less [les] A.det, pron 1. азырақ, аздау, аздап, шақтап, шағындау, кемірек, кемдеу ¨less butter/time/importance –майы/уақыты/маңызы азырақ ¨He was advised to smoke fewer cigarettes and drink less beer. – Оған темекіні азайтып, сыраны азырақ/шақтап ішуге кеңес берді. ¨We have less to worry about now. – Енді азырақ уайымдауымызға болады. ¨It is less of a problem than I'd expected. – Бұл мен ойлағандай емес, шағындау проблема екен. ¨We'll be there in less than no time. – Біз онда тез арада боламыз. ¨The victory was nothing less than a miracle. – Жеңіс адам нанғысыз жайт болды. 2. (idm) *less and less азая түскен, сирей түскен ¨As time passed, she saw less and less of all her old friends at home. – Уақыт өте ол үйінен көне достарын сирек көре бастады. ¨Smoking is becoming less and less acceptable. – Шылымға қоғамның төзімі азая түсуде. *less is more (saying) «аз да болса көп», маңызды, қажет нәрсе ғана қамтылған ¨His simple, elegant paintings reflect his principle that less is more. – Оның қарапайым да сымбатты сруеттері/картиналары оның аз да болса көп принципін аңғартады. *no less (often ironic) таңырқасты не сүйсіністі білд ¨She's having lunch with the Director, no less. – Ол директордың өзімен тамақтануда, ал ендеше/міне қара. *no less than… кем/аз дегенде, ең кемі ¨No less than half the students failed the test. – Студенттердің, кем дегенде, жартысы сынақтан өте алмады. ¨She has had no less than a dozen job offers. – Оны, кем дегенде, оншақты жерге жұмысқа шақырды. B.adv 1.аздау, кемдеу ¨less expensive/likely/intelligent – арзанырақ (арзандау)/олай бола қоймайтын сияқты/онша зерек (ақылды) емес ¨less often/enthusiastically – сирек/онша құлшынбай ¨I read much less now than I used to. – Қазір бұрынғыдай емес, әлдеқайда аз оқимын. ¨The receptionist was less than helpful. – Кезекші/Ресепшнист мүлде жәрдемдеспеді. ¨She wasn't any the less happy for being on her own. – Ол өзімен-өзі болғанға дән риза болды. 2. (idm) *even/much/still less тіпті де, мүлде ¨No explanation was offered, still less an apology. – Ешкім түсіндірмеді де, кешірім өтінуді ешкім ойламады да. ¨He's too shy to ask a stranger the time, much less speak to a room full of people. – Ол бөтеннен уақыт сұрауға қысылады, адам толы бөлмеде үні де шықпас. *less and less азая түскен, сирей түскен ¨She found the job less and less attractive. – Оған жұмыс күннен күнге ұнамай бара жатты. C.prep алып тасталынады, минус (syn: minus) ¨a monthly salary of $2 000 less tax and insurance – айлық жалақы $2 000, минус салық пен сақтандыру/одан салық пен сақтандыру алынады ¨Send a cheque for the catalogue price, less 10% discount. – Каталогта көрсетілген бағадан 10% жеңілдікті (скидка) алып, чек жөнелт(іңіз). ¨What is 121 less 36? – 121-ден 36-ны алса қанша болады? ¨He gave us our money back, less the $2 service charge. – Ол $2 қызмет ақысын ұстады да, ақшамызды қайырып берді.
-less [ləs] suffix 1.-сыз, -сіз ¨treeless - ағашсыз ¨meaningless - мағынасыз 2.істемейтін, әсер етпеген ¨tireless – шаршамайтын ¨selfless –көмегін аямайтын