loss [lɒs] n 1.жоғалту(шылық), айырылу ¨I want to report the loss of a package. – Пакеттің жоғалғанын хабарлағым келеді. ¨loss of blood – қан кету/жоғалту ¨weight loss – салмақтың түсуі/ жоғалуы ¨The closure of the factory will lead to a number of job losses. – Заводтың жабылуы біршама жұмыс орнын қысқартатын болады. ¨a sense of loss – жан-дүниесінің қаңырап қалуы ¨loss of earnings – табысын жоғалту/ табысынан айырылу 2. шығын, нұқсан, зиян, залал, зарар (opp: profit) ¨The company has announced net losses of $1.5 million. – Компания $1.5 млн таза шығынға ұшырағанын мәлімдеді. ¨We made a loss on the deal. – Контрактіден зиян шектік/ шығынға ұшырадық. ¨We are now operating at a loss. – Қазір зиян шегудеміз. 3. өлім, қайтыс болу, қаза ¨The loss of his wife was a great blow to him. – Әйелінің қайтыс болуы оны есеңгіретіп кетті. ¨Enemy troops suffered heavy losses. – Жау әскері оңбай шығынға батты/Жау әскері көп өлім-жітімге ұшырады. ¨The drought has led to widespread loss of life. – Қуаңшылық талай өмірді жалмады. 4. қиындық, жоғалту(шылық), ұтылыс ¨Her departure is a big loss to the school. – Ол кетіп мектеп ұтылатын/ қиналатын болды. ¨She will be a great loss to the school. – Ол кетсе, мектеп ұтылатын болады. ¨If he isn't prepared to accept this money, then that's his loss. – Оның мына ақшаны алғысы келмейді, онда оның ұтылғаны. 5.жеңіліс, ұтылыс, ұтылу ¨Brazil’s 2 - 1 loss to Argentina – Бразилияның Аргентинадан 2-1 есебімен ұтылуы/ ұтылысы 6. (idm) *at a loss сасқан, сасып қалған, аң-таң болған, ойсыраған, не істерін я айтарын білмеген ¨His comments left me at a loss for words. – Оның айтқандары мені аң-таң етті. ¨I'm at a loss what to do next. – Енді не істерімді білмей тұрмын. *cut your losses шығынды доғару, өнбеген істі доғару ¨I decided to cut my losses and move back to England. – Бұдан әрі шығынданбай Англияға оралуға ұйғардым.