lift [lɪft] A.v 1.көтеру, көтерілу, жоғарылату, жоғарылау ¨~ sb/sth (up) He stood there with his arms lifted above his head. – Ол сол жерде, қолдарын басынан асыра көтеріп тұрды. ¨I lifted the lid of the box and peered in. – Жәшіктің қақпағын ашып, ішіне үңілдім. ¨(figurative) John lifted his eyes from his book. – Джон кітаптан басын көтерді. ¨~ (up) Her eyebrows lifted. ‘Apologize? Why?’ – Оның қастары керіліп кетті. «Ғафу өтін дейді? Неге?» 2.көтеріп/көтере қозғау, түсіру, жылжыту ¨I lifted the baby out of the chair. – Сәбиді орындықтан көтеріп алдым. ¨He lifted the suitcase down from the rack. – Ол чемоданды стеллаждан (көтеріп) түсірді. 3.әуемен тасымалдау ¨The survivors were lifted to safety by helicopter. – Аман қалғандарды вертолетпен алып шықты. 4. (шектеулерді) алып тастау, доғару ¨to lift a ban/curfew/blockade – тыйымды/коменданттық сағатты/блокаданы алып тастау ¨Martial law has now been lifted. – Әскери жағдай алынып тасталды. 5.көңілі көтерілу, жігерлену ¨His heart lifted at the sight of her. – Ол (жігіт) оны (қызды) көргенде жүрегі бүлкілдеді. ¨~ sth The news lifted our spirits. – Хабар бізді жігерлендірді. 6.көтерілу, таралу, тарқау (syn: disperse) ¨The fog began to lift. – Тұман тар(қ)ай бастады. ¨(figurative) Gradually my depression started to lift. – Бірте-бірте торығуым тарқай бастады. 7. ~ sth (from sb/sth) (informal) ұрлау, жымқыру, қолды ету ¨He had been lifting electrical goods from the store where he worked. – Ол өзі істеген дүкеннен электр(лі) бұйымдарды жымқырып келген. 8. ~ sth (from sth) біреудің ойларын, сөзін рұхсатсыз көшіріп алу, жымқыру (syn: plagiarize) ¨She lifted most of the ideas from a book she had been reading. – Ол (өз) ойларының/идеяларының көбін өзі оқып жатқан кітаптан алған. 9. ~ sth көкөністі қазып алу ¨to lift potatoes – картопты қазып алу 10. ~ (sth) өсіру, ұлғайту, көтеру ¨Interest rates were lifted yesterday. – Проценттік ставка кеше көтерілді. 11. (idm) *not lift/raise a finger/hand (to do sth) (informal) саусақ қимылдатпау, қол ұшын бермеу, тұяқ серппеу, мүлде жәрдемдеспеу ¨He never lifts a finger to help with the housework. – Ол үй шаруасына келгенде тұяқ серіппейді. 12. (phr v) *lift off (ракета, ұшақ ж) ұшу, көтерілу B.n 1. (BrE) (NAmE elevator) лифт ¨It's on the sixth floor - let's take the lift. – Ол алтыншы қабатта/этажда – лифтпен баралық. 2. (BrE) (NAmE ride) (көлікпен) апару, жеткізу ¨I'll give you a lift to the station. – Сені/Сізді станцияға дейін жеткізіп саламын/тастаймын. ¨Could I have a lift into town? – Қалаға дейін апарып тастайсыз ба? ¨She hitched a lift on a truck. – Ол жолда жүк машинасына отырды. 3. көңілі көтерілу, жігерлену (syn: boost) ¨Passing the exam gave him a real lift. – Емтиханнан өтіп, оның көңілі тасыды. 4.көтерілу, жоғарылау ¨the puzzled lift of his eyebrows – оның қастарының сұраулы (кейіппен) керілуі/ширығуы 5. (ұшақ ж) ұшу, көтерілу