long [lɒŋ] A.adj (~er [ˈlɒŋɡə(r)], ~est [ˈlɒŋɡɪst]) 1.ұзын; ұзақ, алыс (opp: short) ¨She had long dark hair. – Шашы ұзын қара еді/Оның ұзын қара шашы болды. ¨He walked down the long corridor. – Ол ұзын коридормен жүрді. ¨It was the world's longest bridge. – Ол әлемдегі ең ұзын көпір еді. ¨a long journey/walk/ drive/flight – ұзақ сапар/жүріс/көлік пен жүріс/ұшыс (ұшу) ¨We're a long way from anywhere here. – Бұл жердің кез-келген тұсынан алыстамыз/ ұзақтамыз. ¨It's a long way away. – Бұл шалғайға кететін ұзақ/алыс жол. 2. (белгілі бір ұзындықты не қашықтықты сұрағанда қолд) ¨How long is the River Nile? – Нилдің ұзындығы қанша? ¨The table is six feet long. – Столдың ұзындығы алты фут. ¨The report is only three pages long. – Есептің/Баяндаманың көлемі үш бет қана/ Есеп үш бет қана. 3. ұзақ(қа созылған), көп уақыт алған, ұзын (opp: short) ¨He’s been ill (for) a long time. – Ол ұзақ уақыттан бері ауырып жүр. ¨There was a long silence before she spoke. – Ол ұзақ үнсіздіктен соң барып сөйледі. ¨I like it now the days are getting longer. – Қазіргі күн ұзара бастаған кезді жақсы көремін. ¨a long book/film/list – көлемді кітап/ұзақ фильм/ұзын тізім ¨Nurses have to work long hours. – Күтушілер ұзақ уақыт жұмыс істейді. ¨(NAmE) He stared at them for the longest time before answering. – Жауап бермес/берер бұрын ол оларға ұзақ телмірді. 4. (белгілі бір уақытты айтқанда не сұрағанда қолд) ¨How long is the course? – Курстың ұзақтығы қанша? ¨I think it's only three weeks long. – Бұл үш апта ғана ғой деймін. ¨How long a stay did you have in mind? – Қанша боламын/ тұрамын деп ойлайсың? 5. ұзақ (opp: short) ¨I'm tired. It's been a long day. – Шаршадым. Бүгін шаруа көп болды. ¨We were married for ten long years. – Бақандай он жыл бойы некелі болдық. 6. ұзын (жең, балақ, етек) (opp: short) ¨She usually wears long skirts. – Ол әдетте ұзын юбка киеді. ¨a long-sleeved shirt – жеңі ұзын/ұзынжең жейде 7. (phonetics) созылыңқы дауыстылар (opp: short) 8. (idm) *as long as your arm (informal) өте ұзын/ұзақ ¨There's a list of repairs as long as your arm. – Жөндеу жұмыстарының тізімі созылып жатыр. *at the longest ары кетсе, көп болса, ең ұзағы, ең ұзақ дегенде ¨It will take an hour at the longest. – Бұл, көп болса, бір сағат алады/Бұған, көп болса, бір сағат кетеді. *at long last көп/ұзақ уақыттан соң, ақыры (syn: finally) ¨At long last his prayers had been answered. – Ақыры оның дұғасы құдайдың құлағына шалынды. *by a long way әлдеқайда, өте ¨He was the best by a long way. – Ол әлдеқайда үздік еді/Ешкім оның шаңына да ілесе алмайтын. *go back a long way бірін-бірі ұзақ уақыттан бері білетін ¨We go back a long way, he and I. – Бір-бірімізді ұзақ уақыттан (бері) білеміз – онымен мен/ол және мен. *go a long way (ақша, тамақ, тб ж) ұзаққа созылатын, көпке жететін ¨She seems to make her money go a long way. – Ол ақшасын ұзақ жарататын сияқты (үнемді ұстайтын сияқты). ¨A small amount of this paint goes a long way. – Мына сырдың (бояудың) азының/титтейінің өзі көп жерге/ біраз тұсқа жетеді. ¨(ironic) I find that a little of Jerry's company can go a long way. – Джерримен сәл болғанның өзі жетеді екен/Джерри тез жалықтырады екен. *go a long/some way towards doing smth бірнәрсеге қол жеткізуге көп/аз көмектесу ¨The new law goes a long way towards solving the problem. – Жаңа заң проблеманы шешуге көмегін көп тигізетін болады. ¨ideas that go some way towards reducing environmental problems – экологиялық проблемаларды еңсеруге көмегі аз ойлар/идеялар *have come a long way әжептәуір ілгерілеген, алға жылжыған ¨We've come a long way since the early days of the project. – Жобаның алғашқы күндерінен бері әжептәуір жылжыдық. *have a long way to go ұзақ уақыт қажет болу ¨She still has a long way to go before she's fully fit. – Ол бабына толық енгенше/келгенше әлі ұзақ уақыт керек. *how long is a piece of string? (BrE, informal) «бір үзік жіптің ұзындығы қанша?» (нақты жауап беру қиын дег мағ) ¨‘How long will it take?’ ‘How long's a piece of string?’ – «Бұл қанша уақытқа созылады?» «Құдай біледі». *in the long run «ұзақ/алысқа шапқанда», болашақта, кейін, алдағы ұзақ кезеңде ¨This measure inevitably means higher taxes in the long run. – Бұл шара кейін салық жоғарылайды деген сөз. *in the long/ short/ medium term ұзақ/қысқа/орта мерзімді кезеңде ¨Such a development seems unlikely, at least in the short term. – Бұндай даму, не де болса/әйтеуір қысқа мерзімді кезеңде/жақын уақытта, бола қоймайтын сияқты. ¨All our hard work will be worth it in the long run. – Аянбай істеген бар еңбегіміздің нәтижесі көп уақыттан соң білінетін болады. *it’s as broad as it’s long (BrE, informal) «ені мен ұзындығы бірдей», бәрібір, айырмашылығы жоқ *it’s a long story (informal) «бұл ұзақ әңгіме», бұл күрделі мәселе *kick smth into the long grass/into touch (BrE) мәселені ысырып қою, қарастырмай тұра тұру ¨He tends to deal with disputes by kicking them into the long grass. – Оның дауларды/ даулы мәселелерді ысырып қоя тұратын әдеті бар. *the long and (the) short of it мәселенің жалпы сипаттамасы *the long arm of smth «бірн-ң ұзын қолы», бірн-ң «құрығы», қауқары, күші ¨There is no escape from the long arm of the law. – Заңның құрығынан қашып құтылу жоқ. *(pull, wear, etc.) a long face «сопиған жүз/түр», жабырқау кейіп ¨He took one look at her long face and said ‘What’s wrong?’ – Ол оның сопиған жүзіне қарады да(ғы) «Не болған/болды?» деп сұрады. *long in the tooth (humorous, esp BrE) «тісі сояудай», қартайған, қартайып қаусаған *long on smth (informal) бірнәрсесі көп болу ¨The government is long on ideas but short on performance. – Үкіметтің идеясы/ойы/сөзі көп, ісі аз. *a long shot неғайбыл/ дүдәмал нәрсе, оң нәтиже бола қоймайтын нәрсе ¨It's a long shot, but you could try phoning him at home. – Бұдан бірнәрсе шыға қояр ма екен, дегенмен үйіне (телефон) шалып көрсең болады. ¨Chelsea are a 20–1 long shot to win the championship. – Челсидің чемпионатты ұтуға мүмкіндігі аз – 20-1 (жиырмадан бір) ғана. *long time no see (informal) «көп уақыт көріспептік» (көп уақыттан бері көрмеген адаммен сәлемдескенде айтылады) *not by a long chalk (BrE) (also not by a long shot NAmE, BrE) тіпті (де), мүлде ¨It's not over yet - not by a long chalk. – Бұл әлі біткен жоқ – тіпті де. *take a long (cool/hard) look at smth мәселеге мұқият, зерделей қарау ¨We need to take a long hard look at all the options. – Барлық варианттарды/лажды/ амалдарды зерделеуіміз қажет. *take the long view (of smth) жан-жақты қарастыру, болатын барлық салдарын зерделеу ¨Any time we set out to change our lives or the world, we have to take the long view. – Өмірімізді не әлемді өзгертпек болғанымызда, жан-жақты ойлануымыз керек. *to cut a long story short (BrE) (NAmE to make a long story short) (informal) қысқасын айтқанда, әңгімені қысқа қайырғанда ¨To cut a long story short, we didn’t get home until 3 in the morning! – Қысқасын айтқанда, таңғы 3-ке дейін үйге жете алмадық! B.adv (~er [ˈlɒŋɡə(r)], ~est [ˈlɒŋɡɪst]) 1.көп/ұзақ уақыт ¨Have you been here long? – Бұл жерде көп (уақыт) болдың ба? ¨Stay as long as you like. – Қанша тұрам десең/тұрғың келсе де тұра бер. ¨The party went on long into the night. – Той/Сауық-кеш түннің бір уағына дейін созылды. ¨This may take longer than we thought. – Бұл біз ойлағаннан ұзақ созылуы мүмкін. ¨I won't be long. – Мен қазір боламын/келемін. ¨How long have you been waiting? – Қанша күтіп отырсың(ыз)/Ұзақ күттің(із) бе? ¨These reforms are long overdue. – Бұл реформалар баяғыда жасалуы керек еді. 2. көп бұрын, ұзақ уақыт бұрын ¨He retired long before the war. – Ол соғыстан көп бұрын отставкаға/ қызметтен кеткен. ¨It wasn't long before she had persuaded him. – Ол көп ұзатпай/ созбай оны көндірді. ¨We'll be home before long. – Көп ұзамай үйде боламыз. ¨The house was pulled down long ago. – Әлгі үй баяғыда сүріліп тасталған/қиратылған. ¨They had long since moved away. – Олар баяғыда көшіп кеткен. 3.пәлен уақыт бойы ¨We had to wait all day long. – Күні бойы күтуімізге тура келді. ¨The baby was crying all night long. – Сәби түні бойы жылап шықты. ¨They stayed up the whole night long. – Олар түні бойы жатпады. 4. (idm) *as/so long as a) сөйткен бойда/сәтте, өйте сала; сонда ғана, тек қана, сөйткенде ғана ¨We'll go as long as the weather is good. – Ауа-райы жақсарған бойда/ жақсара сала жылжимыз. ¨You can go out to play as long as you stay in the back yard. – Ішкі аулада ойнасаң(дар) ғана тысқа шығасың(дар). b) өйткендіктен, себепті; бірнәрсе істеп/болып тұрғанша/тұрған кезде ¨So long as there is a demand for these drugs, the financial incentive for drug dealers will be there. – Бұл есірткілерге/ наркотиктерге сұраныс болып тұрған кезде, есірткі саудагерлерінің де ынтасы бола бермек. ¨As long as we keep playing well, we’ll keep winning games. – Осылай жақсы ойнай берсек, ойындарды ұта береміз. *for (so) long (осыншама, соншама) көп/ұзақ уақыт(қа) ¨Will you be away for long? – Көпке кетесің бе? ¨I'm sorry I haven't written to you for so long. – Ғафу ет, саған жазбағалы сондай көп болды. *he who laughs last laughs longest (saying) «соңынан күлген (кісі) ұзақ күледі», тым даңдайсыма, сенен де мықтылар болуы мүмкін дег мағ *how long have you got? (BrE) (NAmE how long do you have?) (informal) «қанша уақытың бар?» (бұны түсіндіруге көп уақыт кетеді дег мағ) ¨What do I think about it? How long have you got? – Бұл жайлы менің ойымды білгің келеді екен ғой? Бұл ұзақ-сонар әңгіме уақтың болса. *long live smb/smth (ұрандарда, тілектерде айтылады) жасасын, жасы ұзақ болсын ¨Long live the King! – Король жасасын/Королдің жасы ұзақ болсын! *no/any longer енді/бұдан әрі олай емес, жоқ ¨I can't wait any longer. – Бұдан әрі күте алмаймын. ¨He no longer lives here. – Ол енді бұнда тұрмайды. *so long (informal) сау бол (қоштасуды білд) C.v сағыну, аңсау; құштар болу, ынтығу, бірнәрсе өте істегісі келу (syn: yearn) ¨~ for smb/smth Lucy had always longed for a brother. – Люси ылғи да бауырын сағынып жүрді. ¨~ for smb to do smth He longed for Pat to phone. – Ол Пәттен сарыла телефон (шалуын) күтті. ¨~ to do smth I'm longing to see you again. – Сені тағы көргім келеді. ¨He longed to see her again. – Ол оны тағы да көргісі келіп сағынды. ¨She longed for the chance to speak to him in private. – Ол онымен оңашада тіл қату мүмкіндігін сарыла күтті. ¨She longed for him to return. – Ол оның оралғанын сарыла күтті.
long. abbr longitude