light [laɪt] A.n 1.жарық, сәуле, нұр, шуақ ¨bright/dim light – ашық/көмескі жарық ¨a room with good natural light – күн жарығы жақсы түсетін бөлме ¨in the fading light of a summer's evening – жазғы кештегі бәсеңдей бастаған жарықта/іңірде ¨The light was beginning to fail. – Іңір бола/Қараңғы түсе бастады. ¨She could just see by the light of the candle. – Май шамның жарығымен ғана көре алды. ¨Bring it into the light so I can see it. – Жарыққа әкелші, көрейін. ¨a beam/ray of light – (түскен) жарық/сәуле шоғыры ¨The knife gleamed as it caught the light. – Пышақ жарыққа шағылысты/Пышақ жарықта жарқ етті. ¨A cold grey light crept under the curtains. – Суық сұр жарық перделерді бүркене енген. 2.шам, лампа, шам жарығы, электр жарығы ¨to turn/switch the lights on/off – шамды (шам не электр жарығы) қос/өшір ¨to turn out the light(s) – шамды/жарықты өшіру ¨Suddenly all the lights went out. – Кенет барлық шам/жарық өшіп қалды. ¨It was an hour before the lights came on again. – Шам/Жарық бір сағаттан кейін барып бір-ақ жанды. ¨to turn down/dim the lights – шамды/жарықты бәсеңдету ¨A light was still burning in the bedroom. – Ұйқы бөлмесінде шам әлі жанып тұрды. ¨ceiling/wall lights – төбе/қабырға шамы/жарығы ¨Keep going - the lights are green. – Жүре бер – (светофорда) жасыл жанып тұр. ¨Check your car before you drive to make sure that your lights are working. – Машинамен жүрер алдында барлық шамыңның істеп тұрғанын тексер. 3. оттық, сіріңке, зажигалка ¨(BrE) Have you got a light? – От(тық) бар ма (екен)? ¨(NAmE, BrE) Do you have a light? – От(тық) бар ма (екен)? 4. көңіл күй(і), көз «сәулесі» ¨There was a soft light in her eyes as she looked at him. – Ол (қыз) оған (жігітке) қарағанда көзі мөлдіреп тұрды. 5.ашық түс, жарық ¨the artist's use of light and shade – суретшінің жарық пен көлеңкені/ашық және күңгірт түстерді қолдануы 6. (architecture) (жарық түсетін) терезе, саңылау ¨leaded lights - (қорғасыннан жасалған) торкөз терезе 7. (idm) *according to sb's/sth's lights (formal) біреудің талаптарына сай; өз білгендерінше ¨The police were left to do the job according to their lights. – Мәселе толығымен полицияның қарамағында қалды. *be/go out like a light (informal) тез ұйықтап қалу ¨She returned to bed and went out like a light. – Ол төсекке қайта келді де бірден ұйықтап қалды. *be in sb's light көлеңкелеу, көлеңке түсіру ¨Could you move - you're in my light. – Қозғаласың(ыз) ба – мені көлеңкелеп тұрсың(ыз). *bring sth to light жария, мәлім ету ¨These facts have only just been brought to light. – Бұл фактілерді енді ғана мәлім етті. *cast/shed/throw light on sth түсінікті, ұғымды ете түсу ¨Recent research has thrown new light on the causes of the disease. – Соңғы зерттеу аурудың себептерін аша түсті. *come to light мәлім, белгілі болу ¨New evidence has recently come to light. – Жуырда жаңа айғақ пайда болды. *in a good, bad, favourable light жақсы, жаман, жағымды ете көрсеткен ¨You must not view what happened in a negative light. – Болған нәрсе жөнінде теріс/жаман ойламауға тиіс(ті)сің. ¨They want to present their policies in the best possible light. – Олар өз жоспарын барынша жақсы көрсетпек/көрсетіп бақпақ. *in the light of sth (BrE) (NAmE in light of sth) ескере келе/отырып ¨He rewrote the book in the light of further research. – Одан әрі зерттей келе ол кітапты қайта жазды. *the lights are on but nobody's home (saying, humorous) «шам жанып тұрған(ы)мен, үйде ешкім жоқ» (біреудің аңғалдығын, әпенділігін суреттеу үшін айтылады) *light at the end of the tunnel «туннель соңындағы жарық», қиындықтан шығар мүмкіндік *(the) light dawned (on sb) кенет аңдау, түсіне бастау ¨I puzzled over the problem for ages before the light suddenly dawned. – Талай жыл бұл мәселеге бола басым қатып еді; кенет аңдай бастадым. *the light of sb's life «өмірінің жарық сәулесі», біреу ең жақсы көретін адам *run a (red) light | run the lights (both especially NAmE) (BrE also jump the lights) (informal) светофордың қызылына тоқтамау *see the light a) ақыры (қарапайым нәрсені) ұғу ¨He thinks she's wonderful but he'll soon see the light! – Ол (жігіт) әлгі қызды кереметтей көреді, алайда көп ұзамай ол шындықты ұғатын болады! b) дінге сене/илана бастау *see the light (of day) пайда бола бастау; мәлім, белгілі бола бастау ¨He's written a lot of good material that has never seen the light of day. – Ол көптеген жақсы материал жазды, алайда олар ешқашан жұртқа мәлім болған емес. *set light to sth (especially BrE) тұтан(дыр)у, жана бастау (syn: ignite) ¨A spark from the fire had set light to a rug. – От(тың) ұшқыны кілемшені тұтандырды. B.adj (~er, ~est) жарық, сәулеленген, шуақты (opp: dark) ¨We'll leave in the morning as soon as it's light. – Таң ертең жарық болған кезде/ таң атқанда кетеміз. ¨It gets light at about 5 o'clock. – Сағат бестерде таң атады/ жарық түседі. ¨It was a light spacious apartment at the top of the building. – Ол (әлгі) үйдің/ғимараттың төбесіндегі кең, жарық пәтер еді. 2.ашық, ақшыл (түс) (opp: dark) ¨light blue eyes – ашық көк көздер ¨Lighter shades suit you best. – Ашық түстер сізге жақсы жарасады. ¨People with pale complexions should avoid wearing light colours. –Ақшыл реңді адамдардың ашық түсті киімдер кимегені жөн. 3.жеңіл, салмағы аз (opp: heavy) ¨Modern video cameras are light and easy to carry. – Қазіргі видеокамералар жеңіл әрі тасығанға ыңғайлы. ¨Carry this bag - it's the lightest. – Мына сумканы ұста – ең жеңілі осы. ¨He's lost a lot of weight - he's three kilos lighter than he was. – Ол көп салмақ жоғалтыпты – ол бұрынғысынан үш килоға/келіге арықтаған. ¨The little girl was as light as a feather. – Титтей қыз қауырсындай жеңіл екен. ¨The aluminium body is 12% lighter than if built with steel. – Алюминий қаңқа осындай болат қаңқадан 12% жеңіл. ¨light summer clothes – жеңіл жазғы/жаздық киімдер/киім-кешек ¨Only light vehicles are allowed over the old bridge. – Ескі көпірден жеңіл көліктер ғана өте алады/көліктердің ғана өтуіне рұхсат. ¨The delivery of potatoes was several kilos light. – Картоп бірнеше килограмм(ға) аз жеткізілді. 4.нәзік, жұмсақ, үлбіреген, жеңіл (opp: heavy) ¨She felt a light tap on her shoulder. – Ол иығына жұмсақ жанасқан қолды сезді. ¨the sound of quick light footsteps – шапшаң да жұмсақ/нәзік аяқ тысыры ¨You only need to apply light pressure. – Аздап қана салмақ салсаң болды. ¨As a boxer, he was always light on his feet. – Боксер ретінде ол аяғымен жеңіл қимылдайды. 5.оңай, істеуге жеңіл ¨After his accident he was moved to lighter work. – Апатқа ұшырағаннан соң оны жеңіл жұмысқа ауыстырды. ¨some light housework – біраз жеңіл үй тапсырмасы ¨a little light exercise – жеңіл дене шынықтыру 6.жеңіл, аздаған, аз (opp: heavy) ¨light traffic – аз(айған) көлік қозғалысы ¨The forecast is for light showers. – Өткінші жауындар болады деп болжауда. ¨light winds – баяу жел/самал ¨Trading on the stock exchange was light today. – Қор биржасында сауда бүгін жеңіл болды/қауырт болмады. 7.жеңіл, жұмсақ, жеңіл-желпі ¨He was convicted of assaulting a police officer but he got off with a light sentence. – Оны полиция қызметкеріне тиіскені үшін соттады, алайда жеңіл жазамен құтылды. ¨light reading for the beach – пляжда жеңіл-желпі оқу ¨a concert of light classical music – жеңіл классикалық музыка концерті ¨We were just making light conversation. – Әшейін әңгімелесіп отырғанбыз. ¨She kept her tone light. – Ол жұмсақ сөйлесті. ¨We all needed a little light relief at the end of a long day. – Ұзақ-сонар күннен соң бізге көңілге жайлы бірнәрсе керек болды. ¨The job does have its lighter moments. – Бұл жұмыстың өзінің қызықтары бар. ¨Let's talk about lighter things, shall we? – Әшейін әңгімелесейікші, иә? ¨On a lighter note, we end the news today with a story about a duck called Quackers. – Бүгінгі жаңалығымызды Куәкер деген үйрек жайлы әңгімемен қызықты аяқтаймыз. ¨a light supper/snack – жеңіл тамақ/азық ¨I just want something light for lunch. – Түскі асқа жеңіл-желпі бірнәрсе ішкім келеді. ¨Stick to a light diet. – Жеңіл тағамдар ішіп жүргін. ¨This pastry is so light. – Мына бәліш сондай жеңіл екен. ¨a light beer – жеңіл (алкоголі аз) сыра ¨a light tea – жеңіл (қою емес) шай/ақшыл шай 8.бейқам; көңілді ¨I left the island with a light heart. – Аралдан көтеріңкі көңілмен кеттім. 9. (ұйқысы) сергек (opp: deep) ¨She drifted into a light sleep. – Оның көзі ілініп кетті. ¨I've always been a light sleeper. – Ұйқым ылғи да сергек. 10. (idm) *be light on sth (BrE) онша жеткілікті, көп болмау ¨We seem to be light on fuel. – Жанармайымыз/Отынымыз аз сияқты. *a light touch ептілік, икемділік, шеберлік ¨She handles this difficult subject with a light touch. – Ол бұл қиын мәселемен шебер айналысады. *make light of sth елемеу ¨I didn't mean to make light of your injuries. – Жарақаттарыңды елемейін деп тұрғам(ын)/тұрғаным жоқ. *make light work of sth еппен істей салу C.v (lit, lit, кейде lighted) 1. ~ sth тұтандыру, жағу, от қою, от тамызу ¨She lit a candle. – Ол май шамды жақты. ¨The candles were lit. – Май шамдар жағылды. ¨I put a lighted match to the letter and watched it burn. – Жанған сіріңкемен хатты тұтандырып, оның жанғанын(а) қарап тұрдым. ¨Steve took out a cigarette and lit it. – Стив бір темекі алды да тұтатты. 2.тұтана, жана бастау ¨The fire wouldn't light. – От тұтанбай жатыр. 3. ~ sth жарықтан(дырыл)ған, жарық түскен, сәулеленген, шам жағылған ¨The stage was lit by bright spotlights. – Сахнаға шоғыр-шоғыр жарықтар түскен. ¨well/badly lit streets – жақсы/нашар жарық түскен көшелер ¨the lighted windows of the house – үйдің шам жағылған терезелері 4. ~ sth (literary) жарық түсіру (жарық түсіре жол көрсету), жарықтау ¨Our way was lit by a full moon. – Жолымызды толған ай жарықтап тұрды. 5. (phr v) *light on/upon sth (literary) көзі шалу, байқап қалу ¨His eye lit upon a small boat on the horizon. – Оның көзі көкжиектегі шағын қайыққа түсті. *light up | light sth up a) (informal) темекі тұтандыру, темекі тарта бастау ¨They all lit up as soon as he left the room. – Ол кеткен бойы/бойда олар темкі тарта бастады. ¨He sat back and lit up a cigarette. – Ол шалқасынан отырып темекі тұтатты. b) жарқыра(т)у, алаул(т)у ¨There was an explosion and the whole sky lit up. – Жарылыс болып, бүткіл аспан алаулады. ¨The night sky was lit up with fireworks. – Отшашулар түнгі аспанды алаулатты. c) жадырау, көңілдену ¨His eyes lit up when she walked into the room. – (Ол) қыз ішке енген кезде оның (жігіттің) жүзі жадырады/алаулады. ¨A smile lit up her face. – Жымиыс оның жүзін алаулатты/жадыратты.