list [lɪst] A.n 1.тізім ¨a shopping/wine/price list – сатып алатын заттар тізімі/шарап(тар) тізімі (менюі)/бағалар тізімі (каталогы) ¨to make a list of things to do – істелетін шаруалардың тізімін жасау ¨(formal) to draw up a list – тізім жасау ¨Is your name on the list? – Аты-жөнің тізімде бар ма? ¨Having to wait hours came high on the list of complaints. – Ұзақ уақыт күткізіп қою жайттары шағымдар тізімінің алдыңғы жағында болды. ¨Her novel shot to the top of the bestseller list. – Оның романы үздік сатылатын кітаптар тізімінің алдына шықты. 2.кеменің бір бүйіріне жантаюы B.v 1. ~ smb/smth тізімдеу, тізім жазу/жасау, тізімге алу, тізу, тізіп шығу ¨We were asked to list our ten favourite songs. – Бізден ең жақсы көретін он әнімізді тізіп шығуды өтінді. ¨Towns in the guide are listed alphabetically. – Жөн сілтеу кітапшасындағы кенттер алфавит бойынша тізімделген/тізілген. ¨The koala is listed among Australia's endangered animals. – Коала Австралияның қауіп төнген аңдарының тізіміне енген/ тізімінде. ¨soldiers listed as missing – жоғалған/ жоғалды деген солдаттар тізімі 2. ~ (at smth) | ~ smth сатылатын заттар тізімінде болу ¨This CD player lists at $200. – CD плейер $200 тұрады. 3. (кеме ж) бір бүйіріне жантаю