likely [ˈlaɪkli] A.adj (-lier, -liest) 1.сияқты, мүмкін, сірә, өйтетін болар, өйтетін шығар ¨the most likely outcome – ең мүмкін/ықтимал қорытынды ¨a likely scenario – мүмкін/ықтимал сценарий/оқиғаның өрбуі ¨a likely Oscar nominee – Оскар премиясына ұсынылуы мүмкін үміткер ¨Tickets are likely to be expensive. – Билеттер қымбат болатын сияқты. ¨It's more than likely that the thieves don't know how much it is worth. – Ұрылар оның бағасының қаншалықты екенін білмейтін сияқты. ¨They might refuse to let us do it, but it's hardly likely. – Олар біздің бұны істеуімізге жол бермейтін сияқты, бірақ олай бола қоймас. 2.лайықты сияқты/көрінген (syn: promising) ¨She seems the most likely candidate for the job. – Ол осы жұмысқа ең лайықты көрінеді/сияқты. 3. (idm) *a likely story (informal, ironic) сенуге қиын оқиға ¨You just found it lying in the street? A likely story! – Бұны көшеде жатқан жерінен тауып алдым дейсің бе? Сену қиын! ¨The cat ate your science project? Likely story. – Мысық ғылыми жобаңды жеп қойды дейді? Қойшы тегі. B.adv (idm) *as likely as not, most/very likely солай болуы әбден мүмкін, солай шығар ¨As likely as not she's forgotten all about it. – Ол осының бәрін ұмытып та қалған шығар/сияқты. ¨The illness was caused, most likely, by a virus. – Ауру, не де болса, вирустан жұққан сияқты. *not likely! (informal, especially BrE) олай бола қоймас! (мүлде келіспейтінді, қарсылықты білд) ¨Me? Join the army? Not likely! – Мен бе? Әскерге бар дейді? Олай бола қоймас!