log

log [lɒg] A.n 1.дөңбек, шөрке, кеспек (жуандау ағаш кесіндісі/сынығы) ¨logs for the fire – отқа жағатын ағаш отын 2. (also logbook) (кеме, ұшақтағы оқиғаларды) тіркеу кітабы, күнделік ¨The captain keeps a log. – Капитан күнделік жүргізеді/ұстайды. 3. (informal) = logarithm B.v (-gg-) 1. ~ smth ресми тіркеу, тізімдеу (syn: record) ¨The police log all phone calls. – Полиция барлық телефондық шалуларды тіркейді. 2. ~ smth белгілі бір қашықтыққа не уақыт сапар шегу (syn: clock up) ¨The pilot has logged 1 000 hours in the air. – Ұшқыш әуеде мың сағат болған. 3. ~ smth (орманда отын үшін) ағаш кесу 4. (phr v) *log in/on (computing) компьютерде істей бастау, -ге ену ¨You need a password to log on. – Компьютерге ену үшін құпия сөз/пароль білу керек. *log smb in/on (computing) біреуді компьютер желісіне/жүйесіне енгізу, енуіне рұхсат беру ¨The system is unable to log you on. – Бұл жүйе сені/сізді енгізе алмай жатыр. *log off/out (computing) компьютердегі жұмысты бітіріп (одан) шығу ¨Log out before switching the computer off. – Компьютерді өшірер алдында жүйеден шық(қын). *log smb off/out (computing) біреуді желіден, жүйеден шығару ¨The system will automatically log you off after 30 minutes. – 30 минуттан соң компьютер сені/сізді өздігінен/автоматты түрде жүйеден шығарады.

-log (NAmE) = logue