living [ˈlɪvɪŋ] A.adj 1.тіршілік ететін, тірі, өмір сүретін ¨all living things – барлық тіршілік иелері/тірі нәрселер ¨living organisms – тірі организмдер ¨the finest living pianist – қазіргі кездегі тамаша пианист ¨The elephant is the biggest living land animal. – Піл – қазіргі кезде құрлықта өмір сүретін ең ірі жануар/хайуан. 2.қазіргі кезде бар, тірі ¨living languages – тірі/қазіргі кезде бар тілдер ¨a living faith – қазіргі кезде бар дін 3. (idm) *be living proof of something/that… «тірі дәлел», қазіргі кезде бар дәлел я мысал ¨These figures are living proof of the government's incompetence. – Мына сандар үкіметтің епсіз екенінің нағыз дәлелі. ¨He is living proof that not all engineers are boring. – Оған қарап инженер(лер)дің бәрі тегіс/шетінен зеріктірерлік емес екенін көруге болады. *within/in living memory жұрттың есіндегі, жұрт/ел білетін/көрген ¨the coldest winter in living memory – ел жақсы білетін/бәрінің есіндегі ең суық қыс B.n 1.жалақы, табыс ¨She earns her living as a freelance journalist. – Ол фриләнс журналист ретінде күн көреді. ¨to make a good/decent/meagre living – жақсы/тәуір/болмашы табыс табу ¨What do you do for a living? – Не іс қыласың/жұмыс істейсің? ¨to scrape/ scratch a living from part-time tutoring – әр жерде сабақ беріп күн көру 2. тұрмыс салты, өмір сүру жолы/дәстүрі ¨everyday living – күнделікті тұрмыс ¨communal living – қауымдық тұрмыс ¨plain living – жай күнгөріс/тұрмыс ¨Their standard of living is very low. – Олардың тұрмыс/өмір сүру деңгейі өте төмен. ¨The cost of living has risen sharply. – Күнгөріс/тұрмыс күрт қымбаттады. ¨poor living conditions/standards – нашар тұрмыс жағдайы/деңгейі 3. the ~ тірілер, өмір сүріп жатқан жұрт ¨the living and the dead – тірілер мен өлілер 4. (BrE) (шіркеудегі) священниктік қызмет (syn: benefice)