likewise [ˈlaɪkwaɪz] adv 1. (formal) сондай, сол сияқты/секілді/тәрізді; да, де, та, те (шылау) ¨He voted for the change and he expected his colleagues to do likewise. – Ол өзгеріс үшін дауыс берді және өз әріптестері де осылай істейді деп ойлады. ¨Her second marriage was likewise unhappy. – Оның екінші некесі де бақытсыз болды/Ол екінші рет үйленгенде де бақ таппады. 2. (informal) сен/сіз де (сөйтіңіз дег мағ), мен де (сөйтемін) ¨‘Let me know if you ever need any help.’ ‘Likewise.’ – «Қандай да бір көмек керек болып жатса, айтқын/айтыңыз». «Сен/Сіз де сөйткін/сөйтіңіз». ¨‘You’re always welcome at our house.’ ‘Likewise.’ – «Өзің(із)ді ылғи да үйімізге құшақ жая қарсы аламыз». «Сен/Сіз де бізге келіп тұрыңыз».