link [lɪŋk] A.n 1. ~ (between A and B) (өзара) байланыс, қатынас, қарым-қатынас, арақатынас, ілініс, жалғау, жалғас ¨the link between drug use and crime – нашақорлық пен қылмыстың өзара байланысы/ арақатынасы ¨There are a number of links between the two theories. – Екі теория арасында бірнеше байланыс/ арақатынас бар/Екі теория өзара бірнеше жерден байланысады/ілініседі. ¨the close link between teacher and student – мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз байланыс ¨The company has strong links with big investors. – Компанияның инвесторлармен тығыз қатынасы бар. ¨Organizers of the project hope that international links will be forged. – Жобаны ұйымдастырушылар халықаралық байланыстар орнайды деп үміттенеді. ¨Social customs provide a vital link between generations. – Салт-дәстүр ұрпақтар арасын ажырамастай жалғайды. 2.байланыс, көлік, транспорт; коммуникация ¨a high-speed rail link – шапшаң темір жол байланысы ¨a link road – жалғау/ жалғайтын жол ¨a video link - видеобайланыс ¨The speech was broadcast via a satellite link. – Сөз спутниктік байланыс арқылы таратылды/жайылды. 3.(also hotlink, hyperlink) (computing) электронды байланыс, онлайн байланыс ¨To visit similar websites to this one, click on the links at the bottom of the page. – Осы сияқты уэб-сайттарға жалғасу үшін парақ/бет астындағы байланыстарды кліктеңіз/басыңыз. 4.сақина, түйін, буын (шынжырдың, тізбектің) ¨I am a link in the chain, a bond of connection between persons. – Мен тізбектегі буынмын – кісілер арасындағы дәнекермін. 5. (idm) *a link in the chain «шынжыр сақинасы/буыны», тізбектегі буын, кезең ¨Food production, processing and marketing are different links in the chain from farmer to consumer. – Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу және маркетиң – фермер мен тұтынушы арасындағы тізбектің түрлі буындары. ¨Death is the last link in the chain. – Өлім - өмір тізбегіндегі соңғы буын. B.v 1.байланысу, қатынасу, жалға(н)у, жалғасу, ілін(іс)у, түйісу, тоғысу (syn: connect) ¨~ A to B The video cameras are linked to a powerful computer. – Видеокамералар қуатты компьютерге жалғанған. ¨~A with B The Channel Tunnel links Britain with the rest of Europe. – Ла-Манш туннелі Британияны Европаның басқа бөліктерімен жалғайды. ¨~ A and B (together) When computers are networked, they are linked together so that information can be transferred between them. – Компьютерлер желіге қосылғанда/ қосылған кезде олар өзара жалғанған, сөйтіп информацияны бір-біріне өткізіп отыруға болады. 2.өзара байланысты болу ¨~ A to/with B Exposure to ultraviolet light is closely linked to skin cancer. – Әсірекүлгін жарықтың көп түсуі тері рагына душар етуі мүмкін. ¨~ A and B The two factors are directly linked. – Бұл екі фактор тікелей байланысты. ¨The personal and social development of the child is inextricably linked. – Баланың жеке және әлеуметтік жетілуі өзара тығыз байланысты. 3. ~ A to/with B | ~ A and B өзара қатынаста болу, өзара байланысты болу (syn: associate) ¨Detectives have linked the break-in to a similar crime in the area last year. – Із кесушілер/Детективтер бұзып кіру қылмысын осы тұста өткен жылы болған осы сияқты қылмыспен байланыстырды. ¨Newspapers have linked his name with the singer. – Газеттер оның әншімен байланысы бар дейді. 4. ~ A and B қос(ыл)у, жалға(с)у, байланыстыру ¨The two girls linked arms as they strolled down the street. – Екі қыз көшемен қол ұстаса жүрді. 5. (phr v) *link up (with smb/smth) байланыс(тыр)у, жалғас(тыр)у, жалға(н)у, түйісу, тоғысу ¨The two spacecraft will link up in orbit. – Екі ғарыш кемесі орбитада түйісетен болады. ¨The bands have linked up for a charity concert. – Музыкалық топтар мейірім концертіне тоғысты.