look [lʊk] A.v 1. (бірн-ге) қарау, көз салу ¨If you look carefully you can just see our house from here. – Мұқият қарасаң, мына жерден біздің үйді көре аласың. ¨~ (at smb/smth) She looked at me and smiled. – Ол маған қарады да жымиды. ¨‘Has the mail come yet?’ ‘I'll look and see.’ – «Мейл/Пошта келді ме?» «Қазір қарап көрейін». ¨Look! I'm sure that's Brad Pitt! – Қара! Анау Брәд Питт шығар-ау деймін! ¨Don't look now, but there's someone staring at you! – Қазір қарама, бірақ біреу саған телміріп тұр! 2. іздеу, қарау ¨I can't find my book - I've looked everywhere. – Кітабымды таба алмай жатырмын – барлық жерді қарап шықтым. ¨~ for smb/smth Where have you been? We've been looking for you. – Қайда жүрсің? Сені іздеп жүрміз ғой. ¨Are you still looking for a job? – Әлі жұмыс қарап/іздеп жүрсің(із) бе? ¨We’re looking for someone with experience for this post. – Бұл қызметке тәжірибелі бір адам іздеп/қарап жүрміз. 3.көңіл бөлу/бұру, назар аудару, байқау, қарау ¨~ (at smth) Look at the time! We're going to be late. – Уақытқа/Сағатқа қара! Кешігетін болдық. ¨~ where, what, etc… Can't you look where you're going? – Қай жаққа кетіп бара жатқаныңа қарауыңа/ жатқаныңды байқауға болмай ма? 4.сияқты, секілді, тәрізді болып көріну ¨to look pale/happy/tired – бозарып/шаттанып/ шаршап тұру ¨That book looks interesting. – Ана кітап қызық сияқты (көрінеді). ¨~ (to smb) like smb/smth That looks like an interesting book. – Ол/Анау қызық кітап сияқты. ¨That looks an interesting book. – Ол/Анау қызық кітап сияқты (көрінеді). ¨You made me look a complete fool! – Мені мүлде есуас еттің/етіп көрсеттің! 5. ұқсау, сияқты/ секілді/ тәрізді болу ¨~ (to smb) like smb/smth That photograph doesn't look like her at all. – Ана фотография оған мүлде ұқсамайды. ¨It looks like rain. – Жауын жауатын сияқты (болып тұр). ¨~ (to smb) as if…/as though… You look as though you slept badly. – Нашар ұйықтағандай/ ұйықтаған секілді болып (көрініп) тұрсың. ¨They don’t look like they’re trying to win. – Олардың жеңуге тырысып жатқан сыңайы жоқ. 6. сияқты көріну ¨~ (to smb) as if…/as though… It doesn't look as if we'll be moving after all. – Не болса да/Әрбірден кейін қозғалатын түріміз жоқ/сияқты емеспіз. ¨~ (to smb) like… (informal) It doesn't look like we'll be moving after all. – Не болса да/Әрбірден кейін қозғалатын түріміз жоқ/сияқты емеспіз. 7.белгілі бір жаққа қарай орналасу, бір жаққа қарау ¨The house looks east. – Үй шығысқа қарап тұр. ¨The hotel looks out over the harbour. – Қонақ үй айлақтың үстінен қарап тұр. 8. (idm) *be just looking жай/әншейін қарап жүру ¨‘Can I help you?’ ‘I'm just looking, thank you.’ – «Жәрдемдесейін бе?» «Жай қарап жүрмін, рахмет». *be looking to do smth бірнәрсе істеу жолдарын қарастыру ¨The government is looking to reduce inflation. – Үкімет инфляцияны азайту жолдарын қарастыруда. *look bad, not look good дұрыс емес/жаман сияқты көріну/болу ¨It looks bad not going to your own brother's wedding. – Туған бауырыңның үйлену тойына бармағаның дұрыс болмаған сияқты. *look bad (for smb) (біреу үшін) дұрыс емес/нашар/ жаман сияқты ¨He's had another heart attack; things are looking bad for him, I'm afraid. – Оның жүрегінің талмасы тағы ұстапты/Ол тағы инфаркт болыпты: оның жағдай нашар ма деп қорқамын. *look good жақсы/тәуір сияқты (көріну/ болу) ¨This year's sales figures are looking good. – Биылғы сату көрсеткіштері тәуір сияқты (көрінеді). *look here (old-fashioned) «мынаң ғара» (мынаған қара), бері қара ¨Now look here, it wasn't my fault. – Енді бері қара, бұл менің қатем емес. *look how/what/who… (ескерткенде, аңғартқанда қолд) ¨Look how lazy we've become. – Соншама жалқау тартқанымызды/ болып кеткенімізді қарашы. ¨Be careful climbing that ladder. Look what happened last time. – Сатымен шыққанда байқа. Өткен жолы не болғанын есіңе түсір. *look smb up and down біреуге бастан аяқ/шұқшия қарау *(not) look yourself біртүрлі көріну/болу ¨You're not looking yourself today. – Бүгін біртүрлі көрініп тұрсың. *never/not look back (informal) «кейін қарамады/қайырылмады», табыстан табысқа жете берді ¨Her first novel was published in 2007 and since then she hasn't looked back. – Оның алғашқы/тұңғыш романы 2007 жылы жарық көрді де ол сол бойы арындап жүре берді. *not much to look at (informal) «қарайтындай көп нәрсесі жоқ», онша тартымды/әдемі емес *to look at smb/smth сыртқы түріне/келбетіне қарап бағалау/ой топшылау ¨To look at him you'd never think he was nearly fifty. – Оның түріне қарап ол елуге келіп қалған/елуді алқымдаған деп ойламайсың. 9. (phr v) *look after yourself/smb/smth (esp BrE) a) (біреуге/бірн-ге) қарау, күту ¨Who's going to look after the children while you're away? – Сен/Сіз басқа жақта болған кезде балаларға кім қарайды. ¨I'm looking after his affairs while he's in hospital. – Ол емханада жатқан кезде оның шаруасына мен қараймын. ¨Don't worry about me - I can look after myself. – Мені уайымдама(й-ақ қой) – Өзіме өзім қарай аламын. b) өз пайдасын/қамын күйттеу/ойлау ¨He's good at looking after his own interests. – Ол өз пайдасын/қамын ойлағанға келгенде - мықты. *look ahead (to smth) алға/болашаққа қарау *look around/round төңірекке/айналаға қарау ¨People came out of their houses and looked around. – Жұрт/Ел үйлерінен шығып, жан-жаққа қарады. *look around/round (smth) (бір жерді қарап) аралау, аралап қарау ¨Let's look round the town this afternoon. – Кентті түстен кейін аралайық. ¨She looked round when she heard the noise. – Ол шуды естігенде бұрылып қарады. *look around/round for smth (төңіректе/әр жерде) іздеу, қарау ¨We're looking around for a house in this area. – Осы төңіректен үй қарап жүрміз. *look at smth a) шұқшию, мұқият/ зерделей қарау, тексеру ¨Your ankle's swollen - I think the doctor ought to look at it. – Тобығың ісіп кетіпті – дәрігердің тексергені дұрыс болады деп ойлаймын. ¨I haven't had time to look at the papers yet. – Газетке қарайтын уақытым болмады әлі. b) (бірн-ні) зерттеу, қарастыру, ойлау, зерделеу ¨The implications of the new law will need to be looked at. – Жаңа заңның қандай әсері болатынын зерттеу/қарастыру қажет болады. c) белгілі бір тұрғыдан қарау/қарастыру ¨Looked at from that point of view, his decision is easier to understand. – Ол тұрғыдан қарағанда/Солай алып қарағанда, оның шешімін ұғуға болады. *look back (on smth) өткенді еске алу (syn: reflect) ¨to look back on your childhood – балалық шағын еске алу *look down on smb/smth «жоғарыдан қарау», елемеу, менсінбеу ¨She looks down on people who haven't been to college. – Ол колледжде оқымағандарды елемейді. *look for smth бірнәрсеге үміттену, бірн-ден дәмелі болу, күту ¨We shall be looking for an improvement in your work this term. – Осы кезеңде/семестрде жұмысыңның жақсарғанын күтеміз. *look forward to smth бірн-ні (асыға/сағына/ елжірей) күту ¨I'm looking forward to the weekend. – Апта соңын сарыла күтудемін. ¨look forward to doing smth We're really looking forward to seeing you again. – Сенімен/Сізбен кездесетін шақты шынымен (де) күтудеміз. *look in (on smb) кіріп шығу; халын сұрап бару ¨She looks in on her elderly neighbour every evening. – Ол әр күні кешке қарт көршісіне кіріп шығады. ¨Why don't you look in on me next time you're in town? – Келесі жолы қалаға келгенде маған кіре кетпесйің бе? *look into smth тексеру, қарастыру, зерделеу ¨A working party has been set up to look into the problem. – Проблеманы зерделеу үшін мәселет шайы ұйымдастырылды. *look on қарап тұру/отыру ¨Passers-by simply looked on as he was attacked. – Біреулер оған шабуыл жасағанда жұрт жанынан қарап өте берді. *look on smb/smth as smb/smth біреуді/бірнәрсені пәлен деп санау/ойлау ¨She's looked on as the leading authority on the subject. – Ол осы мәселе бойынша үздік эксперт ретінде мәлім/Оны жұрт осы мәселе бойынша үздік эксперт ретінде таниды. *look on smb/smth with smth белгілі бір көзқараспен, пікір түйе қарау (syn: regard) ¨They looked on his behaviour with contempt. – Оның жүріс-тұрысына олар жақтырмай қарады. *look out байқа, қара (ескертуді білд) (syn: watch out) ¨Look out! There's a car coming. – Байқа! Машина келе жатыр. *look smth out (for smb/smth) (BrE) ақтару, ақтарып қарау, тінту, іздеу ¨I'll look out those old photographs you wanted to see. – Сен көргің келген ескі фотографияларды іздеп көремін. *look out for smb біреуге бас-көз болу, қарау *look out for smb/smth a) абай/сақ/ мұқият болу, байқау (syn: watch out) ¨You should look out for pickpockets. – Баукеспе ұрылардан сақтан. ¨Do look out for spelling mistakes in your work. – Жұмысыңда жазудан қате кетпеуін байқа. b) бірн-ні іздеп жүру; біреумен кездеспек болып іздеу ¨I'll look out for you at the conference. – Конференцияда сені кездестіруге тырысатын боламын. *look round (BrE) бұрылып қарау, артына қарау *look smth over бірн-ні тексеру, тексеріп қарау ¨We looked over the house again before we decided we would rent it. – Жалға/Арендаға алар алдында үйді тағы бір рет тексеріп шықтық. *look through smb байқамаған болу, ыздию ¨She just looked straight through me. – Ол маған бедірейе/білмейтін адамша қарады. *look through smth қарап, көз жүгіртіп шығу ¨She looked through her notes before the exam. – Емтихан алдында жазбаларына көз жүгіртіп алды. *look to smb for smth | look to smb to do smth (formal) біреуден жәрдем күту ¨We are looking to you for help. – Бізге сенің/сіздің жәрдемің(із) қажет болып тұр. *look to smth (formal) қарастыру, ойластыру ¨We need to look to ways of improving our marketing. – Маркетиңімізді жетілдіру жолдарын қарастыруымыз керек. *look up (informal) жақсару, тәуір бола түсу (syn: improve) ¨At last things were beginning to look up. – Ақыры жағдай жақсара бастады. *look up (from smth) басын көтеру, басын көтеріп қарау ¨She looked up from her book as I entered the room. – Бөлмеге енгенімде ол кітаптан басын көтерді. *look smb up (informal) кіріп шығу, соға кету ¨Do look me up the next time you're in London. – Келесі жолы Лондонға келгеніңде маған соға кет. *look smth up (кітаптан, компьютерден) мәлімет іздеу, қарау ¨Can you look up the opening times on the website? – Ашылатын уақтын уэб-сайттан қарап бересің бе? ¨I looked it up in the dictionary. – Сөздіктен қарадым. *look up to smb біреуге тамсана қарау; құрметтеу B.n 1. ~ (at smb/smth) қарау(шылық), қарас, көз салу ¨Here, have a look at this. – Міне(ки), мынаған қара(ңыз). ¨Take a look at these figures! – Мына сандарға/ көрсеткіштерге қара(ңыз)! ¨Make sure you get a good look at their faces. – Олардың жүздеріне дұрыстап қарап алғын. ¨One look at his face and Jenny stopped laughing. – Оның жүзіне бір қарады да Дженни күлкісін тыйды. ¨A look passed between them. – Олар бір-біріне қарады. ¨It's an interesting place. Do you want to take a look around? – Бұл жер қызық. Төңіректі аралап көргің келе(ді) ме? ¨We'll be taking a close look at these proposals. – Бұл ұсыныстарды мұқият зерделейтін боламыз. 2. ~ (for smth/smb) іздеу, қарау ¨I've had a good look for it, but I can't find it. – Кәдімгідей оны іздедім, бірақ таба алмай жатырмын. 3. жүз, қарас, қабақ, түс, ажар ¨a look of surprise – таңырқай/ таңырқаған қарас ¨He didn't like the look in her eyes. – Оның қарасы маған ұнамады. ¨She had a worried look on her face. – Жүзінде абыржу болды. ¨A doubtful look crossed his face. – Жүзін күмән есіп өтті. ¨We got a number of curious looks from passers-by. – Кейбір өткен-кеткендер бізге үңіле қарап бара жатты. 4. келбет, жүз, түр, түс, ажар, сын, көрініс, сұрық, сиық ¨It's going to rain today by the look of it. – Бүгін жаңбыр жауатындай көрініп тұр. ¨Looks can be deceptive. – Сыртқы келбет алдамшы болуы мүмкін. ¨I don't like the look of that guy. – Ана неменің сұрқы маған ұнап тұрған жоқ. 5. ~s көрік, ажар, келбет, түр, сын ¨She has her father's good looks. – Оның жүзі әкесінікіндей көрікті. ¨He lost his looks in later life. – Кейіннен оның көркінің/сынының сыры кете бастады. 6. сән, сән үлгісі/стилі, көрініс ¨The punk look is back in fashion. – Панк киім үлгісі сәнге қайта оралды. ¨They've given the place a completely new look. – Олар ол жердің келбетін мүлде өзгертті. 7. (idm) *give smb a dirty look біреуге тыжырына/ тұштиа қарау *if looks could kill… «көзбен атып өлтіру мүмкін болса», атарға оғы жоқ болу (біреудің жеккөре, ызалана қарасын білд) ¨If looks could kill, she thought, seeing the expression that came over his face when he saw her, she’d be dead on the pavement. – Көзбен атып өлтіру мүмкін болса, деп ойлады ол (әйел) оның (еркектің) өзін байқағандағы қарасын көріп, тротуарда тіл тартпай жатар едім. ¨I don’t know what I’ve done to upset him, but if looks could kill… - Оны қалай ғана ренжіткенімді білмеймін; мені атарға оғы жоқ сияқты... *take a long (cool/hard) look at smth ұзақ, баппен қарастыру, зерделеу ¨We need to take a long hard look at all the options. – Барлық мүмкіндіктерді асықпай қарап шығуымыз керек. C.excl қара, бері қара, тыңда ¨Look, I think we should go now. – Тыңда, енді кетуіміз керек деп ойлаймын. ¨Look, that's not fair. – Қара, бұл дұрыс емес.