында кетеді/мектепті 16 жасында бітіреді. 3. ~ sb (for sb) (жұбайынан) кету, тастау, ажырасу ¨She's leaving him for another man. – Ол күйеуінен басқа еркекке кететін болды. 4. қалдыру, (кейінге) қою, қоя тұру, қойып қою ¨~ sth Leave the dishes - I'll do them later. – Ыдыс-аяқты қоя сал/қалдырып қой(ғын) – кейінірек реттеймін. ¨~ sth until… Why do you always leave everything until the last moment? – Неге бәрін ылғи соңғы сәтке дейін қалдырасың? 5. (белгілі жағдайда, күйде) қалдыру, (күйге) түсіру ¨Leave the door open, please. – Есікті ашып қой(ыңыз)шы. ¨The bomb blast left 25 people dead. – Бомба жарылысы 25 адамның өмірін қиды. ¨~ sb/sth doing sth Don't leave her waiting outside in the rain. – Оны тыстағы жауында күттіріп қойма. ¨~ sb/sth to do sth Leave the rice to cook for 20 minutes. – Күрішті пісу үшін жиырма минут (отта) қалдыр/Күріш жиырма минут қалып, піссін. 6. (із, нәтиже, тсс) қалдыру ¨~ sth Red wine leaves a stain. – Қызыл шараптан дақ қалады. ¨~ sb with sth She left me with the impression that she was unhappy with her job. – Ол кеткенде менде ол өзінің жұмысына риза емес деген әсер қалды. ¨~ sb sth I'm afraid you leave me no choice. – Маған басқа амал қалдырмадың-ау деп ойлаймын. 7. be left (артылып) қалу ¨Is there any coffee left? – Кофе қалды ма? ¨~ of sth (figurative) They are fighting to save what is left of their business. – Олар өз кәсібінің қалған-құтқанын/ кәсібінен сау қалғанын аман алып қалайын деп жанталасуда. ¨How many tickets do you have left? – Сенде/Сізде қанша билет қалды? ¨~ to sb The only course of action left to me was to notify her employer. – Бар қалған амалым – оның жұмыс берушісіне хабарлау болды. 8. (затты) қалдырып кету, қалдыру, тастап кету ¨~ sth/sb I've left my bag on the bus. – Сумкамды автобуста қалдырдым/қалдырып кеттім. ¨~ sth/sb behind Don't leave any of your belongings behind. – Соңыңнан/ Артыңнан ешбір затың(ыз)ды қалдырма(ңыз)/тастама(ңыз). ¨He wasn't well, so we had to leave him behind. – Өзін нашар сезінгенсін оны қалдырып кетуімізге тура келді. 9. ~ sth қалу ¨Seven from ten leaves three. – Оннан жетіні алғанда үш қалады. 10. ~ sb (өзі қайтыс болғаннан кейін) қалдыру ¨He leaves a wife and two children. – Оның артынан әйелі мен екі баласы қалды. 11.мұраға қалдыру, мұра ретінде қалдыру (syn: bequeath) ¨~ sth (to sb) She left £1 million to her daughter. – Ол қызына мұраға £1 млн қалдырды. ¨~ sb sth She left her daughter £1 million. - Ол қызына мұраға £1 млн қалдырды. 12. (жауапкершілікті) қалдыру, тастау ¨You can leave the cooking to me. – Тамақ пісіруді маған қалдырсаңыз болады. ¨She left her assistant in charge. – Жауапты етіп ол өз көмекшісін қалдырды. ¨Leave it with me - I'm sure I can sort it out. – Маған қалдырыңыз/табыстаңыз – бұны жайғастыра алармын-ау. ¨‘Where shall we eat?’ ‘I'll leave it entirely (up) to you.’ – «Қайда тамақтанамыз?» «Бұны толығымен өзің біл». ¨They left me with all the clearing up. – Тазалау жұмысының бәрін олар маған қалдырды/тастады. ¨~ sb/sth to do sth I was left to cope on my own. – Маған ешқайсысы қол ұшын берген жоқ. 13. (зат) қалдыру, қалдырып кету, әкеліп тастау, жеткізу ¨~ sth (for sb) Someone left this note for you. –Мына жазбаны біреу саған қалдырып кетті. ¨~ sb sth Someone left you this note. –Мына жазбаны біреу саған қалдырып кетті. 14. (idm) *be left to yourself өзімен-өзі/ жалғыз қалу/ болу ¨I didn’t know anyone in New York, so I was left to myself to explore. – Нью-Йоркте ешкімді білмегендіктен, қаланы өзім араладым. ¨Left to himself, the dog will eat anything and everything. – Өзімен-өзі қалғанда, ит кез-келген нәрсені жейді. *smb can take it or leave it кім не істесе де өзі біледі, бәрібір дег мағ ¨Dancing? I can take it or leave it. – Билеу? Маған бәрібір. *leave smb be (informal) біреуді мазаламау/ жайына қалдыру (syn: leave/let smb alone) ¨Why can’t you stop texting me and just leave me be? – Маған текст-мессаж жібере бергеніңді қойып, неге жайыма қалдырмайсың? *leave go (of sth) (BrE, informal) қоя беру, босату, жіберу (syn: let go) ¨Leave go of my arm - you're hurting me! – Қолымды жіберші – ауыртып жатсың! *leave it at that (informal) осылай қалсын, қала тұрсын/берсін ¨We'll never agree, so let's just leave it at that. – Ешқашан келісе алмаймыз, сондықтан осылай қалсын. *leave it out (BrE, informal) бірнәрсені тоқтат, доғар дег мағ 15.(phr v) *leave sth aside «шетке ысыру», қарастырмау, есепке алмау ¨Leaving the expense aside, do we actually need a second car? – Шығынды есептемегеннің өзінде, бізге шынымен (де) екінші машина керек пе? *leave sb/sth behind a) біреуді/бірн-ні артқа тастау/қалдыру, озу ¨Britain is being left behind in the race for new markets. – Жаңа рыноктарды игеру бәсекесінде Британия артта қалуда. b) қалдыру, тастау, кету ¨She knew that she had left childhood behind. – Ол балалықты/балалық шақты біржола(та) артқа тастағанын ұқты. *leave off (informal) тоқтату, доғару ¨Start reading from where you left off last time. – Өткен жолы тоқтаған тұстан/жерден бастап оқы. ¨~ doing sth He left off playing the piano to answer the door. – Есікке жауап беру үшін пианино ойнауын доғарды/кідіртті. *leave sb/sth off (sth) тізімге, тсс қоспау ¨We left him off the list. – Біз оны тізімге енгізбедік. *leave sb/sth out (of sth) (тізімге, тсс) қоспау, енгізбеу, ескермеу, қалдырып/тастап кету ¨Leave me out of this quarrel, please. – Мына дауға мені араластырмашы. ¨He hadn't been asked to the party and was feeling very left out. – Оны сауық-кешке шақырмаған, сөйтіп шеттетіп тастағандай күй кешуде. ¨She left out an ‘m’ in ‘accommodation’. – Ол ‘accommodation’ сөзінде ‘m’-ді қалдырып/тастап кетіпті. *be left over (from sth) артылып қалу ¨There was lots of food left over. – Көп тамақ артылып қалды. B.n 1. (жұмыстан алған) демалыс, отпуск ¨to take a month's paid/unpaid leave – бір ай төленетін/төленбейтін демалыс алу ¨soldiers home on leave – үйлеріне демалысқа келген солдаттар ¨to be on maternity/study leave – (ауыр аяқ болғандықтан) декретте болу/(оқу үшін) академиялық демалыста болу ¨How much annual leave do you get? – Жыл сайын қанша күн демалыс аласың? 2. (formal) ресми рұхсат ¨to be absent without leave – рұхсатсыз қалу/болмау ¨~ to do sth The court granted him leave to appeal against the sentence. – Сот оған апелляция жасау үшін рұхсат берді. ¨She asked for leave of absence to attend a wedding. – Үйлену тойына бару үшін ол рұхсат сұрады. 3. (idm) *by/with your leave (formal) (сіздің/сенің) рұхсатыңызбен/-ыңмен *take leave of your senses (old-fashioned) албастылану, оғаш мінез-қылық көрсету *take (your) leave (of sb) (formal) қоштасу, сау бол деп кету, қош айтысу ¨With a nod and a smile, she took leave of her friends. – Басын изей, жымия ол достарымен қоштасты. *without a by your leave; without so much as a by your leave (old-fashioned) рұхсат сұрамастан, дөкірлене ¨He walked straight in, without so much as a by your leave. – Ол ай-шай деместен кіріп келді.