loom [luːm] A.v 1. арбию, өңкию, бұлдырай пайда болу; төну, анталау ¨A dark shape loomed up ahead of us. – Күңгірт сұлба алдымыздан арбиды/төнді. ¨Suddenly a mountain loomed up in front of them. – Кенет олардың алдынан арбиған тау пайда болды. ¨There was a crisis looming. – Дағдарыс төніп/анталап келе жатты. ¨An economic crisis is looming on the horizon. – Көкжиектен экономикалық кризис бұлдырап көрінеді/төніп келеді/ анталайды. 2. (idm) *loom large анталау, төну ¨The prospect of war loomed large. – Соғыс төніп келе жатты. B.n тоқыма станогы