lie 1 [laɪ] A.v (pt lay [lei], pp lain [lein]) 1.жату ¨to lie on your back/side/front – шалқасынан/бүйірінен/етпетінен жату ¨The cat was lying fast asleep by the fire. – Мысық от(тың) жанында тырп етпей ұйықтап жатты. ¨Clothes were lying all over the floor. – Киімдер еденде шашылып жатты. ¨The book lay open on his desk. – Кітап партада ашық жатты. 2.жату, қимылсыз күйде болу ¨Snow was lying thick on the ground. – Жерде қалың қар жатты/Қар жерде қалың жатты. ¨These machines have lain idle since the factory closed. – Завод жабылғалы бері бұл жабдықтар бос жатты. ¨a ship lying at anchor – якорьде/закірде тұрған кеме ¨I'd rather use my money than leave it lying in the bank. – Ақшамды банкте (құры) жатқызғанша/сақтағанша пайдаланғаным жөн. 3.жату, орналасу ¨The town lies on the coast. – Кент жағада орналасқан. 4.созылып жату ¨The valley lay below us. – Алқап бізден төменде созылып жатты. 5. ~ (in sth) (мәселе, идея, тб ж) болу, табылу, жату ¨The problem lies in deciding when to intervene. – Мәселенің түйіні қашан кірісу керектігін анықтауда жатыр/болып тұр. ¨The difficulty lies in providing sufficient evidence. – Қиындық жеткілікті айғақ табуда болып тұр. 6. (BrE) сайыста белгілі бір орында болу ¨Thompson is lying in fourth place. – Томпсон төртінші орында (келеді). ¨After five games the German team are lying second. – Бес ойыннан кейін неміс командасы екінші орында. 7. (idm) *lie ahead/in store болашақта/алдыда бірнәрсе болайын деп тұру/күтіп тұру ¨You are young and your whole life lies ahead of you. – Жассың, сондықтан бүткіл өмірің әлі алда. ¨She didn't know what lay in store. – Ол өзін не(нің) күтіп тұрғанын білмеді. *lie in state (мәйіт ж) жерлер алдында көпшілікпен қоштасу үшін қою *lie in wait (for sb) (біреуді) күтіп жату ¨a giant crocodile lying in wait for its prey – өзінің жемтігін күтіп жатқан алып крокодил *lie low (informal) көзге түспеуге, байқалмауға тырысу *take sth lying down кемсітуге, шеттетуге көну; бұғу ¨You’ll never be respected around here if you keep taking these taunts lying down. – Өзіңді осылай кемсіткенге бұға берсең, сені ешқашан сыйламайтын болады. 8. (phr v) *lie around (BrE also lie about) a) шашып тастау; шашылып жату ¨Don't leave toys lying around - someone might trip over them. – Мына ойыншықтар шашылып жатпасын – біреу-міреу(дің) сүрінуі мүмкін. b) (кісі ж) уақытты бекер өткізу, жалқаулану *lie back «шалқасынан жату», демалу ¨You don't have to do anything - just lie back and enjoy the ride. – Сен істейтін жұмыс жоқ – шалқаңнан жат та(ғы) (көлікпен) сапарды тамашала. *lie behind sth «бірнәрсенің артында жатқан бірнәрсе болу», негізгі себеп, гәп бірнәрседе болу ¨What lay behind this strange outburst? – Оның жоқ жерде бұлқан-талқан болуының артында не жатыр? ¨She soon guessed what lay behind his question. – Ол (әйел) көп ұзамай оның (еркектің) неге өйтіп сұрағанын аңдады. *lie down (ұйықтау не демалу үшін) жату, жата тұру ¨Go and lie down for a while. – Барып, біраз жата тұр. ¨He lay down on the sofa and soon fell asleep. – Ол диванға жатты да, көп ұзамай ұйықтап кетті. *lie in (BrE) (also sleep in NAmE, BrE) (оянғаннан кейін) төсекте жату, жата беру ¨It's a holiday tomorrow, so you can lie in. – Ертең демалыс, сондықтан жата тұрсаң болады. *lie with sb (to do sth) (formal) міндетті не жауапты болу ¨It lies with you to accept or reject the proposals. – Ұсынысты қабылдап-қабылдамауға өзің жауаптысың. B.n (idm) *the lie of the land (BrE) (NAmE the lay of the land) a) белгілі бір тұстағы жердің қыртысы, физикалық сипаты, бедері, қатпары, пішіні ¨The castle was hidden by the lie of the land. – Қамалды/Бекіністі жота/жердің қатпары тасалап тұр. b) жағдай, күй, ахуал ¨Check out the lie of the land before you make a decision. – Бір шешімге келер алдында ахуалды барлап ал.
lie 2 [laɪ] A.v (lies, lying, lied, lied) 1.алдау, өтірік айту, жалған айту ¨You could see from his face that he was lying. – Оның алдап тұрғанын бетінен/жүзінен байқауға болатын. ¨~ (to sb) (about sth) Don't lie to me! – Мені алдама/Маған өтірік айтпа! ¨She lies about her age. – Ол өз жасы жөнінде өтірік айтады. ¨The camera cannot lie. – Камера алдай алмайды. 2. (idm) *lie through your teeth (informal) мүлде өтірік айту ¨The witness was clearly lying through his teeth. – Куә шынымен де шімірікпей өтірік айтып тұр еді. *lie your way into/out of sth алдап, өтірік айтып құтылу, алдап-сулап құтылу B.n 1.өтірік, жалған ¨to tell a lie – өтірік/жалған айту ¨The whole story is nothing but a pack of lies. – Бұл әңгіме бастан аяқ шылқыған өтіріктен басқа түк те емес. ¨a barefaced lie – шімірікпеген өтірік 2. (idm) *give the lie to sth (formal) өтірік, жалған екенін көрсету ¨These new figures give the lie to the belief that unemployment is going down. – Жаңа көрсеткіштер жұмыссыздық азаюда деген ойдың жалған екенін көрсетеді. *I tell a lie (BrE, informal) өтірік айтыптым, қателесіптім ¨We first met in 2006, no, I tell a lie, it was 2007. – Біз алғаш рет 2006 жылы, жоқ, өтірік айтыппын, 2007 жылы кездесіппіз.