like [laik] A.prep 1.сияқты, ұқсаған, секілді, тәрізді, аумаған, айнымаған, -ныкіндей, -нікіндей, -дай, -дей, -тай, -тей, -ындай, -індей ¨She's wearing a dress like mine. – Ол менікі сияқты/менікіне ұқсаған/ менікіндей көйлек киіпті. ¨He's very like his father. – Ол әкесінен айнымапты/аумапты/Ол тура әкесіндей екен. ¨She looks nothing like her mother. – Ол шешесіне мүлде ұқсамапты/Ол мүлде шешесіндей емес екен. ¨That sounds like him coming now. – Мына келе жатқан сол сияқты/соған ұқсайды. 2.қандай/қалай екен ¨What's it like studying in Spain? – Испанияда оқыған қалай/қандай екен? ¨This new girlfriend of his - what's she like? – Оның жаңадан жүріп жүрген қызы қалай екен? 3.біреудің әдеті, дағдысы дег мағ ¨It's just like her to tell everyone about it. – Е, бұл оның бәріне айтып шығатын әдеті ғой. 4.сияқты, -ныкіндей, -нікіндей, -дай, -дей, -тай, -тей, -ындай, -індей ¨Students were angry at being treated like children. – Студенттер өздеріне бала сияқты қарағанға ашуланды/Студенттер өздерін (олардың) бала көргеніне ашуланды. ¨He ran like the wind. – Ол желдей ұшты. ¨You do it like this. – Бұны былай істе. ¨I, like everyone else, had read these stories in the press. – Мен, бәрі сияқты/бәріндей, бұл әңгімелерді баспасөзден оқыдым. ¨Don't look at me like that. – Маған өйтіп қарама(ғын). ¨(informal) The candles are arranged like so. – Май шамдар осылай орналасқан. 5. (idm) *more like… шамамен, дәлірек айтқанда ¨He believes the figure should be more like $10 million. – Ол әлгі сома шамамен $10 болады деп ойлайды. ¨The builders say they’ll be finished in three months, but I think it’ll be more like six. – Құрылысшылар үш айда бітіреміз дейді, алайда ол алты ай уақыт кетер деп ойлайды. *more like (it) (informal) a) тәуірірек, ең дұрысы ¨This is more like it! Real food - not that canned muck. – Міне, осы дұрысы! Нағыз тамақ – әнеу қалбырланған бықсық емес. b) осы сияқты *what is somebody like? (BrEinformal) немене, не болған, не дейді ¨Oh, what am I like? I just completely forgot it. – Ой, маған не болған? Мүлде ұмытып қалыппын (ғой). B.v 1.жақсы көру, ұнату, ұнау, қалау, жақтыру, жарату, көңіліне жағу ¨~ smb/smth She's nice. I like her. – Ол – жақсы. Маған ұнайды. ¨Do you like their new house? – Олардың жаңа үйін ұнатасың ба/үйі саған ұнай ма/жақтырасың ба? ¨Which tie do you like best? – Ең жақсы көретін/ұнататын галстугың қайсысы?/ Галстуктың қайсысын ең жақсы көресің? ¨How did you like Japan? – Жапония ұнады ма?/Жапонияны ұнаттың ба? ¨I don't like the way he's looking at me. – Оның маған қарасын жақтырмаймын. ¨You've got to go to school, whether you like it or not. – Ұнаса да, ұнамаса да/ Жақтырсың ба, жоқ па, мектепке баруың керек. ¨~ doing smth She's never liked swimming. – Жүзгенді/ Жүзуді ұнатқан/жақсы көрген емес. ¨~ smb/smth doing smth I didn't like him taking all the credit. – Барлық мақтауға/ жақсы атқа бір өзі(нің) ие болғаны маған ұнамады/ болғанын жаратпадым. ¨(formal) I didn't like his taking all the credit. – Барлық мақтауға/жақсы атқа бір өзі ие болғаны маған ұнамады. ¨~ to do smth I like to see them enjoying themselves. – Олардың көңілді жүргені маған ұнайды/менің көңіліме жағады. ¨~ it when… I like it when you do that. – Сөйткеніңді ұнатамын. ¨~ to do smth At weekends I like to sleep late. – Апта соңында (сенбі-жексенбіде) кеш ұйықтағанды ұнатамын. ¨I like my coffee strong. – Қою/Күшті кофені қалаймын/жақсы көремін. ¨Do what you like - I don't care. – Не қаласаң/ұнатсаң, соны істе. ¨You can dye your hair whatever colour you like. – Шашыңды қай түс қаласаң/ұнатсаң да боясаң болады/Шашыңды қай түс қаласаң/түсті жақтырсаң, соған боя. 2.бірнәрсе істегісі келу, жақтыру, қалау, ұнату, жарату ¨~ to do smth I didn't like to disturb you. – Сені мазалағым келген жоқ/келмеді. ¨~ doing smth He doesn't like asking his parents for help. – Ол ата-анасынан/әке-шешесінен көмек сұрағысы келмейді/ сұрағанды ұнатпайды/ жақтырмайды/ жаратпайды. 3. would не should сөздерімен келіп, сыпайы өтінгенді, сұрағанды білдіреді ¨~ smth Would you like a drink? – Сусын ішкің(із) келе ме? ¨~ to do smth I'd like to think it over. – Бұл бітсе екен деймін/Бұның біткенін қалаймын. ¨Would you like to come with us? – Бізбен жүргің/барғың келе ме? ¨(formal) We would like to apologize for the delay. – Кешіккеніміз үшін ғафу өтінгіміз келеді. ¨How can they afford it? That's what I'd like to know. – Олар қалай өстиді екен? Дәп осыны білгім келеді. ¨We'd like you to come and visit us. – Сенің бізге келіп қонақ болғаныңды қалаймыз. ¨~ for smb to do smth (NAmE) I'd like for us to work together. – Бірлесе жұмыс істегеніміз жөн болар еді. 4.~ smth лайктеу (арнайы түймені басып әлеуметтік желілерде бірнәрсені жақсы көретінін білдіру) ¨By the next morning, over twenty of my friends had liked my new profile picture. – Келесі күннің ертеңінде жиырмадан астам достарым менің профилімдегі суретті ұнатып лайктепті. ¨Over seven hundred Facebook users have already liked the company’s website. – Қазірдің өзінде жеті жүзден астам Фейсбук қолданушылар компанияның уэб-сайтын лайктеді. 5. (idm) *how would you like it? (біреу саған теріс нәрсе істесе) қайтер едің? ¨How would you like it if someone called you a liar? – Саған/Сені біреу суайт(сың) десе, қайтер едің? *if you like (informal) a) қаласаң, қажет болса ¨‘Shall we stop now?’ ‘If you like.’ – «Тоқтаймыз ба енді?» «Өзің біл». ¨If you like, we could go out this evening. – Қаласаң, бүгін кешке тысқа шығар едік. b) қалай дегенде, қалай айтса да ¨It was, if you like, the dawn of a new era. – Бұл, қалай дегенде де, жаңа дәуір шапағы еді. ¨We don’t have a proper agreement, but we have an informal understanding, if you like. – Бізде дұрыс келісім де жоқ, бірақ өзара түсіністік бар, қалай десе де. *I like that! (old-fashionedinformal) мынаны қара! (мынаң ғара деп айтылады), мінеки! ¨‘She called you a cheat.’ ‘Well, I like that!’ – «Ол сені суайт деді». «Ал, ендеше!» ¨I like that! She didn’t even say thank you! – Мынаны қара! Ол рахмет де деген жоқ! *I/I’d like to think/believe ... деп үміттенемін/ойлаймын дег мағ ¨I’d like to think that we offer an excellent service. – Біз тамаша қызмет көрсететін шығармыз деп ойлаймын. ¨I would like to believe that the company can be successful in the future. – Компания болашақта табысқа жетеді деп ойлаймын/ сенемін. *what’s not to like? (informalhumorous) тамаша, керемет ¨You get paid to eat chocolate. So what's not to like? – Саған шоколадты жегенің үшін төлепті ғой. Тамаша екен! ¨I love a good bagel - what’s not to like? – Жақсы багелді жаным сүйеді – паһ, кереметі-ай! ¨It's a big house with a swimming pool. What's not to like? – Бұл бассейні бар үлкен үй. Керемет! ¨They serve great coffee and the cakes are divine. What’s not to like? – Олардың беретін кофесі жақсы, торттары керемет. Шынымен де тамаша! C.conj (informal) 1. сияқты, ұқсаған, -ныкіндей, -нікіндей, -дай, -дей, -тай, -тей, -ындай, -індей ¨No one sings the blues like she did. – Ол сияқты ешкім (де) блюзды айта алмайды. ¨It didn't turn out like I intended. – Бұл мен ойлағандай болмады. ¨Like I said, you're always welcome to stay. – Өзім айтқандай, ылғи да келіп тұра бергін. ¨No one else can score goals like he can! – Ешкім (де) ол сияқты гол соға алмайды! ¨Don’t talk to me like you talk to a child. – Маған балаға сөйлегендей сөйлеме. 2. құдды (бір) ... сияқты, дәп/тура (бір) ... секілді ¨She acts like she owns the place. – Ол өзін дәп бір сол жердің қожасы сияқты ұстайды. ¨He looked at me like I was mad. – Маған жындыға қарағандай қарады. ¨It looks like it’s going to rain. – Жаңбыр жауатын сияқты болып тұр. ¨This meat smells like it’s gone bad. – Мына ет бұзылып кеткен сияқты. D.n 1. ~s ұнататын, жақсы көретін нәрселер ¨We all have different likes and dislikes. – Біздің жақтыратын, жақтырмайтын нәрселеріміз әртүрлі.  2.ұқсас, сияқты, осындай, сондай ¨jazz, rock and the like – джаз, рок, тағы сол сияқты ¨The man was a genius. We shall not see his like again. – О кісі керемет ақылды еді. Енді ол сияқты адамды кездестірмейміз. ¨to compare like with like – ұқсас екі нәрсені салыстыру  3. the ~s of smb/smth (informal) осы/сол сияқтылар ¨She didn't want to associate with the likes of me. – Оның мен сияқтылармен араласқысы келмеді. 4.лайк (әлеуметтік желілерде (Фейсбук, В контакте, тсс) біреуден жақсы баға алу) ¨The band now has thousands of likes. – Ансамбльдің/Топтың мыңдаған лайгі бар. E.adj (formal) сияқты, ұқсаған, тәрізді, секілді, -ныкіндей, -ындай, тсс ¨a chance to meet people of like mind – осы/сол сияқты адамдармен жүздесу сәті ¨She responded in like manner. – Ол осы сияқты/секілді жауап берді. F.adv 1. (сөйлегенде кідіріген, ойланған кезде қолд) ¨It was, like, weird. - Бұл біртүрлі екен. ¨It was kind of scary, like. -–Бұл бір қорқынышты болды. ¨It's really hard. Like I have no time for my own work. – Шынымен де қиын. Өз ісімнің өзіне уақыт таба алмаймын. ¨The water was, like, really cold. – Су шынымен де суық екен. ¨I was just, like, standing there. – Сол жерде состиып тұрдым. 2.шамамен, төңірегінде ¨I'm leaving in like twenty minutes. – Шамамен жиырма минутта кетемін. ¨It's going to cost like a hundred dollars. – Бұл жүз доллардай тұратын болады. 3. I’m, he’s, she’s, etc. ~ мен дедім/деймін, ол деді/дейді дег мағ ¨And then I'm like ‘No Way!’ – Сосын «Жоқ, болмайды!», дедім.  ¨I asked Dave if he wanted to go, and he’s like, no way! – Дейвтен кетесің бе деп сұрағанымда, ол болмайды деді. 4. (idm) *(as) like as notlike enoughmost/very like (old-fashioned) дәп/тура солай шығар ¨She would be in bed by now, as like as not. – Ол енді жатып та қалған шығар. ¨The ambulance will be too late, as like as not. – Жедел жәрдем тым кешігетін шығар.

-like comb form cсияқты, тәрізді, секілді ¨childlike ¨shell-like