liquid [ˈlɪkwɪd] A.n сұйықтық, сұйық зат ¨How much liquid do you think this bottle contains? – Мына шөлмекте/ бөтелкеде қанша сұйықтық бар деп ойлайсың(ыз)? ¨Drain (off) any liquid that is left in the rice. – Күршіте қалған бар сұйықтықты/ суды сарқы(ңыз). B.adj 1.сұйық ¨liquid soap – сұйық сабын ¨liquid nitrogen – сұйық азот ¨The detergent comes in powder or liquid form. – Бұл жуғыш зат ұнтақ не сұйық күйінде болады. ¨a bar selling snacks and liquid refreshment – жеңіл тағам мен сусындар сататын бар ¨a liquid lunch – арақ-шарап ішілген түсі ас 2. (finance) ақшалай; өтімді (оңай сатылатын), ликвид(ті) ¨liquid assets – ликвид(ті) қорлар 3. (literary) мөлдір ¨liquid blue eyes – мөлдір көк/көгілдір көздер (syn: limpid) 4. (literary) ашық, айқын, тамылжыған, сусыған ¨the liquid song of a blackbird – қара торғайдың тамылжыта сайрасы ¨Italian is rich in broad open vowels and liquid consonants. – Итальян тілі ашық кең дауыстылар мен сусыма дауыссыз дыбыстарға бай.