line [laɪn] A.n 1.сызық ¨a straight/wavy/dotted/diagonal line – түзу/ирек/нүкте-нүкте/қиғаш (диагональ) сызық ¨a vertical/horizontal line – тік/көлденең сызық ¨parallel lines – параллель (қатар) сызықтар ¨Draw a thick black line across the page. – Парақты/Бетті кесе қалың қара сызық сыз. 2. сызық, шек, жолақ ¨The ball went over the line. – Доп сызықтан асты/асып кетті. ¨Be careful not to cross the line. – Абай бол, (машинаңмен) жолақтан шығып кетпе. ¨Your feet must be behind the line when you serve. – (Теннисте) доп берген (допты ұрып ойынға енгізген) кезде сызықтың/жолақтың артында бол(ғын). ¨They were all waiting on the starting line. – Олардың бәрі сөре сызығында күтіп тұрды. 3.әжім (сызығы) (syn: wrinkle) ¨He has fine lines around his eyes. – Көзінің айналасына қылдай сызықтар пайда болыпты. 4.шекара, шек ¨He was convicted of illegally importing weapons across state lines. – Ол шекара арқылы заңсыз қару-жарақ әкелгені үшін сотталды. ¨a district/county line – аудан/округ шекарасы ¨lines of longitude and latitude – бойлық пен ендік сызықтары 5.жік, шек, шекара, аражік; айырмашылық, алшақтық ¨We want to cut across lines of race, sex and religion. – Нәсілшілдік, жыныстық және діни айырмашылықтарды/жіктерді жымдастырғымыз келеді. ¨There is a fine line between showing interest in what someone is doing and interfering in it. – Біреудің ісіне қызығу мен килігудің аражігі - білінер-білінбес. 6.пішін, жиек, сұлба, кескін ¨She was wearing a loose dress which softened the lines of her body. – Ол өз дене кескінін/пішінін жұмсартып көрсететін кең көйлек киіп жүрді. ¨a beautiful sports car with sleek lines – сұлбасы/кескіні нәзік/сүйрік әдемі спорт машинасы ¨a modern building with clean, elegant lines – айқын да әдемі кескінді/сұлбалы қазіргі заманғы ғимарат 7.қатар, сап, тізбе(к) ¨a long line of trees – ағаштардың ұзын тізбегі/қатары ¨The children all stood in a line. – Балалар сап түзей тұрды/бір қатарға тұрды. ¨They were stuck in a line of traffic. – Олар көлік нөпірінде тұрып қалды. 8. (NAmE) кезек, тізбек ¨to stand/wait in line for smth – бірнәрсе үшін кезекке тұру/кезекте күту ¨A line formed at each teller window. – Әр кассаның қасында кезек пайда болды. 9.конвейер (завод-фабрикадағы) 10. тұқым, әулет, үйелмен; тізбек, кезек ¨She came from a long line of doctors. – Ол ата кәсібі дәрігерлік болған тұқымнан шыққан. ¨to pass something down through the male/female line – бірнәрсені еркек/әйел тұқымы бойынша беру/өткізу ¨This novel is the latest in a long line of thrillers that he has written. – Осы роман - оның жазған триллерлер сериалының/шытырман оқиғалы кітаптарының ең кейінгісі. ¨That was the first in a whole line of mistakes and bad decisions. – Қателер мен олқы шешімдер тізбегіндегі ең алғашқысы осы еді. ¨Orders came down the line from the very top. – Заказдар/Тапсырыстар жоғары жақтан тізіліп келді. ¨a line of command – басқару тізбегі ¨He is second in line to the chairman. – Ол төрағадан кейін екінші келеді/Төрағадан кейін келетін - сол. ¨to be next in line to the throne – таққа үміткерлер арасында келесі болу 11. (abbr l) (жазу жазатын/жазылған) жол ¨Look at line 5 of the text. – Текстегі/Мәтіндегі бесінші жолға қара. ¨Write the title of your essay on the top line. – Эссеңнің тақырыбын ең жоғарғы жолға жаз(ғын). ¨I can only remember the first two lines of that song. – Әлгі өлеңнің алғашқы екі жолы ғана жадымда. 12. (пьеса, фильмдегі) актер сөзі, сөз, сөз жолдары ¨to learn your lines – өз(інің ойнайтын, айтатын) сөздерін жаттау ¨a line from the film ‘Casablanca’ – «Касабланка» фильмінен сөз 13. ~s (BrE) (кейбір мектептерде) жаза ретінде кітаптан жазбаша көшірткізіп қою ¨The teacher gave me 100 lines. – Мұғалім маған жүз жол көшіруге берді. 14. (informal) сөз, тіл, сөйлеу мәнері ¨He liked to introduce himself with a witty opening line. – Ол майда тілмен өзін таныстырғанды ұнататын. ¨This was one of his favourite chat-up lines. – Ол оның өзі жақсы көретін тартымды тілі/сөйлеу мәнері еді. 15.жіп, арқан, желі ¨a fishing line – қармақ жібі/ішегі ¨He hung the towels out on the line. – Ол сүлгілергі/орамалдары жіпке жайды. ¨They dropped the sails and threw a line to a man on the dock. – Олар желкендерді түсіріп, арқанды айлақтағы кісіге лақтырды. 16.құбыр, желі, линия 17.телефон желісі/линиясы; телефон номері ¨Your bill includes line rental. – Счетыңызға телефонның абоненттік төлемі қосылған. ¨The company's lines have been jammed all day with people making complaints. – Компанияның телефон желілері күні бойы босамады дағы кісілер шағымданды. ¨I was talking to John when the line suddenly went dead. – Мен Джонмен сөйлесіп жатқан кезде, кенет линия үзіліп кетті. ¨If you hold the line, I'll see if she is available. – Желіде тоса тұрсаңыз, мен оның бар-жоғын білейін. 18.темір жол, темір жол желісі ¨The train was delayed because a tree had fallen across the line. – Поездің кешіккен себебі – жолға ағаш құлапты. ¨a branch line – тармақ желі ¨the East Coast line – Шығыс жаға желісі 19.бағыт, беталыс, бет, жол ¨Just keep going in a straight line; you can't miss it. – Осы тура бағытпен жүре бергін; жолыңда болады. ¨The town is in a direct line between London and the coast. – Кент/Қала Лондон мен теңіз жағасының дәл ортасында. ¨Please move; you're right in my line of vision. – Қозғал(ыңыз)шы, дәл алдыма тұрып алыпсың(ыз). ¨They followed the line of the river for three miles. – Олар өзен бойымен үш миль жүрді. ¨Be careful to stay out of the line of fire. – Байқа, атыс арасында қалма/атылған оқ жолында қалма. ¨Their aim was to block guerrilla supply lines. – Мақсаттары/Олардың мақсаты – партизандарға/ көтерілісшілерге керек-жарақ келетін жолды бөгеу. 20. (саясаттағы, көзқарастағы) бағыт, жол, курс, ұстаным, линия ¨The government is taking a firm line on terrorism. – Үкімет терроризм бойынша қатаң бағыт ұстануда. ¨He supported the official line on education. – Ол оқу жөніндегі ресми бағытты қолдады. 21.пікір желісі, көзқарас негізі, істің қыры ¨I don't follow your line of reasoning. – Сенің/Сіздің неге бұлай ойлайтының(ыз)ды ұға алмай жатырмын. ¨She decided to try a different line of argument. – Ол мәселеге басқа қырынан жақындамақ болып ұйғарды. ¨somebody’s first line of attack/defence – пікір талқысындағы біреудің «алғашқы шебі»/алға тартқан дәлелдері ¨The police are pursuing a new line of enquiry/inquiry. – Полиция тергеуді жаңа/тың бағытпен жүргізуде. 22. сала (кәсіптің, қызметтің) ¨My line of work pays pretty well. – Жұмысымда жалақыны жақсы төлейді. ¨You can't do much in the art line without training. – Бейнелеу өнерінде дайындықсыз көп нәрсе тындыру қиын. ¨line of work/business – жұмыс/кәсіп саласы ¨She’s keen to do something in the fashion line. – Ол сән саласында бірнәрсе істеуге ынталы. 23.өнім, товар, өндірілген зат/бұйым ¨We are starting a new line in casual clothes. – Біз күнделікті киімдердің жаңа өнімдерін/түрлерін шығара бастадық. ¨Some lines sell better than others. – Кейбір өнімдер басқаларына қарағанда жақсы сатылады. ¨The company has just launched a new line of small, low-priced computers. – Компания жаңа ғана шағын да арзан компьютерлерді шығара бастады. 24. транспорт/ көлік компаниясы ¨a shipping/bus line – жүк тасу/автобус компаниясы 25. әскери шеп, ұрыс шебі ¨The regiment was sent to fight in the front line. – Полк алғы шепке/ұрыс шебіне жөнелтілді. ¨They were trapped behind enemy lines. – Олар қоршауда қалды/жау шебінің арғы жағында қалды. ¨They finally broke through the German line. – Олар ақыры неміс әскері шебін бұзды. ¨Reinforcements were available just behind the lines. – Тың күштер ұрыс шебінің артында әзір/дайын тұрды. 26. (slang) иіскеу үшін әдейі тізген кокаин ұнтағы 27. (idm) *along/down the line (informal) әйтеуір бір нүктеде, тұста, кезеңде ¨Somewhere along the line a large amount of money went missing. – Әйтеуір бір тұста ірі сомадағы ақша жоғалып кетті. ¨We'll make a decision on that further down the line. – Ол (мәселе) жайлы кейінірек шешетін боламыз. *along/on (the)… lines (informal) сол сияқты, соған ұқсас/ұқсаған ¨The new system will operate along the same lines as the old one. – Жаңа жүйе көнесі/көне жүйе сияқты істейді/істейтін болады. ¨They voted along class lines. – Олар әлеуметтік тап бойынша дауыс берген/тап-тап болып дауыс берген. ¨We usually start with general questions along the lines of, ‘How do you feel?’ – Біз әдетте жалпы сұрақтарымызды «Қалайсың(ыз)?» деген сияқты сөздермен бастаймыз. ¨They’re trying to organize a trip to the beach or something along those lines. – Олар пляжға барайын деп жиналып және сол сияқты істермен айналысып жатқан. ¨Those aren't his exact words, but he said something along those lines. – Ол оның нақты сөздері емес, алайда ол осы сияқты сөздер айтты. ¨The hotel was built along the lines of a French chateau. – Мейманхананы француз қамалына ұқсас етіп салған. *the battle lines are drawn «майдан шебі айқындалды», кімнің кімді жақтайтыны белгілі болды *be, come, etc. on line a) істеп жату, әрекет етіп жату ¨The new working methods will come on line in June. – Жұмыс істеудің жаңа әдістері маусымда енетін болады. ¨a new nuclear reactor which should be on line by 2005 – 2005 жылы істей бастайтын жаңа атом реакторы/ядролық реактор ¨If there is a power failure, the emergency generators should come on line within 15 minutes. – Электр қуаты үзілсе, төтенше жағдай аккумуляторлары 15 минутта қосылады. b) компьютерге, интернетке қосылған, онлайн ¨All the new homes are on line. – Барлық жаңа үйлер интернетке қосылған/онлайн. ¨You can book tickets on line. – Билетті онлайн заказ беруге болады. ¨Most of our sales staff now work on line. – Сатушыларымыздың көпшілігі енді онлайн жұмыс істейді. *be in the firing line (BrE) (NAmE be on the firing line) атыс жолында/ арасында болу, атысып жатқан жерде болу ¨attempts to prevent civilians from being in the firing line – жай азаматтарды атыс қаупі бар жаққа жібермеуге тырысу ¨(ауысп. мағ.) The employment secretary found himself in the firing line over recent job cuts. – Еңбек министрі кейінгі кездердегі жұмыстан қысқаруларға қатысты ащы сынның астында қалды. *bring smb/smth, come, get, fall, etc. into line (with smb/smth) «сапқа тұрғызу», басқалармен бірдей деңгейге әкелу/келтіру, басқалар сияқты ету ¨Britain must be brought into line with the rest of Europe on taxes. – Салық бойынша Британияның Европаның басқа елдерімен бірдей деңгейге келуі керек. ¨Now that France and Germany have signed up, other countries will soon fall into line. – Енді Франция мен Германия қол қойғаннан кейін, басқа елдер де сөйтетін болады. ¨The few party rebels were soon brought into line. – Партияда шу шығарғандарды біраздан кейін сабасына түсірді. *draw a line under smth (BrE) «бірн-ң астын сызу», бірн-ні бітіру, аяқтау *(reach) the end of the line/road «желінің/жолдың соңына жету», біту, аяқталу ¨A defeat in the second round marked the end of the line for last year's champion. – Екінші айналымдағы жеңіліс былтырғы чемпиондар үшін жарыстың соңы болды. *hook, line and sinker толығымен, мүлде ¨What I said was not true, but he fell for it hook, line and sinker. – Айтқаным шын емес болатын, алайда ол мүлде сеніп қады. *in (a) line (with smth) бір сызықта, бір сызық бойында ¨An eclipse happens when the earth and moon are in line with the sun. – Жер мен Ай Күнге қатысты бір сызық бойында орналасқан кезде тұтылу болады. *in line for smth кезегі келу, кезекте болу ¨She is in line for promotion. – Ол (қызметте) жоғарылайтын кезекте. ¨He must be first in line for the editor’s job. – Редактор болатын кезек енді соныкі/кезекте ол бірінші болуы тиіс. *in the line of duty жұмыс кезінде, қызметін/міндетін атқарып жүріп ¨A policeman was injured in the line of duty yesterday. – Полиция қызметкері кеше жұмыс кезінде жараланды. *in line with smth бірн-ге сай/сәйкес, байланысты ¨Annual pay increases will be in line with inflation. – Жалақының жыл сайынғы өсімі инфляцияға сай келетін болады. *lay it on the line (informal) ойын төтесінен, ашық айту ¨The manager laid it on the line - some people would have to lose their jobs. – Менеджер/Басқарушы төтесінен/ашық айтты – кейбір қызметкерлердің жұмыстан босауы керек болады. *(choose, follow, take, etc.) the line of least resistance бірн-ң ең жеңіл жолы(н таңдау) *(put smth) on the line (informal) қауіпті жағдайда ¨If we don't make a profit, my job is on the line. – Пайда таппасақ, жұмысым құруға айналады. *out of line (with smb/smth) a) түзу емес, қисық, қисайған b) өзгеше, басқаша ¨London prices are way out of line with the rest of the country. – Лондондағы бағалар елдің басқа бөлігіне қарағанда мүлде басқаша. c) (NAmE) (BrE out of order) (informal) оғаш, біртүрлі, дұрыс/жөн емес *toe the line (NAmE also toe the mark) биліктегі біреудің айтқанын істеу ¨One or two of them refused to toe the line. – Олардың бір-екеуі бастықтардың айтқанын істемей қойды. ¨to toe the party line – партия бағытына бағыну *walk/tread a fine/thin line «қыл үстімен жүру» ¨He was walking a fine line between being funny and being rude. – Ол қылжақбастың пен дөрекіліктің аражігінде амалдап жүрді. B.v 1. ~ smth (with smth) астарлау, астар тігу; ішкі жағына астарлы қабат салу, ішкі жағын бірнәрсемен жиектеу ¨Line the pan with greaseproof paper. – Табаның ішіне май сорғыш қағаз қой. ¨Are those curtains lined? – Ана перделер астарланған ба? ¨a leather coat lined with silk – жібекпен астарланған былғары үст киім ¨The birds use small leaves for lining their nests. – Құстар ұяларының ішіне титтей жапырақтар салады. ¨The cage should be lined with straw. – Аң қамайтын тордың ішін қамыспен жиектеу керек. ¨the membranes that line the nose – мұрынды астарлайтын мембрана 2. (бірн-ң жиегіне) қатарлай, тізе қою ¨Crowds of people lined the streets to watch the race. – Көлік жарысын көру үшін қарақұрым жұрт көшелердің бойына тізіліп тұрды. ¨The walls were lined with books. – Қабырғаларды бойлай/жиектей тізілген кітаптар. 3. (idm) *line your (own)/ smb’s pockets айла-шарғымен баю не байыту ¨Health services are lining the drug companies’ pockets, according to the report. – Баяндамаға сай, денсаулық сақтау орындары фармацевтика компанияларын байытуда. 4. (phr v) *line up кезекке, қатарға, сапқа тұру ¨Line up, children! – Балалар, сапқа тұр(ыңдар)/ тізіліп тұрыңдар! ¨Cars lined up waiting to board the ship. – Кемеге міну үшін машиналар тізіліп/тізіле тұрды. *line smb/smth up a) кезекке, қатарға, сапқа тұрғызу; тізу ¨The suspects were lined up against the wall. – Күдіктілер қабырғаны бойлай қатарға тұрды. ¨He lined the bottles up along the shelf. – Ол шөлмектерді/ бөтелкелерді шкафқа тізе/тізіп қойды. b) ойластыру, реттеу, ұйымдастыру, пысықтау ¨Mark had a job lined up when he left college. – Марк колледжді бітірген кезде жұмыс жайын пысықтады. ¨I've got a lot lined up this week. – Бұл аптада істейтін шаруам тізіліп тұр. ¨She's lined up a live band for the party. – Ол тойға/сауық-кешке эстрадалық ансамбль шақырды. *line smth up (with smth) түзеу, түзей, дұрыс қою, сәйкестендіру, сәйкес, сай орналастыру ¨To get good TV reception, the dish must be accurately lined up with the satellite. – Телевизор жақсы көрсету үшін, спутник антеннасын спутникпен сәйкестендіру керек/қажет. ¨The windows should be lined up with the door frame. – Терезелерді есіктің қашегіне/рамасына сай орналастыру керек.