length [leŋθ] n 1.ұзындық ¨This room is twice the length of the kitchen. – Бұл бөлменің ұзындығы кухняныкінен еке есе көп. ¨The river is 300 miles in length. – Өзеннің ұзындығы 300 миль. ¨The snake usually reaches a length of 100 cm. – Осындай жыланның ұзындығы шамамен 100 см-ге жетеді. ¨He ran the entire length of the beach. – Ол пляжды бір шетінен екінші шетіне жүгіріп өтті. ¨Did you see the length of his hair? – Оның шашының ұзындығын көрдің бе? ¨a length of rope/string/wire – арқан(ның)/жіп(тің)/сым темір(дің) ұзындығы ¨timber sold in lengths of 2, 5 or 10 metres – 2, 5 не 10 метр ұзындықпен сатылған/сатылатын ағаш 2.ұзақ ¨We discussed shortening the length of the course. – Біз курсты қысқарту мәселесін талқыладық. ¨He was disgusted at the length of time he had to wait. – Ол өзінің соншама ұзақ күткеніне жыны келді. ¨She got a headache if she had to read for any length of time. – Ұзақ оқыса оның басы ауыратын. ¨Size of pension depends partly on length of service with the company. – Зейнет/Пенсия көлемі кісінің компанияда қаншалықты істегеніне/істегенімен байланысты. ¨Each class is 45 minutes in length. – Әр сабақ 45 минут жалғасады. 3.ұзақтық, ұзындық (кітаптың, фильмнің) ¨Her novels vary in length. – Оның кітаптарының ұзақтығы әртүрлі. 4. (in adjectives) -length ұзындығы пәлендей ¨shoulder-length hair – шашы кеудесінен келетін/кеудесіне түскен 5.бассейннің үзындығы ¨He swims 50 lengths a day. – Ол күніне бассейнді елу рет кеседі/кесе жүзеді. 6.бой (аттың не қайықтың ұзындығы) ¨The horse won by two clear lengths. – Ат екі бой озып келді. 7. (idm) *at length | at… length a) ұзақ әрі тәптіштей ¨He quoted at length from the report. – Ол баяндамаға ұзақ сілтеме жасады. ¨We have already discussed this matter at great length. – Бұл мәселені біз ұзақ, егжей-тегжейлі талқылағанбыз. b) (literary) көп уақыттан соң, уақыт өте ¨‘I'm still not sure,’ he said at length. – «Әлі білмеймін», деді ол көп үнсіздіктен соң. *go to any, some, great, etc. lengths (to do sth) бірнәрсеге өте көп күш жұмсау, істеп бағу ¨She goes to extraordinary lengths to keep her private life private. – Ол жеке өміріне ешкімді сұғындырмас үшін бәріне барады. *the length and breadth of… барлық жаққа, шарлай, аралай, кезе ¨They have travelled the length and breadth of Europe giving concerts. – Олар концерт бере Европаның түкпір-түкпірін шарлап шықты.