lesson [ˈlesn] n 1.сабақ ¨She gives piano lessons. – Ол пианинодан сабақ береді. ¨All new students are given lessons in/on how to use the library. – Барлық жаңа студенттерге кітапхананы қалай қолдану керектігі жөнінде сабақ өткізілді. ¨I'm having/taking driving lessons. – Көлік айдап үйренуден сабақ алып жүрмін. ¨(especially BrE) Our first lesson on Tuesdays is French. – Сейсенбі күндердегі бірінші сабағымыз – француз тілі. ¨(especially BrE) What did we do last lesson? – Соңғы сабақта не істедік/істеп едік? 2.сабақ, оқу, үйрету, үлгі ¨The course book is divided into 30 lessons. – Курс 30 сабаққа бөлінген/сабақтан құралған. ¨Other countries can teach us a lesson or two on industrial policy. – Индустриялық саясат жөнінен басқа елдер бізге үлгі/сабақ бола алады. 3.сабақ, тағылым, тәлім, мысал, үлгі, өнеге, тәжірибе ¨a salutary lesson – ащы сабақ/тағылым ¨The accident taught me a lesson I'll never forget. – (Әлгі) оқиға маған ұмытылмас сабақ үйретті. ¨We are still absorbing the harsh lessons of this disaster. – Біз сол апаттың ащы сабағын әлі де үйренудеміз. ¨It was a lesson not lost on the team manager. – Бұл сабақты команда бапкері жадына түйді. ¨~ to sb Let that be a lesson to you. – Бұл саған тағылым/сабақ болсын. ¨Their openness was a terrific lesson to me. – Олардың ашықтығы маған керемет сабақ болды. 4.сабақ (Інжілден оқылатын үзінді)