lord [lɔːd] A.n 1. лорд (Британияда ақсүйектер өкілі не лорд атағы берілген адам) ¨Lord Beaverbrook 2. Lord (Ұлыбритания жоғарғы ресми өкілдерінің атауларында қолд) ¨the Lord Chancellor – лорд-канцлер/ лорд-чанслер (Ұлыбритания сот жүйесі қызметінің сапасы мен дербестігіне жауапты ең жоғары лауазымды тұлға) ¨the Lord Mayor – лорд-мэр (Британияда) ¨Lord Justice – (Англия мен Уэльсте) Аппеляция сотының судьясы 3. My Lord (Британияда) «лордым», «қожам», «мәртебелім» (судьяға, епископқа немесе ақсүйек тобының өкіліне қарата айтылады) 4. ортағасырлық Европадағы бай, дәулетті адам, қожа ¨a feudal lord – феодал бай-манап ¨the lord of the manor – иелік қожасы 5. (usually the Lord) жаратқан ие, жаратушы, раббы (христиандықта құдайға не Иисус Христосқа (Иса Масиһ) қаратып айтылады) ¨Love the Lord with all your heart. – Жаратқан иені бар жүрекпен сүй(іңдер). 6. Our Lord жаратқан иеміз, жаратушымыз, раббымыз 7. the Lords = House of Lords ¨The Lords has/have not yet reached a decision. – Лордтар палатасы әлі шешім қабылдамады. 8. (idm) *(as) drunk as a lord (BrE) (NAmE (as) drunk as a skunk) (informal) удай мас, өте мас *(good) Lord!, oh Lord! о құдай(ым-ай)! (таңырқағанды, аңтарылғанды, абыржуды білд) ¨Good Lord, what have you done to your hair! – Құдай-ай, шашыңа не істегенсің! *Lord knows… құдай куә, құдай біледі ¨Lord knows, I tried to teach her. – Құдай куә, оны оқытып/оған сабақ беріп көрдім. *Lord (only) knows (what, where, why, etc.)… (informal) құдай біледі, кім білген (мүлде білмеймін дег мағ) ¨‘Why did she say that?’ ‘Lord knows!’ – «Ол неге өйдеді?» «Құдай біледі». *year of grace, year of our Lord (formal) Иисус туғаннан кейінгі, біздің эрамыздағы жылдардың бірі B.v (idm) *lord it over smb (disapproving) басқаларды мінеу, шікірею, мұрнын шүйіру ¨A good manager does not try to lord it over his or her team. – Жақсы басқарушы қарамағындағыларды мінемейді.