liberty [ˈlɪbəti] n (pl -ties) 1.азаттық, бостандық, еркіндік; еріктілік ¨the fight for justice and liberty – әділет пен бостандық/еркіндік үшін күрес ¨The concept of individual liberty is enshrined in the constitution. – Жеке бас/адам бостандығы концепциясы конституцияда көрсетілген/көрініс тапқан. ¨He had to endure six months' loss of liberty. – Оған алты ай бойғы бас бостандығынан айырылған кезді басынан өткеруге тура келді. ¨The right to vote should be a liberty enjoyed by all. – Дауыс беру хақы – барлығына бірдей бостандық болуы тиіс. ¨People fear that security cameras could infringe personal liberties. – Кісілер қауіпсіздік камералары жеке бас бостандығын шектеуі ықтимал деп уайымдайды. 2.именбеушілік, тартынбаушылық ¨He took the liberty of reading my files while I was away. – Мен басқа жақта болған кезде ол именбей менің файлдерімді/қағаздарымды оқыпты. ¨They've got a liberty, not even sending me a reply. – Олар маған жауап та жазбады/жазбай қоюға именбеді. 3. (idm) *at liberty (formal) қамаудан босаған (syn: free) *at liberty to do sth (formal) бірнәрсе істеуге хақы, еркі болу (syn: free) ¨You are at liberty to say what you like. – Не айтам десең де еріктісің/хақың бар. ¨I am not at liberty to discuss my client's case. – Клиентімнің ісін талқылауға хақым жоқ. *take liberties with sb/sth a) жөнсіз өзгеркіштеу/өзгерту ¨The movie takes considerable liberties with the novel that it is based on. – Фильм өзі негізделген романдағы оқиға желісін біршама өзгерткіштеген. b) (old-fashioned) біреумен әмпей-жәмпей болғыштау, біреуге нәпсісі қоза елжіреу ¨He's always taking liberties with the secretaries. – Ол секретаршалармен шүйіркелескіш.