lock [lɒk] A.v 1. ~ (smth) кілттеу, құлпылау, құлыптау, (құлпымен/кілтпен) жабу ¨Did you lock the door? – Есікті кілттедің бе? ¨The gates are locked at 6 o'clock. – Қақпа сағат алтыда жабылады. ¨This suitcase doesn't lock. – Мына чемодан(ның құлпысы) жабылмайды. 2. ~ smth (бірн-ні бір жерге қойып) кілттеп жабу ¨She locked her passport and money in the safe. – Ол паспорты мен ақшасын сейфке қойды. 3. ~ (smth) (in/into/around, etc. smth) | ~ (smth) (together) қарысу, құрсау, қозғалтпай тастау, қатып қалу, сіресу, бекіту, бұғаулау ¨The brakes locked and the car skidded. – Тежегіштер қарысты да машина тайып кетті. ¨He locked his helmet into position with a click. – Ол каскасын орнықтырып, шық еткізе бекітті. 4. be ~ed in/into smth қиын жағдайда, текетіресте қалу, -ға түсу, (бір-біріне) қасарысу ¨The two sides are locked into a bitter dispute. – Екі жақ қоймай тіресуде/салғыласуда/ қасарысуда. ¨She felt locked in a loveless marriage. – Ол махабатсыз некенің құрсауында қалғандай сезінді. 5. be ~ed together/in smth айқасып қалу, сіресіп қалу, бірін-бірі қатты құшақтау ¨They were locked in a passionate embrace. – Олар бірін-бірі ынтыға құшты/Олардың ынтыққан құшақтары айқасты. 6. ~ smth (computing) компьютердегі деректі «құлпылап», парольдеп тастау 7. (idm) *lock horns (with smb) (over smth) «мүйіздері ілінісіп қалу», біреумен текетіресу, қоймай айтысу, тсс ¨The company has locked horns with the unions over proposed pay cuts. – Компания кәсіподақтармен жалақыны азайту мәселесінде текетіресуде. 8. (phr v) *lock smb/smth away = lock smb/smth up/away *lock smb/yourself in (…) қамау, қамап тастау ¨At 9 p.m. the prisoners are locked in for the night. – Кешкі тоғызда тұтқындарды түнге қамайды. *lock onto smth (ракета, спутник ж) нысананы, сигналды тауып, ізіне түсу, бақылау *lock smb/yourself out (of smth) есікті құлпылап біреуді кіргізбей қою ¨I'd locked myself out of the house and had to break a window to get in. – Есікті өзім құлпылап тыста қалып қойған соң, терезені сындырып енуіме тура келді. *lock smb out жұмыскерлер белгілі бір талапқа көнбейінше оларды жұмыс орнына жібермей қою *lock up | lock smth up есік-терезені жабу, құлпылау ¨Don't forget to lock up at night. – Түнге қарай есік-терезені жабуды ұмытпа. ¨He locked up the shop and went home. – Ол дүкенді жапты/құлпылады да үйіне кетті. *lock smb up/away (informal) түрмеге/ абақтыға жабу *lock smth up/away a) бірн-ні қауіпсіз орынға қойып құлпылау/ жабу b) жобаға, тсс инвестиция салу, ақша құю ¨Their capital is all locked up in property. – Олар капиталдарын жылжымайтын мүлікке салған. B.n 1.құлып, құлпы ¨She turned the key in the lock. – Ол құлпыдағы кілтті бұрады. ¨It's a good idea to have locks fitted on all your windows. – Барлық терезеге құлпы орнату жақсы ой екен. 2. (көлікті, жабдықты ұрлаудан, істетуден сақтайтын) құлпы, бұғау ¨a bicycle lock – велосипед құлпысы/бұғауы ¨a steering lock – руль құлпысы/бұғауы 3. сіресіп қалу(шылық), қатып/ қозғалмай қалу (жабдықтың бөліктерінің) 4. (BrE) (көліктің алдыңғы дөңгелегінің оңға не солға) бұрылу шегі ¨I had the steering wheel on full lock. – Рульді барынша бұрдым. 5. канал(дың бір бөлігі) 6.шүйке, тұлым, бір уыс шаш, кекіл ¨John brushed a lock of hair from his eyes. – Джон көзіне суси түскен шашты қайырып тастады. ¨She kept a lock of her mother’s hair. – Ол анасының бір уыс шашын сақтап жүрді. 7. ~s (literary) шаш (кісінің) ¨long flowing locks – төгіле созылған шаш(тар)/ ұзын сусыған шаштар 8. a ~ (on smth) (NAmE) толығымен бақылау(шылық), қадағалау, уысында ұстау ¨One company had a virtual lock on all orange juice sales in the state. – Штаттағы барлық апельсин шырынының сатылуын бір компания өз уысында ұстады. 9. (idm) *lock, stock and barrel бәрін қоса алғанда ¨He sold the business lock, stock and barrel. – Ол бизнестің/кәсіпорынның бәрін түгелімен сатып жіберді. *pick a lock құлпыны кілтпен емес, сымтемірмен, шегемен, тсс ашу ¨The burglars must have picked the lock on the back door. – Ұрылар(дың) артқы есіктегі құлпыны ашып кірген болуы керек. *(keep smth /put smth /be) under lock and key құлпылап сақтау; түрмеге жабу ¨We keep our valuables under lock and key. – Бағалы бұйымдарымызды құлпылап/кілттеп ұстаймыз. ¨I will not rest until the murderer is under lock and key. – Қанішерді абақтыға тықпай тыншымаймын.