limit [ˈlɪmɪt] A.n 1. ~ smth шек ¨There is a limit to the amount of pain we can bear. – Көтере алар ауыртпалығымыздың да шегі бар. ¨The team performed to the limit of its capabilities. – Команда бар күш-жігерін сала/аямай ойнады. ¨She knew the limits of her power. – Ол өз билігінің шегін білді. ¨to push/stretch/test smb/smth to the limit – біреуді/бірн-ні барынша итеру/созу/сынау ¨His arrogance knew no limits. – Оның менмендігінде шек жоқ болатын. 2. ~ smth (on smth) (syn: restriction) шектеу, шек ¨a time/speed/age limit – уақыт/жылдамдық/жас шегі, шектеулі уақыт/жылдамдық/жас ¨The EU has set strict limits on levels of pollution. – ЕО (Евроодақ) ластану деңгейіне шек белгіледі. ¨They were travelling at a speed that was double the legal limit. – Олар рұхсат етілген жылдамдықтан екі есе қатты жүріп келе/қозғалып бара жатқан болатын. ¨You can't drive - you're over the limit. – Көлік айдай алмайсың(ыз) – (шектен) асыра ішкенсің(із). ¨to keep government spending within acceptable limits – үкімет шығындарын рұхсат етілген шектен асырмау 3.шек, шет, шекара ¨We were reaching the limits of civilization. – Біз цивилизация/ өркениет мүмкіндігінің шегіне жақындап қалдық. ¨the city limits – қала шегі/шекарасы 4. (idm) *be the limit (old-fashioned, informal) өте мазаны алатындай, ығырды шығаратындай болу *the sky’s the limit (informal) біреудің қабілетіне шек жоқ ¨With a talent like his, the sky's the limit. – Осындай дарынмен/талантпен оның асар асуы әлі алда. *within limits белгілі бір шекке дейін, белгілі бір аралықта ¨I'm willing to help, within limits. – Белгілі бір шекке дейін көмектескім келеді. B.v 1. ~ smth (to smth) шектеу, шек қою (syn: restrict) ¨measures to limit carbon dioxide emissions from cars – көліктерден шығатын көмірқышқыл газды шектеу шаралары ¨The amount of money you have to spend will limit your choice. – Жұмсайтын мына ақшамен пәлендей көп таңдай алмайсың(ыз). ¨Families are limited to four free tickets each. – Әр жанұяға төрт тегін билет қана беріледі. ¨I've limited myself to 1 000 calories a day to try and lose weight. – Арықтау үшін өзімді күніне мың калорий азықпен ғана шектеудемін. 2. (phr v) *limit smth (to smb/smth) шектеу, шектелу, шек қою ¨Violent crime is not limited to big cities. – Ауыр қылмыстар ірі қалалармен шектелмейді/тек ірі қалаларда емес. ¨The teaching of history should not be limited to dates and figures. – Тарихты оқыту күндер мен сандарды оқытумен шектелмеуі тиіс.