leg [ leɡ] A.n 1.аяқ (тобықтан мықынға дейін; тобықтан төмен – foot), сирақ, бұт ¨Sit on the floor, stretching your legs out in front of you. – Аяқтарыңды/Аяғыңды алдыға соза еденге отыр(ыңыз). ¨I broke my leg playing football. – Футбол ойнап жүріп аяғымды сындырдым. ¨How many legs does a centipede have? – Қырықаяқтың (құрт) қанша аяғы бар? ¨front/back legs – алдыңғы/артқы аяқтар ¨fore legs/hind legs – алдыңғы/артқы аяқтар/сирақтар ¨a wooden leg – ағаш аяқ ¨frogs' legs – бақа(ның) бұты/аяқтары ¨chicken legs – тауық бұттары ¨~ of sth roast leg of lamb – тоқтының қақтаған сирағы/аяғы 2.балақ (шалбар-сымның) ¨a trouser/pant leg – сымның балағы ¨These jeans are too long in the leg. – Мына джинсының балағы тым ұзын екен. 3. аяқ (столдың, орындықтың) ¨a chair leg – орындық/кресло аяғы 4. -legged [leɡɪd; leɡd] пәлен аяқты, аяғы бар ¨a three-legged stool – үш аяқты стул/орындық ¨a long-legged insect – ұзын аяқты жәндік 5. ~ (of sth) бөлік (syn: section, stage) ¨The final leg of the trip was by donkey. – Сапардың соңғы бөлігін есекпен жүрді. 6. (BrE) кубоктық ойындардағы өз алаңында және тыста ойнайтын екі ойынның бірі 7. (idm) *break a leg! (informal) жолың болсын! *get your leg over (BrE, informal) жыныс қатынасына түсу *have legs (informal) a) жұрт ұзақ уақыт құлағын түретін әңгіме, оқиға ¨This latest scandal has legs - you'll probably still be reading about it in a year's time. – Мына кейінгі дау біразға созылады – жұрт ол жайлы бір жыл бойы оқитын болады. b) жұмысы, тб ұзақ әрі сәтті болады ¨The business has legs. – Мына бизнес/кәсіп жақсы жүретін болады. *not have a leg to stand on (informal) дәлелдей я түсіндіре алмайтын халде болу ¨Without written evidence, we don't have a leg to stand on. – Жазбаша айғақ болмаса, сөзіміз зая кетеді. B.v (-gg-) (idm) *leg it (informal, especially BrE) қашу ¨We saw the police coming and legged it down the road. – Полицияның келе жатқанын көріп көше бойлай қаша бастадық.