liable [ˈlaɪəbl] adj 1. ~ (for sth) (заң бойынша) міндетті, жауапты ¨You will be liable for any damage caused. – Өзің(із) келтірген кез-келген шығын үшін жауаптысың(ыз). ¨The court ruled he could not be held personally liable for his wife's debts. – Сот әйелінің қарызы үшін ол/оның жеке басы жауапты бола алмайды деп ұйғарды. 2. ~ to do sth (бірнәрсе істеуге) бейім, ықтимал ¨We're all liable to make mistakes when we're tired. – Шаршағанда бәріміз де қателесуге бейімбіз/бейім келеміз. ¨The bridge is liable to collapse at any moment. – Көпір кез-келген уақытта құлайын деп тұр. ¨He was liable to just show up without warning. – Оның үн-түнсіз келе салатыны/қалатыны бар. ¨The car is liable to overheat on long trips. – Ұзақ жүргенде машинаның қызып кететіні бар. 3. ~ to sth (бірнәрсеге ұшырауға, душар болуға) бейім, ұрынғыш, ұшырағыш (syn: prone) ¨You’re more liable to injury when you don’t get regular exercise. – Ұдайы дене шынықтырмаса, кісі жарақаттануға бейім келеді. 4. ~ to sth (заң жүзінде) жауапты, жазалануы мүмкін ¨Offenders are liable to fines of up to $500. – Заң бұзушыларға $500-ға дейін штраф/айыппұл салынады. ¨Advertisers pretending to be private individuals will be liable to prosecution. – Жеке адамдар сияқты көрінгісі келген жарнамашылар заң жүзінде қудаланады. 5. ~ for/to sth | ~ to do sth (заң бойынша) міндетті, жауапты ¨People who earn under a certain amount are not liable to pay tax. – Белгілі бір шамадан/мөлшерден аз табатындар салық төлеуге міндетті емес. ¨At 60, he was no longer liable for conscription. – Алпыс жасында ол әскери міндетті емес еді.