loop [luːp] A.n 1. иін, доға, айналым, бұралаң, ирең, имек, иір, ирек, иілме, қолтық; шеңбер, сақина ¨The road went in a huge loop around the lake. – Жол көлдің бойымен ұзақ айналады екен. ¨Duclair is a small town on a loop of the River Seine. – Дүклер - Сена өзенінің бір иінінде/ қолтығында орналасқан кент. 2. (арқаннан не сымтемірден істелген) күрмеу, ілмек, ілме; тұзақ, шалма, орам; шеңбер, сақина; түйдек ¨He tied a loop of rope around his arm. – Ол қолына арқанды шалып байлады. ¨Make a loop in the string. – Жіпте тұзақ/ілмек/ күрмеу жаса. ¨a belt loop – белдік өткізетін ілмек, белдік ілмегі 3. фильм көрінісінің не музыка үзіндісінің қайталана беруі 4. (computing) қайталанба/ қайталана беретін операция(лар) 5. электр ағынының толық тізбегі (цепь) 6. (BrE) иін жол, тармақ жол (негізгі жолдан тармақталып барып қайта қосылатын жол) 7. the Loop АҚШ-тағы Чикаго қаласының бизнес орталығы 8. (idm) *in the loop, out of the loop (informal) жауапты іспен айналысатын топтың ішінде/топтан шет қалған ¨A lot of people want to be in the loop on this operation. – Көптеген адамның осы операцияның/ істің өзегінде/бел ортасында болғысы келеді. ¨I've been out of the loop since I changed jobs. – Жұмысты ауыстырғандықтан, көп нәрседен хабарсызбын. *knock/throw somebody for a loop (NAmE, informal) аң-таң ету, аңырту, абыржыту, жағаны ұстату, сең соққандай ету ¨The result of the election knocked most people for a loop. – Сайлау нәтижесі көптеген адмды абыржытты/ аң-таң етті. B.v 1. (арқанды) шалу, күрмеу; ілмек, тұзақ, шеңбер сияқты пішін жасау ¨He looped the strap over his shoulder. – Ол таспаны (өз) кеудесін орай/ айналдыра байлады. ¨The horse’s reins were looped around its neck. – Аттың жүгенін мойнын айналдыра тастады. 2.иірілу, ирелеңдеу, сақиналану ¨The river loops around the valley. – Өзен алқапты айнала ағады. ¨The ball looped high up in the air. – Доп әуеде иірілді. 3. (idm) *loop the loop (ұшақ ж) аспанда шеңбер, тұзақ жасай ұшу, аспанда иірілу