level [ˈlevl] A.n 1.деңгей, көлем, мөлшер ¨a test that checks the level of alcohol in the blood – қандағы алкоголь деңгейін/көлемін тексеретін сынақ ¨a relatively low/high level of crime – салыстырмалы түрдегі/шамалап алғандағы қылмыстың төмен/жоғары деңгейі ¨low/high pollution levels - төмен/жоғары ластану деңгейі, ластанудың төмен/жоғары деңгейі ¨Profits were at the same level as the year before. – Табыс көлемі одан бұрынғы жылдың деңгейінде болды/бұрынғы жылмен деңгейлес болды. 2.деңгей, дәреже ¨a high level of achievement – жоғары деңгейдегі/деңгейлі табыс ¨a computer game with 15 levels – 15 деңгейден тұратын компьютер ойыны ¨What is the level of this course? – Мына курстың деңгейі қандай? ¨He studied French to degree level. – Ол француз тілінен диплом алған. ¨Both players are on a level. – Екі ойыншының да деңгейі бірдей. ¨I refuse to sink to their level. – Мен олардың деңгейіне дейін түсуден/құлдыраудан бас тартамын. 3.деңгей, ауқым, көлем, дәреже ¨a decision taken at board level – басқарма деңгейіндегі шешім/деңгейінде жасалған шешім ¨Discussions are currently being held at national level. – Талқылаулар қазір ұлттық деңгейде/көлемде/ауқымда жүріп жатыр. 4.деңгей, тұрғы ¨On a more personal level, I would like to thank Jean for all the help she has given me. – Жеке тұрғыдан алғанда/Жеке басым, Джейнге маған көрсеткен барлық көмегі үшін рахметімді айтқым келеді. ¨Fables can be understood on various levels. – Аңыздарды түрліі деңгейде түрліше ұғуға болады. 5.деңгей, биіктік ¨the level of water in the bottle – бөтелкедегі/шөлмектегі су деңгейі ¨The cables are buried one metre below ground level. – Кабельдер жер деңгейінен бір метр төменде/төмен көмілген. ¨The floodwater nearly reached roof level. – Тасқын су шатырға/шатыр деңгейіне жетейін деп қалды. ¨The tables are not on a level. – Столдардың биіктігі әртүрлі. 6.қабат, этаж; қабат (топырақтың) ¨The library is all on one level. – Кітапхана бірінші қабатта/этажда (орналасқан). ¨Archaeologists found pottery in the lowest level of the site. – Археологтар қыш-құмыра бұйымдарын қазылған тұстың ең астыңғы қабатынан тапты/тапқан. ¨a multi-level parking lot – көпқабатты/көпэтажды паркиң/машина тұрағы 7. = spirit level уровень, ватерпас (тегістікті өлшейтін аспап) 8. (idm) *on the level (NAmE also on the up and up) (informal) адал, әділ; заңды (syn: above board) ¨I'm not convinced he's on the level. – Оның шыншылдығына көзім жетпейді. ¨Are you sure this deal is on the level? – Бұл контракттің заңдылығына сенімдісің бе? B.adj 1.тегіс, жазық ¨Pitch the tent on level ground. – Шатырды/Палатканы жазыққа тік. ¨Add a level tablespoon of flour. – Қасықтың ернеуі мөлшерінде ұн қос. 2. (биіктігі, орналасуы, бағасы) бірдей, тең, теңдей, қатар ¨The curtains aren’t quite level. – Перделер онша бірдей емес (биіктіктері сәл ауытқыған). ¨~ with sth This latest rise is intended to keep wages level with inflation. – Кейінгі кездегі жалақының өсуі оны инфляциямен қатар ұстауды көздеген. ¨She drew level with the police car. – Ол полиция көлігімен қатарласты. 3. ~ (with sb) (especially BrE, sport) (ұпайы) тең, үзеңгілес, қатар ¨A good second round brought him level with the tournament leader. – Екінші айналымда жақсы ойнаған ол турнир лидерімен үзеңгілесті/теңесті/қатарласты. ¨France took an early lead but Wales soon drew level. – Франция алғашында алға шыққан, сосын Уэльс ұпайды теңестірді. 4.бірқалыпты (syn: even) ¨a level gaze – бірқалыпты қарас 5. (idm) *be level pegging (BrE) (ұпайы, тсс) теңдей, қатар, үзеңгілес ¨The contestants were level pegging after round 3. – Сайысқа қатысушылар 3-інші айналымнан соң үзеңгілес келе жатты. *do/try your level best (to do sth) күшін сарқа жұмсау, аянып қалмау *a level playing field тең/бірдей жағдай (бәрінің де бірдей жағдайда, халде болуы) C.v (-ll-, especially US -l-) 1. ~ sth (off/out) тегістеу, тегіс ету ¨If you're laying tiles, the floor will need to be levelled first. – Кафель жатқызсаң/Кафельдейтін болсаң, алдымен еденді тегіс ету керек. 2. ~ sth жермен жексен ету, сүру, быт-шытын шығару (syn: raze) ¨The blast levelled several buildings in the area. – Жарылыс сол тұстағы бірнеше ғимараттың быт-шытын шығарды. 3. ~ (sth) теңестіру, тең ету ¨(BrE) Davies levelled the score at 2 all. – Дэвис есепті 2 – 2/екі де екі етті. 4. ~ sth (at sb) (қару) кезеу, кезену ¨I had a gun levelled at my head. – Басыма қару кезеді. 5. (idm) *level the playing field бәріне бірдей жағдай жасау 6. (phr v) *level sth against/at sb айыптау, сынау ¨the criticism levelled at the United States – Құрама Штаттар атына айтылған сын ¨Serious allegations were levelled against the minister. – Министрге ауыр айып(тар) тағылды. *level sth down деңгейін, мөлшерін түсіру, нашар ету ¨Teachers are accused of levelling standards down to suit the needs of less able students. – Мұғалімдерге нашарлау оқитын оқушылардың ыңғайына бола оқу деңгейін төмендетті деген айып тағылды. *level off/out тегістелу, түзулену, көсілу; бір қалыпқа түсу, орнығу ¨The plane levelled off at 1 500 feet. – Ұшақ 1500 фут биіктікте түзуленді/айылын жиды. ¨After the long hill, the road levelled out. – Ұзақ жотамен жүргеннен соң жол көсіліп сала берді/түзуленді. ¨Sales have levelled off after a period of rapid growth. – Бір уақыт қауырт өскеннен соң барып сату бір қалыпқа түсті. *level sth up деңгейін, дәреджесін көтеру, жоғарылату *level with sb (informal) біреуге шындықты айту