legend [ˈledʒənd] n 1.аңыз, әфсана, миф (syn: myth) ¨the legend of Robin Hood – Робин Гуд туралы аңыз ¨the heroes of Greek legend – грек мифологиясы/аңызы кейіпкерлері ¨Legend has it that the lake was formed by the tears of a god. – Аңыз бойынша, (бұл) көл бір құдайдың (көп құдайдың бірінің) көз жасынан пайда болған. 2. аты аңызға айналған адам, аты аңыз, әйгілі, пір ¨a jazz/tennis legend – джаздың/теннистің пірі/әйгілі майталманы ¨She was a legend in her own lifetime. – Өз заманында ол аты аңызға айналған жан еді. ¨Many of golf's living legends were playing. – Гольф пірлерінің көбі ойнап жатты. ¨a legend in the world of music – музыка әлемінің аңызы/кемеңгері 3. (technical) легенда (картаға, сызбаға берілген түсіндірме сөздер) (syn: key) 4. (formal) (белгідегі, монетадағы, тб) түсіндірме жазба