loose [luːs] A.adj (~r, ~st) 1.бос, босаң, босап кеткен, қатты бекітілмеген, олқы, осал ¨a loose button/tooth – босап кеткен/босаң түйме/тіс ¨Check that the plug has not come loose. – Штепсельдің розеткадан шықпағанын тексер. 2. бос, байланбаған, бекітілмеген ¨She usually wears her hair loose. – Ол әдетте шашын түймейді/ жайып жүреді. ¨The potatoes were sold loose, not in bags. – Картоптарды қаппен емес, бос сатады. 3. бос, босап/шешіліп кеткен, байланбаған, қамалмаған ¨The sheep had got out and were loose on the road. – Қой босап кетіп/ қорадан шығып кетіп жолда бетімен жүрді. ¨The horse had broken loose from its tether. – Аттың бауы шешіліп қашып кетіпті. ¨During the night, somebody had cut the boat loose from its moorings. – Түнде біреу судағы байлаулы арқанды шауып қайықты босатып жіберіпті. 4. кең, олқы (opp: tight) ¨a loose shirt – кең жейде 5. бос, босаң, тығыз емес, нығыздалмаған, бопыр, борпылдақ; жиі емес, сирек ¨loose soil – бос топырақ ¨a fabric with a loose weave – босаң/ шілтерлей/ арасын аша тоқыған мата 6. бос, босаң, еркін, маталмаған, тығыз емес ¨a loose alliance/coalition/federation – босаң/кеңқолтық/ еркін одақ/ коалиция/ федерация ¨a loose association of artists, writers and composers – суретшілер, жазушылар мен композиторлардың еркін ассоциациясы 7. дәлме-дәл емес, еркін ¨a loose translation – еркін аударма/ тәржіме ¨loose thinking – еркін ой(лау) 8. (old-fashioned) бейәдеп, «жүгенсіз» ¨a young man of loose morals – моралі жүгенсіз жігіт 9. (sport) ыршыған, «жүгенсіз» (доп) ¨He pounced on a loose ball. – Ол ыршыған допты тепті. 10.іші өткен ¨a baby with loose bowel movements – іші өткен сәби 11. (idm) *all hell broke loose (informal) астаң-кестең, апай-топай, апыр-топыр болып кету ¨There was a loud bang and then all hell broke loose. – Қатты гүрс етті де бәрі астаң-кестең болып кетті. *break/cut/tear (smb/smth) loose from smb/smth басын босату, ажырау, өзінше кету ¨The organization broke loose from its sponsors. – Ұйым өз демеушілерінен іргесін аулақтады. ¨He cut himself loose from his family. – Ол өз отбасынан алыстады. *hang/stay loose (informal, esp NAmE) сабыр сақтау; уайымдамау ¨It's OK - hang loose and stay cool. – Жә, болды – сабыр сақтап, абыржыма(ңыз). *have a loose tongue сүйреңдеген тілі болу, аузына ие бола алмау *have a screw loose қылықтары, жүріс-тұрысы оғаш болу *let loose (BrE) (NAmE cut loose) (informal) өз бетімен болу, ешкімнің қарауынсыз емін-еркін болу ¨Teenagers need a place to let loose. – Жасөспірімдерге өздерімен-өздері болатын жер керек. *let loose smth «бірн-ні босатып жіберу», айтып салу, бұрқ ете қалу ¨She let loose a stream of abuse. – Аузынан балағат сөз ағылды. *let smb/smth loose a) босатып, шешіп жіберу, еркін жіберу ¨She let her hair loose and it fell around her shoulders. – Ол шашын бос жібергенде иығына түсті. ¨Who's let the dog loose? – Итті кім босатып жіберген? b) еркіне қою, не істесе де ерік беру ¨He was at last let loose in the kitchen. – Ақыры оның ас үйде толық еркі болды. ¨A team of professionals were let loose on the project. – Кәсіби мамандар тобына жоба толығымен табысталды. *play fast and loose (with smb/smth) (old-fashioned) жауапсыз қарау, атүсті қарау B.v (formal) 1. ~ smth (on/upon smb/smth) ағыту, жөңкіту, қаптату, босату ¨His speech loosed a tide of nationalist sentiment. – Оның сөзі ұлтшылдық пейілді қоздырды. 2. ~ smth босату, бос(аң) ету, ағыту (syn: loosen) ¨He loosed the straps that bound her arms. – Қолын айналдыра ораған таспаны босатты. 3. ~ smth (off) (at smb/smth) оқ/жебе ату C.n (idm) *on the loose қашып жүрген, ұстатпай жүрген (syn: at large (b)) ¨Three prisoners are still on the loose. – Түрмеден қашқан үшеу әлі ұстатпай жүр.