logistics [ləˈdʒɪstɪks] n 1. ~ (of smth) логистика, ойластыру, ұйымдастыру, жоспар(лау) ¨the logistics of moving the company to a new building – компанияны жаңа жайға/ғимаратқа көшірудің логистикасы/ жоспары ¨In theory it’s a good idea - the logistics are the problem. – Теория жүзінде (бұл) ой – жақсы-ақ, проблема іске асыруда болып тұр. ¨We have the aid money, but the logistics of getting it to those in need are daunting. – Жәрдемге бөлінген қаражатымыз бар, бірақ оларды мұқтаж адамдарға жеткізу қиын іс болып тұр. 2. (business) логистика (тасып-жеткізу ісі) ¨A logistics firm was hired for the deliveries. – Жеткізу үшін логистика фирмасы жалданды. ¨a list of jobs available in logistics – логистика саласындағы жұмыс орындары тізімі 3.логистика (әскери операциялар кезінде тасып-жеткізу) ¨a revolution in military logistics – әскери логистикадағы революция ¨a contract to provide logistics support services to the British army – Британия әскеріне логистикалық қолдау қызметін көрсетуге контракт