life [laɪf] n (pl lives [laɪvz]) 1.өмір, ғұмыр, тіршілік, тірлік, тұрмыс, күнгөріс ¨life and death – өмір мен өлім ¨The body was cold and showed no signs of life. – Дене суық еді, ешбір тіршілік белгісі байқалмады/болмады. ¨My father died last year - I wish I could bring him back to life. – Әкем өткен жылы қайтыс болды – тірілтіп өмірге қайта әкеле алсам ғой. ¨In spring the countryside bursts into life. – Көктемде ауылға/ауылды аймаққа жан бітеді. ¨The floods caused a massive loss of life. – Су тасқыны көптеген жанның өмірін қиды. ¨He risked his life to save his daughter from the fire. – Ол қызын өрттен құтқарамын деп басын бәске/қауіпке тікті. ¨Hundreds of lives were threatened when the building collapsed. – Үй/Ғимарат қираған кезде жүздеген адамның өміріне қауіп төнді. ¨The operation saved her life. – Операция оны ажалдан алып қалды. ¨My grandfather lost his life in the war. – Атам соғыста қайтыс болған. ¨Several attempts have been made on the President's life. – Президентке бірнеше рет қастандық жасалды. ¨plant/animal life – өсімдік/жануар тіршілігі/өмірі ¨marine/pond life – теңіздегі/тоғандағы тіршілік ¨Is there intelligent life on other planets? – Басқа планеталарда саналы тіршілік бар ма екен? ¨He's lived here all his life. – Ол өмір бойы осында тұрды/Ол бүткіл өмірін осында өткізді. ¨I've lived in England for most of my life. – Өмірімнің көпшілігін Англияда өткіздім. ¨to have a long/short life – ұзақ/қысқа өмір сүру/тіршілік ету ¨He became very weak towards the end of his life. – Өмірінің соңына қарай мүлде қаусап қалды. ¨Brenda took up tennis late in life. – Бренда біраз жасқа келгенде тенниспен айналыса бастады. ¨He will spend the rest of his life in a wheelchair. – Ол өмірінің қалғанын коляскіге таңылып өткізетін болды/Қалған өмірінде ол коляскіге таңылатын болды. ¨There's no such thing as a job for life any longer. – Қазір өмір бойы бір жерде жұмыс істеу дейтін нәрсе жоқ/Енді ешкім бір жерде өмір бойы жұмыс істемейді. ¨She is a life member of the club. – Ол клубқа өмір бойы мүше. ¨in early/adult life – өмірінің алғашқы кезеңі/ересек өмір ¨She has been an accountant all her working life. – Ол өмір бойы/жұмысының барлық кезеңінде бухгалтер/есепші болып жұмыс істеді. ¨He met a lot of interesting people during his life as a student. – Ол студент кезінде көптеген қызық/айтулы адамдармен жолықты. ¨They were very happy throughout their married life. – Олар ерлі-зайыпты болып өте бақытты өмір сүрді. ¨The International Stock Exchange started life as a London coffee shop. – Халықаралық қор биржасы өз ғұмырын Лондонның кофе дүкені ретінде бастаған. ¨They could see that the company had a limited life. –Компания ғұмырының ұзаққа бармайтынына олардың көзі жетті. ¨In Italy the average life of a government is eleven months. – Италияда үкімет орташа алғанда он бір ай жасайды (яғни, орташа алғанда, парламент сайлаған үкімет он бір ай жұмыс істейді). ¨the worries of everyday life – күнделікті тұрмыстың/тіршіліктің/ өмірдің күйбіңдері/уайымдары ¨He is young and has little experience of life. – Ол жас, әлі өмір(ді) көрмеген. ¨Commuting is a part of daily life for many people. – Алыстан келіп істеу көптеген жан үшін күнделікті тірліктің бір бөлігі. ¨Jill wants to travel and see life for herself. – Джил саяхаттап, өмірді өз көзімен көргісі келеді. ¨We bought a dishwasher to make life easier. – Тұрмысымыз жеңілдесін деп, ыдыс жуғыш сатып алдық. ¨In London life can be hard. – Лондонда тіршілік/тұрмыс қиын. ¨In real life he wasn't how she had imagined him at all. – Оны кездестіргенде ол (еркек) ол (әйел) ойлағандай/көзіне елестеткендей болып шықпады. ¨Life can be difficult when you move to a new town. – Жаңа қалаға көшкенде тұрмыстың/тіршіліктің қиындап кетуі мүмкін. ¨Life isn't like in the movies, you know. – Өмір – кинодағыдай емес, өзің білесің. ¨country/city life – ауыл/қала тұрмысы/тіршілігі/өмірі ¨She enjoyed political life. – Оған саяси тіршілік ұнады. ¨family/married life – отбасы тұрмысы/өмірі ¨How do you find life in Japan? – Жапонияда тұрмыс/тіршілік/өмір қалай екен? ¨He has had a good life. – Ол жақсы өмір сүрді. ¨a hard/an easy life – қиын/жеңіл тұрмыс/тіршілік/өмір ¨My day-to-day life is not very exciting. – Күнделікті тірлігімнің асып бара жатқан ештеңесі жоқ. ¨a life of luxury – дәулетті тұрмыс ¨Her daily life involved meeting lots of people. – Күнделікті өмірінде ол көптеген адамдармен жүздесетін. ¨She lived a quiet life in the countryside. – Ол ауылды аймақта тыныш өмір кешті. ¨Many of these children have led very sheltered lives. – Бұл балалардың көпшілігі көп нәрсе көрмеді. ¨They emigrated to start a new life in Canada. – Олар Канадада жаңа өмір бастау үшін қоныс аударды/эмиграциялады. ¨He doesn't like to talk about his private life. - Ол өзінің жеке өмірі жайлы айтқысы келмейді. ¨She has a full social life. – Ол жұртпен араласқыш. ¨articles about the love lives of the stars – жұлдыздардың (атақты әнші-актерлардың) махаббат өмірі жайды мақалалар 2.өмір бойы түрмеге/абақтыға жабу ¨The judge gave him life. – Судья оны өмір бойына кесті. ¨She is doing life for murder. – Ол кісі өлтіргені үшін өмір бойына кесіліп/кесілген жазасын өтеуде. 2.қауырт тіршілік/тірлік (syn: vitality) ¨This is a great holiday resort that is full of life. – Бұл - қауырт тірлікке толы керемет демалыс курорты. 3.адамға не затқа қарап сурет салу(шылық) ¨She had lessons in drawing from life. – Ол затқа қарап салудан сабақ(тар) алған. ¨a life class – жалаңаш адамды салу сабағы 4.өмірбаян, біреудің өмірі жайлы әңгіме (syn: biography) ¨She wrote a life of Mozart. – Ол Моцарттың өмірбаяны жайлы жазды. 5. «өмір» (балалар ойынындағы мүмкіндіктер саны) ¨He's lost two lives, so he's only got one left. – Ол екі «өмірін» жоғалтып, біреу ғана қалды. 6.(idm) *be sb's life біреудің «өмірі, жаны» болу (ең маңызды нәрсесі болу) ¨My children are my life. – Балаларым – өмірім. ¨Writing is his life. – Жазу – (оның) өмірінің мағынасы. *bring sb/sth to life серпілту, сергіту, жан бітіру, ширату, бой жаздыру ¨The new teacher really brought French to life for us. – Жаңа мұғалім француз тілі сабағына жан бітірді. ¨Flowers can bring a dull room back to life. – Гүл тымырсық бөлмеге жан бітіреді. *come to life a) қыза түсу, қызық бола түсу ¨The match finally came to life in the second half. – Матч ақыры екінші таймда қыза түсті/Матчқа ақыры екінші кезеңде жан бітті. b) жан біту, тірі сияқты әрекет ету ¨In my dream all my toys came to life. – Түсімде ойыншықтарымның бәріне жан бітіпті (тірі сияқты болып қимылдай бастапты). *for dear life | for your life барынша жармасып, тырмыса, жанұшыра, барын сала ¨She was holding on to the rope for dear life. – Ол жанұшыра арқанға жармасты. ¨Run for your life! – Алды-артыңа қарамай қаш!/Қаш ойбай! *for the life of you (informal) қанша тырысса/талпынса да ¨I cannot for the life of me imagine why they want to leave. – Олардың бұл жақтан неге кеткісі келетінін ұқпай-ақ қойдым. *frighten/scare the life out of sb зәресін зәр түбіне кетіру, шошытып жіберу ¨You scared the life out of me coming in so suddenly like that. – Аяқ астынан сау етіп, шошытып жібердің ғой. *full of beans/life күші, қуаты өте көп болу *get a life (informal) тірлік қылу, бірнәрсе істеу, қайрат қылу ¨You guys should just stop moaning and get a life! – Жігіттер, қыңқылды қойып, қайрат қылыңдар! *lay down your life (for sb/sth) (literary) біреу/бірнәрсе үшін өмірін қию/құрбан ету (syn: sacrifice yourself) ¨They were prepared to lay down their lives for their country. – Олар өз елі үшін жандарын пида етуге әзір еді. *lead/live the life of Riley (old-fashioned, often disapproving) бейқам, жақсы тұрмыс кешу ¨The two crooks had been living the life of Riley. – Екі сұрқия бейқам өмір сүріп жатқан. ¨He planned to retire early and then lead the life of Riley. – Ол ерте зейнетке шығып/отставкаға кетіп, бейқам өмір сүргісі келді. *life after death өлімнен кейін өмір бар, жан өлмейді деген наным ¨Do you believe in life after death? – Өлімнен кейін өмірдің барлығына сенесің бе? *the life and soul of the party, etc. (BrE) «тойдың сәні», тойды көңілді ететін адам *life is cheap (disapproving) «өмір – арзан», өлімнің пәлендей маңызы болмау *(have) a life of its own өзімен-өзі тіршілік ететіндей көрінген, жан біткендей көрінген ¨The ball seemed to have acquired a life of its own. – Допқа жан біткендей көрінді. ¨Slowly but surely, the project is taking on a life of its own. – Бірте-бірте жобалар жүре бастады. *life's too short (informal) «өмір – тым қысқа», өмірді босқа кетірмеу керек дег мағ *make life difficult (for sb) біреудің жағдайын қиындату ¨She does everything she can to make life difficult for him. – Ол (әйел) оның (еркектің) өмірін қиындату үшін барлығын істеп бағуда. *the man/woman in your life (informal) «өміріндегі еркек/әйел», жақсы көріп, жүріп жүрген еркек/әйел ¨Anna has a new man in her life. – Аннаның өмірінде жаңа жігіт пайда болды. *not on your life (informal) мүлде, ешқашан ¨‘Are you going to go and work for him then?’ ‘Not on your life!’ – «Барып сол (еркек) үшін жұмыс істемекшісің бе?» «Ешқашан!» *take sb's life біреудің өмірін алу, өлтіру *take your (own) life өзін-өзі өлтіру *take your life in your hands басын бәске/өлімге тігу ¨Just crossing this road is taking your life in your hands. – Мына жолдан өтудің өзі басты қатерге тігу деген сөз. *that's life (informal) «өмір деген осы» ¨It's a shame I can't go on the trip, but that's life. – Бара алмайтыным ұят болды, не істеймін енді, өмір – осы. *where there's life (, there's hope) (saying) өмір барда/бар жерде үміт бар