logic [ˈlɒdʒɪk] n 1.пайым, түйсік, түсінік, ой, ой қисыны, ойлау жүйесі, логика ¨I fail to see the logic behind his argument. – Оның пікірінің неге сүйенетінін көре алмай тұрмын/Оның неге осылай пайымдайтынын ұқпай тұрмын/Оның пікірінің артында не түйсік барын ұға алмай тұрмын. ¨The two parts of the plan were governed by the same logic. – Жоспардың екі бөлігі бірдей/ұқсас ойластырылған. 2.себеп, қисын, пайым, түйсік, логика  ¨Linking the proposals in a single package did have a certain logic. – Ұсыныстарды бір пакетпен байланыстыруда белгілі бір себептер/пайым/логика/түйсік болды. ¨a strategy based on sound commercial logic – қисынды коммерциялық түйсікке/себептерге/ логикаға сүйенген стратегия ¨There is no logic to/in any of their claims. – Олардың айтқан дауларының ешқайсысында қисын жоқ. 3. (philosophy) логика, пайым, түйсік ¨the rules of logic – логика ережелері 4. (computing) логика, (белгілі бір) принциптер жиынтығы/жүйесі

-logic = -logical