live 1 [lɪv] v 1. (белгілі бір жерде, үйде, тсс) тұру, жасау, өмір сүру, мекендеу ¨to live in a house – үйде тұру ¨Where do you live? – Қайда тұрасың? ¨She needs to find somewhere to live. – Оған тұратын жер/мекен керек. ¨We used to live in London. – Біз Лондонда тұрғанбыз. ¨Both her children still live at home. – Екі баласы да әлі өз қолында/үйінде тұрады. ¨(informal) Where do these plates live? – Бұл табақтар/тарелкалар қай да тұрады/қойылған? 2.тірі болу/қалу, өмір сүру ¨The doctors said he only had six months to live. – Дәрігерлер оған алты ай өмір сүру қалғанын айтты. ¨Spiders can live for several days without food. – Өрмекшілер бірнеше күн қорексіз өмір сүре алады. ¨She lived to see her first grandchild. – Ол өзінің тұңғыш немересін көре алды/көріп қайтыс болды. 3.өмір сүру/кешу ¨When did Handel live? – Гандель/Һандел қашан өмір сүрген? ¨He's the greatest player who ever lived. – Ол - ешкім тең келмеген ұлы ойыншы. ¨He lived in poverty most of his life. – Ол өмірінің көп бөлігін кедейлікте өткізді. ¨She lived a very peaceful life. – Ол тыныш өмір сүрді/кешті. ¨They lived their lives to the full. – Олар белсене өмір сүрді. ¨She lived and died a single woman. – Ол жалғызбасты әйел болып өмірден өтті. ¨I don't want to be stuck in an office all my life - I want to live! – Өмір бойы офиске қамалғым келмейді – өмір сүргім келеді! 4. есте/жадта қалу, (санадан) өшпеу (syn: remain) ¨This moment will live in our memory for many years to come. – Осы сәт жылдар бойы жадымызда қалатын болады. ¨Her words have lived with me all my life. – Оның сөз(дер)і өмір бойы есімде қалыпты. 5. (idm) *live and breathe smth бірн-ге құштар болу, есіл-дерті бірн-е болу ¨He just lives and breathes football. – Оның есіл-дерті - футбол. *live and let live (saying) «өзі де өмір сүру, елге де маза беру», елмен шығысу, жарасу *live by your wits ақылмен не айламен ақша табу *live (from) hand to mouth тапқан табысы күнгөріске ғана жету *live in the past «өткен заманда өмір сүру», қазіргі өзгерістермен, ағымдармен санаспау *live in sin (old-fashioned or humorous) «күнәда өмір сүру», неке қимастан ерлі-зайыптыларша өмір сүру *live it up (informal) ақшаны аямай мәре-сәре күн кешу *live a lie сырын ашпай өмір сүру, жалған бетпердемен өмір сүру *live off the fat of the land дәулетті/бай өмір сүру *live off the land «азығын жерден табу», өзі өсіріп, аң аулап не ұрлық-қарлық жасап күн көру *live to fight another day (saying) опық жесе де қайтпау, шегінбеу *you haven’t lived «әлі өмір көрмедің», өмірде әлі көп нәрсені көрмедің ¨You've never been to New York? You haven't lived! – Нью-Йоркте болмадым дейді? Өмірді әлі көрмепсің ғой! *you live and learn өмір бойы үйренесің (тосын бірнәрсеге ерекше таңырқағанды білд) 6. (phr v) *live by smth белгілі бір көзқарасты, принциптерді ұстану ¨That's a philosophy I could live by. – Бұл - мен ұстанарлық өмірлік философия. *live by doing smth белгілі бір тірлікпен, кәсіппен күн көру ¨a community that lives by fishing – балықшылықпен күн көретін қауым *live smth down «абұйырсыз жайтты ұмытқызу», біреу жасаған ұят/масқара нәрсенің жұрттың ұмытуы ¨She felt so stupid. She'd never be able to live it down. – Соншама ақымақ сезінді. Жұртқа көзтүрткі болып жүретін болды/Бұл жайт арына түскен таңбадай болып қала береді. *live for smb/smth біреу/бірнәрсе үшін, -ге бола өмір сүру, біреу/бірн-е өмірінің мән-мағынасы боу ¨She lives for her work. – Ол жұмысы үшін өмір сүреді. ¨After his wife died, he had nothing to live for. – Әйелі қайтыс болғаннан кейін оның өмірінде мән-мағына қалмады. *live in жұмыс істейтін жерде тұру ¨They have an au pair living in. – Олармен бірге тұратын көмекші әйел/қыз бар. *live off smb/smth (often disapproving) біреудің/бірн-ң арқасында күн көру ¨She's still living off her parents. – Ол әлі әке-шешесінің арқасында күн көреді. ¨to live off welfare – мемлекеттің жәрдеміне күн көру ¨Mom used to live off the interest from her savings. – Анам өзінің банкке жиған ақшасының өсіміне күн көрді. ¨Most people in the countryside live off the land. – Көптеген адам ауылда өмір сүріп, күнгөрісін/ нәпақасын жерден табады. *live off smth бірнәрсе жеп күнелту/күн көру ¨He seems to live off junk food. – Ол әйтеуір кезіккен тамағын жеп күн көретін сияқты. *live on өмір сүре беру, өмірін жалғастыру ¨She died ten years ago but her memory lives on. – Ол он жыл бұрын қайтыс болған, алайда оның бейнесі ұмытылмақ емес. ¨He lived on for fifteen years after his wife died. – Ол әйелі қайтыс болғаннан соң он бес жыл жасады. *live on smth a) бірнәрсемен қоректеніп өмір сүру ¨Small birds live mainly on insects. – Кішкентай құстар шыбын-шіркей/жәндік жеп күн көреді.b) (often disapproving) бірнәрсені жей беру ¨She lives on burgers. – Ол бургерді жей береді/ Оның жегені – бургер/ Ол қашан көрсең де бургер жеп жатады. c) жеткілікті қаражаты болу ¨You can't live on forty pounds a week. – Аптасына қырық фунтқа күн көре алмайсың. ¨My salary isn't enough for us to live on. – Жалақым күнгөрісімізге жетпейді. *live out жұмыс не оқу орнынан қашықта тұру ¨Some college students will have to live out. – Кейбір колледж студенттері алыстан келіп оқиды. *live out smth a) ойын іске асыру ¨to live out your fantasies – өз фантазияларын/қиялдарын іске асыру b) өмірінің қалғанын белгілі бір күйде өткізу ¨He lived out his days alone. – Өмірінің қалғанын жалғыз өткізді. *live through smth бірнәрсені басынан кешіру/өткеру ¨He has lived through two world wars. – Ол екі дүниежүзілік соғысты басынан кешірді. *live together (also live with smb) a) (бір үйде) бірге тұру b) (үйленбестен) бірге тұру (syn: cohabit) *live up to smth біреудің үмітін ақтау, біреу ойлағандай жақсы болу ¨He failed to live up to his parents' expectations. – Ол ата-анасының үмітін ақтамады. ¨The bank is insolvent and will be unable to live up to its obligations. – Банктің халі мүшкіл, міндеттемелерін орындай алмайды. ¨The film has certainly lived up to my expectations. – Фильм өзім қалағандай/күткендей болды. *live with smb = live together *live with smth бой ұсыну, көну, көндігу, шыдау (syn: put up with, tolerate) ¨I just had to learn to live with the pain. – Санаға қадалған шаншуға көндігуге тура келді. ¨You have to learn to live with stress. – Стреске/Торығуға шыдап үйрену керек. ¨He has lived with his illness for most of his life. – Өмірінің көп бөлігін осы дертіне/ауруына көніп өткізді.
live 2 [laɪv] A.adj 1.тірі, жаны бар ¨live animals – тірі жануарлар ¨the number of live births – тірі туған нәрестелер саны ¨We saw a real live rattlesnake! – Біз нағыз ысылдағыш жылан көрдік! 2.тікелей, жанды (эфир) ¨live coverage of the World Cup – әлем чемпионатынан тікелей репортаж/көрсетілім 3.жанды (музыка, яғни, фонограмма емес) ¨The club has live music most nights. – Клубта көптеген түндерде жанды музыка бар. ¨a live recording made at Wembley Arena – Уэмбли-аренадағы концерттен жазылып алынған таспа ¨the band’s new live album – муз-қ топтың концертінен жазылған альбом ¨It was the first interview I'd done in front of a live audience. – Бұл менің көрермендер алдында тікелей алған интервьюім. 4.электрге, электр тогына қосылған (сымтемір, жабдық) ¨That terminal is live. – Ана клеммада ток/электр тогы бар. ¨Be careful – those wires are live. – Байқа – ана сымдарда ток бар. 5.пайдалануға әзір, жарылатын, жанатын, тың ¨live ammunition – дайын/тың оқ-дәрі ¨They came across a field of live, unexploded mines. – Олар тың, жарылмаған миналар бар алқапқа тап болды/кез келді. 6.жанып жатқан, маздап тұрған, алаулаған (көмір) ¨She threw the paper onto the live coals. – Ол қағазды жанып жатқан көмірге тастады. 7. «жанды», құрамында әлі тірі бактерия бар (йогурт) 8.өзекті, өткір (мәселе) ¨Drink-driving is still very much a live issue. – Ішіп алып көлік айдау - әлі де өткір мәселе. ¨Pollution is still very much a live issue. – Айналаның ластануы - әлі де өте өзекті мәселе. 9. (интернет арқылы) қосылған ¨Here are some live links to other aviation-related web pages. – Міне(ки), авиацияға қатысты уэб-беттеріне тікелей байланыстар. 10. (idm) *a live wire жігері асып-тасыған адам, өте белсенді кісі B.adv 1.оқиға орнынан тікелей жазылып алынған; жанды концерт болған; концерт кезінде жазылып алынған ¨The show is going out live. – Шоу тікелей көрсетілуде. ¨The match will be shown live by the BBC. – Матч ВВС-ден тікелей көрсетілетін болады. ¨The band is playing live in Birmingham tonight. – (Осы) топ бүгін кешкісін Бирмингемде жанды концерт береді. ¨Their latest CD was recorded live in New York. – Олардың соңғы CD-і Нью-Йорктегі концерттен тікелей жазылған. 2. (idm) *go live (computing) (компьютер жүйесі, уэб-сайт, тб ж) жұмыс істей бастау, іске қосылу ¨When does the new website go live? – Жаңа уэб-сайт қашан қосылады/істей бастайды? ¨Their new information retrieval system went live last month. – Олардың жаңа информация қордалау жүйесі өткен айда істей бастады. ¨a new security project which will go live in October – қазан айында іске қосылатын жаңа қауіпсіздік жобасы