lose [lu:z] v (lost, lost) 1. ~ smb/smth жоғалту, жоғалтып алу; адасу (syn: mislay) ¨I've lost my keys. – Кілттерімді жоғалтып алдым. ¨The tickets seem to have got lost. – Билеттер жоғалып қалған сияқты. ¨She lost her husband in the crowd. – Ол ығы-жұрттың ішінде күйеуінен адасып қалды. 2. ~ smb/smth айырылу, жоғалту ¨to lose your hair/teeth – (қартайып) шашынан/тісінен айырылу/-н жоғалту ¨He's lost his job. – Ол жұмысынан айырылды/-н жоғалтты. ¨Some families lost everything in the flood. – Тасқын кезінде/Су жүргенде кейбір жанұялар бар дүниесінен айырылды. ¨The ship was lost at sea. – Кеме теңізде батып кетті/жоғалды. ¨Many people lost their lives – Көптеген адам өмірінен айырылды. 3. ~ smth (to smb/smth) есе жіберу, ұтылу, айырылу ¨The company has lost a lot of business to its competitors. – Компания бәсекелестеріне көп есе жіберді/ ұтылды. 4. ~ smth айырылу, сақтай алмау ¨You will lose your deposit if you cancel the order. – Заказдан айнысаң(ыз), депозитіңнен/-іңізден айырыласың(ыз). ¨Sit down or you'll lose your seat. – Отыр, әйтпесе орныңнан айырыласың. 5. ~ smth азаю, жоғалу ¨He lost his nerve at the last minute. – Соңғы сәтте оның шыдамы таусылды. ¨She seemed to have lost interest in food. – Оның тамаққа деген тәбеті жоғалған сияқты көрінді. ¨At that moment he lost his balance and fell. – Сол сәтте ол тәлтіректеп барып, құлады. ¨I've lost ten pounds since I started this diet. – Осы диетаны ұстағалы бері үш кг жоғалттым/ арықтадым. ¨The train was losing speed. – Пойыздың жылдамдығы азайып бара жатты. 6.жеңілу, ұтылу ¨~ smth (to smb) to lose a game/a race/an election/a battle/a war – ойында/жарыста/ сайлауда/ ұрыста/ соғыста ұтылу ¨~ to smb We lost to a stronger team. – Мықтырақ командадан ұтылдық. ¨~ (smth) (by smth) He lost by less than 100 votes. – Оған жүзден аз дауыс жетпей ұтылды. 7. жоғалту, айырылу ¨~ smth The business is losing money. – Кәсіп/Іс кері кете бастады. ¨Poetry always loses something in translation. – Поэзия тәржімеде әйтеуір бірдеңесін жоғалтады. ¨~ smth (on smth /by doing smth) You have nothing to lose by telling the truth. – Шындықты айтқаннан жоғалтар еш нәрсең жоқ. ¨~ on smth /by doing smth We lost on that deal. – Контрактіден зиян шектік. ¨~ smb smth His carelessness lost him the job. – Салақтығы жұмысынан айырды. 8. ~ smth естілмей қалу, түсініксіз болып қалу ¨His words were lost in the applause. – Ду қол шапалақ сөзін естіртпеді/ шапалақта сөзі естілмей қалды. 9. ~ smb (informal) түсіне/ұға алмай қалу ¨I'm afraid you've lost me there. – Мені ұға алмай жатырсың(ыз)-ау деймін. 10. ~ smb/smth қашып, сытылып кету (syn: evade, shake smb off) ¨We managed to lose our pursuers in the darkness. – Қараңғыда бізді қуғандарды адастырып кеттік. 11. ~ smth уақыт не мүмкіндік жоғалту ¨We lost twenty minutes changing a tyre. – Дөңгелекті ауыстырамыз деп жиырма минут жоғалттық. ¨Hurry - there's no time to lose! – Тез бол – уақыт кетіп барады! ¨He lost no time in setting out for London. – Ол жылдам Лондонға аттанды. 12. ~ (smth) (сағат тілі ж) қалу, қалып қалу (opp: gain) ¨This clock loses two minutes a day. – Бұл сағат күніне екі минут қалады. 13. (idm) *lose it (informal) өзіне-өзі ие бола алмай қалу; жінігіп кету ¨Then she just lost it and started screaming. – Ол өзіне-өзі ие бола алмай шыңғыра бастады. 14. (phr v) *lose yourself in smth бірнәрсеге барынша, толығымен зейін/көңіл қою *lose out (on smth) (informal) дегеніне жетпеу, ұтылу ¨While the stores make big profits, it's the customer who loses out. – Дүкендер молынан пайда тапқанмен, ұтылып жатқан тұтынушылар болуда. *lose out to smb/smth (informal) ұтылу, есе жіберу ¨Small businesses are losing out to the large chains. – Шағын кәсіпорындар/ бизнестер ірі компанияларға ұтылуда/ есе жіберуде.