litter [ˈlɪtə(r)] A.n 1. (әр тұста жатқан) қоқыс, қоқсық, қоқтық, қоқыр, қоқыр-соқыр, сыпырынды ¨There will be fines for people who drop litter. – Қоқыс тастағандарға айыппұл салынатын болады. 2. ~ of smth шашылып жатқан, жиналмаған нәрселер ¨The floor was covered with a litter of newspapers, clothes and empty cups. – Еденде газеттер, киім-кешек және бос қалбырлар ыбырсып/ шашылып жатты. 3. (үй жануарының дәретін сіңіретін) құрғақ қоқым ¨cat litter – мысық дәретін сіңіретін құрғақ қоқым ¨a litter tray/box – үй жануары дәрет астауы 4.төл (бір енеден туылған күшіктер) ¨a litter of puppies – төл/бір енеден туған күшіктер ¨the runt of the litter – күшіктердің ең әлжуазы 5.сабан (құрғақ дәнді дақыл сабақтары) 6.бұрынғы заманда бай адамдарды тасуға арналған зембіл B.v 1. ~ smth шашылып, бықсып, ыбырсып жату ¨Piles of books and newspapers littered the floor. – Кітап-газет үйінділері еденде шашылып/ығы-жығы болып жатты. ¨Broken glass littered the streets. – Әйнек сынықтары көшеде шашылып жатты. 2. ~ (smth) (with smth) (заттарды) шашып, бықсытып кету, шашылып жату ¨The floor was littered with papers. – Еденде газеттер шашылып жатты. ¨(NAmE) He was arrested for littering. – Ол қоқыс шашқаны үшін тұтқындалды/Оны қоқоыс тастағаны үшін ұстады. 3. be ~ed with smth (қатеге, олқылыққа) толы болу ¨Your essay is littered with spelling mistakes. – Эссең жазбаша қатеге толы.