loser [ˈluːzə(r)] n 1.ұтылушы, жеңілуші, есе жіберуші; сәтсіздікке ұшыраушы ¨winners and losers – жеңгендер мен жеңілгендер ¨He’s a good/bad loser. – Ол жеңіле біледі/білмейді. ¨If the strike continues, the people of Galway will be the real losers. – Ереуіл жалғаса беретін болса, нағыз ұтылатын Голуэйдің халқы болмақ. ¨The real losers in all of this are the students. – Осының бәрінде ұтылған студенттер болды. 2. жолы болмаған, ісі оңға баспаған, табыссыз адам, бейбақ, байғұс, сормаңдай, сорлы ¨She's one of life's losers. – Ол - өмірде жолы болмаған адам(нің бірі). ¨He's a born loser. – Ол туа/тумысынан бейбақ болған/Ол байғұс болып жаралған.